Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Тест, Венн диаграммасы, сың тұрғысынан ойлау технологияның элементтері.
Көрнекілігі: Проектор, тірек-сызбалар, кестелер, карточкалар.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Командалық таныстыру
ІІ.Ой қозғау (нені білеміз?)
1.Миға шабуыл (оқушыларға сұрақтар беріледі)
2.Тірек -сызбамен жұмыс
ІІІ.Ой қорыту
1.Тест сұрақтары
2.Биологиялық эстафета
3. Венн диаграммасы
Сергіту сәті. «Балық аулау» ойыны(балықтың суретіне қарап атын табу).
ІV. Ой дамыту (шығармашылық жұмыс)
1.Тапқыр болсаң...(мақал-мәтел)
2.Рефлексия “екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша”
3.Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Командалық таныстыру: Оқушылар сандықтың ішінен екі түсті карточкаларды алып, топқа бөлінеді. Топпен келісіп топқа ат қояды.
ІІ.Ой қозғау (нені білеміз?)
1.Миға шабуыл (оқушыларға сұрақтар беріледі)
1 топқа
1.Омыртқа жотасы деген не және ол қандай бөлімдерден тұрады?
2.Шеміршекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?
3.Балықтардың өзі қандай кластарға бөлінеді?
4.Жақсүйексіз омыртқалылар класы?
5.Латимерия
2 топқа
1.Омыртқалылар қандай белгілеріне қарап салқынқандылар және жылықандылар деп бөлінеді?
2.Омыртқалыларды ұрығының даму ерекшелігіне байланысты қандай топтарға бөледі?
3.Омыртқалылар дене температурасына байланысты қалай бөлінеді?
4.Бекіретектес балықтардың өзіне тән қанда белгілері бар?
5.Сүйекті балықтардағы ерекше мүше?
Достарыңызбен бөлісу: |