САБАҚ: қазақ тілі Т1
№ 1-2
|
Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ
|
|
Күні: 07-08.10.2016
|
Мұғалімнің аты-жөні:Калиева А.М.
|
Сынып: 9 а в с d
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтыңтақырыбы
|
Дәстүр мен мәдениет
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
О4 Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады, шешім қабылдайды.
Ж9 Таңдаған стиль түрін қолдана отырып, қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-мәдени тақырыптарға қатысты сын тұрғысынан (ресми, бейресми) іскерлік хат, жолдау хат жазады.
|
Сабақтыңмақсаттары
|
Көзқарастарды дәлелдеп, шешім шығарады, жолдау хат жаза алады.
|
Жетістік критерийлері
|
-мәтін негізіндегі көзқарастарды оқып-талдайды;
-көзқарастар бойынша шешімге келеді;
-өз көзқарасын дәлелдейді;
-критерийлерге сай, жолдау хат жаза алады.
|
Тілдік міндеттер(соның
ішінді (ЖА) жаһандық
азаматтықтың негізгі
элементтері):
|
ЖА білу және түсіну:
Адамдар мен мәселелер туралы өзге және басқа ұсыныстарды талдау
ЖА құндылықтары:
Адамзаттың дамуы мен технологияның дамуындағы байланысты түсіну
ЖА дағдылары:
Басқа адамдардың даралығы мен өзіңнің даралығыңды бағалау
Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық
|
Пәнаралықбайланыстар
|
Әдебиет, өнер, тарих
|
Осығандейінмеңгерілгенбілім
|
Ертегі-аңыздар
|
Жоспар
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
1 сабақ
|
1.Сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері анықталады.
Оқылымалды тапсырмасы:
-Қалай ойлайсыңдар, халқымыздың барлық салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды ма?
-Оның себебі неде?
Оқылым тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс. Оқу, мазмұнын, негізгі ойын түсіну.
Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса (айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және т.б.), кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.
Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.
Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.
Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс.
Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.
Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.
Пікірлер
Нұржігіт Айдархан
29 қараша 2013, 02:36
Мыналардың біразы біздің жақта, оңтүстікте әлі бар. Тек кейібірі басқаша аталады. Әзір ұмтыла қоймады. Шүкір
Динара Ахметжанова
03 наурыз, 21:57
Cәлеметсіз бе!!! Мен сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. Әрине, қазіргі уақытта көптеген қазақ халқының салт - дәстүрлері ұмытылып бара жатыр. Осындай кең аудиториялы сайтқа ұмытылып бара жатқан дәстүрлер мен салттар туралы жазғаныңыз үшін алғысымды білдіремін!
Бақжан Рахым
03 наурыз, 23:07
Мен сіздің ойыңызбен толық келісемін. Иә, осы дәстүрлердің бәрін дерлік біз ұмытып кеткенбіз. Қазіргі мына технология мен техника дамыған заманда бұл салт -дәстүрлер қайдан есте қалсын. Сізге айтар ұсынысым. Егер сіз осы салт-дәстүрлер қайда сақталғанын және сол тозығы жеткен дәстүрлерді қайта жандандырудың жолдарын жазсаңыз,мақалаңыз одан да қызық болар еді.
Әділет Садық
04 наурыз, 19:05
Мақалаңыз мәні зор екен. Өзекті мәселені қозғапсыз. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы басым бағыттарының бірі – мәдениетті дамыту. Мәдениетті,дәстүрді және даралықты қайта өркендету арқылы біз ұлтымызды өркендетеміз. Дәстүр менмәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Оқылым соңы тапсырмасы:
Топтық жұмыс. Көзқарастар картасын сызу. Оны дәлелдеп, қорытынды шығару.
Жұптық жұмыс. Соңғы көзқараста айтылған ойды өрбіту; өз пікірімен қорытындылау.
Бағалау. Критерийлер бойынша.
Рефлексия.
|
|
2 сабақ
|
1.Сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері анықталады.
2.Қызығушылықты ояту.
-Балалар, жолдау хат дегенді қалай түсінесіңдер?
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 2015 жылғы 30 қараша
Құрметті отандастар!
Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.
Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!
Қымбатты қазақстандықтар!
Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Алға, Қазақстан!
Топтық жұмыс. Оқушылар топта бірнеше тақырыптар бойынша жолдау хат дайындап, спикер сөйлейді.
Тақырыптар:
1.Мектепте дәстүрлі түрде өтетін "Денсаулық" күніне директор атынан қала мектептері басшыларының атына жолдау хат жазып, оқушыларды қатыстыру керек екенін жеткізіңіз.
2.Нұр Отан Партиясы атынан "Мәңгілік Ел" республикалық акциясын өткізуге халыққа жолдау хат жазыңыз.
3.Мәдениет үйі директорының атынан қайырымдылық концертін өткізу туралы қала әкімдігіне жолдау хат жазыңыз.
|
|
Сабақтың соңы
|
Бағалау. Критерийлер бойынша
Рефлексия.
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайтапсырмаберудікөздепотырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардыңақпараттықаншалықтымеңгергенінқалайтексересіз?
|
Пәнаралықбайланыс
Қауіпсіздікережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелік элемент)
|
|
|
|
|
|
Ойлану
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма?
Бүгіноқушыларненіүйренді? Сыныптағыоқуатмосферасықандайболды? Дифференциацияныжүзегеасыруқолымнанкелдіме? Мен жоспарланғануақытымдыұстандым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?
|
Төмендеберілгенбөлімді осы сабақтуралыойларыңыздыжазуүшінпайдаланыңыз. Солжақбағандаберілгенсабағыңызғақатыстыеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз.
|
|
|
|
Жалпыбаға
Сәттіөткенекінәрсеніатапкөрсетіңіз (сабақ беру жәнеоқытуғақатысты)?
1:
2:
Қандайекінәрсесабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (сабақ беру жәнеоқытуғақатысты)?
1:
2:
Осы сабақбарысындасыныпнемесежекеоқушылартуралыменіңкелесісабағымадайындалуүшінқажетболуымүмкінқандайақпараталдым?
|
|
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
– Мидиялықтардың патшасы! дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш.
Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.
Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.
Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!
Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.
Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.
Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.
Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді.
Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.
Mariya, on Қаңтар 11, 2009 at 1:16 pm said:Томирис – қазағымның қыздарының мінезі ғой. Мың жылдан астам өтседе сол қалпы. Қазақ халқы ешқашан өз қыз-келіншектерін төмендетпей, сыйлап ұстаған. Тек сондай ғана жағдайда Томирис, Гауһар, Бопай, Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыз дүниеге келеді…
Осы сайттаға ақпараттар үшін сайт иесіне көп рахмет!!!
Замира, on Қазан 30, 2010 at 5:19 pm said:Массагет – ол Томиристин елі!
Amang..., on Ақпан 1, 2011 at 6:47 pm said:Осындай білектің күшімен, найзаның ұшымен қоргап, ұрпағына қалдырып кеткен елде өмір сүріп жатқан бауырлар, бабалар ерлігін ұмытпау керек!!!
әсет, on Сәуір 3, 2011 at 4:55 pm said:осы неге сол сақтардың батыры және Томиристің жолдасы РУСТАМның елестетуге тұрмас шайқастары және ерліктерін сонымен қоса Томиристің Әкесі Спаргапистің ерліктері еш жерде жазылмайды , және Томирис өте әдемі болған деседі оның саясатына да таңғалам,
saitiesinekoprahmet.
томирис, on Шілде 25, 2011 at 9:31 am said:көріп отырғандарыңыздай есімім Томирис мен есіміме байланысты көп дерек жинақтадым және сол жөнінде ғылыми жоба дайындамақпын қанша дерек жинасамда әлі жеткіліксіз сондықтан көмек берулеріңізді сұраймын
ZharkynbekZhalgasbayev, on Желтоқсан 21, 2015 at 5:20 pm said:Неткен керемет тарих дерегі!
Достарыңызбен бөлісу: |