Жаңа сабақтың мақсаттарымен таныстыру, оқу мақсаты тақтаға ілінеді. Бұл сабақта оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштар тәрізді жаңа ұғымдармен танысады, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қарастырады.
«Джигсо» әдіс-тәсілін пайдаланып тақырыпты талдау: Оқушылар оқулықтан тақырыпты топ бойынша жұптасып,
топтасып оқиды, суретін салады және талдау арқылы бұрыш және оның түрлерін байланыстыра отырып жаңа сабақтың мазмұнын ашады.
1-топ. Сыбайлас бұрыштар
2-топ. Вертикаль бұрыштар
3-топ. Сыбайлас, вертикаль бұрыштардың қасиеттері
Топта талқылап топ мүшелерінің ішінен бір оқушы қалған топ мүшелеріне түсіндіреді. Бір – біріне сұрақтар қойылады.
Дескриптор:
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымын біледі
Сызбасын сала алады
Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиетін біледі