Сабақтыңтақырып ХV тарау. Балықтар класүсті



бет1/2
Дата30.05.2017
өлшемі198,43 Kb.
#17187
  1   2

Сабақтыңтақырып

ХV тарау. Балықтар класүсті

§38 Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.




Биология пәнінен қысқы мерзімді жоспар

7 сынып



Мақсаты

1. Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту.
3. Оқушылардытабиғаттықорғауға, аялауғажан – жануарларғақамқорлықжасауғатәрбиелеу.

Күтілетін

нәтиже

Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі

Оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдер

Жеке, жұппен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау),  әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету),демонстрация,  түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық  технология),

оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас, түсіндіру(диалогтік оқыту

«Адасқан әріптер» ойсергек №6 зертханалық жұмыс.

Тест жұмысы



Негізгі деректер

Көздері.

Р.Сәтімбекұлы «Хордалылар зоологиясы»

бойынша тест сұрақтар



кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру


1.Сынып оқушыларын түгендеу,белгілеу

анықтау
Психологиялық тренинг

«»


Жинақталып сабаққа көңіл аудару.


Тапсырма

Жаңа сабақ

(Жаңа сабақ материалы)



Сабақты бекіту

беру.


Рефлексия

(3 мин)



1 Үй тапсырмасын тексеру:  : Қызығушылықтарын ояту.

Кестені тексеруын тексеру.

Сұрақтар: «Балық аулау» стратегиясы.

1.қандай жануарларды желілілер деп атайды?

2.Желілілердің қандай тип тармағы бар?

3.жақсүйексіздер дегеніміз не.?

4.Денелерінің температурасына қарай жануарлар нешеге бөлінеді?

ІІ. Мағынаны тану:Сыртқы құрылысы:

Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер.

 


  1. Ішкі құрылысы:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

 


  1. Түрлері:

Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар:

 


  1. Сәулеқанаттылар , негізгі отрядтары –

    • бекіретәрізділер

    • майшабақтәрізділер

    • албырттәрізділер

    • сетінектер

    • көзауықтар

    • тұқытәріздестер

 

  1. Қалаққанаттылар , негізгі отрядтары –

    • қостынысты балықтар

    • саусаққанатты балықтар (латимерия)

1 тапсырма

Балықтарға тән белгілер

Әдістерін оқушыларға өз беттерімен тауып осы кестені толтыруларын қадағалау.



Сергізу сәті.

  1. Ой қозғау: 2. Тапсырма : Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
    Хабхат.............................
    Батан.............................
    Кеңөм...............................
    Азанс.............................
    Іебрек..............................
    Нартош............................

Үйге тапсырма : §38 оқу.

Бағалау.  INSERT оқу стратегиясы

Кері байланыс: стикерлерді алып ,артына осы сабаққа деген оқушылардың пікірлері,ұсыныстарын жазулары керек.

 Тақырып бойынша түйін шығарту.




Дәптерге жазу

Парақшаға жазу

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.


Оқушылар өз пікірлерін жазады.

балықтарда.


D. Қостыныстыларда.
E. Бекірелерде.
5. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?
A. Алабұғада.
B. Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама

Жарияланды 2-08-2013, 07:24 Категориясы: Биология 

Биология
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы туралы жалпы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында т8с3н3к бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сүйекті балықтардың таралу аймақтарымен таныстырып, ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, зоология, ихтиология, информатика

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Мақсат қою кезеңі
Балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтардың ерекшелігі
Сүйекті балықтардың класс тармақтары мен отрядтары

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі


Сүйекті (костные) балықтардың қазіргі кезде 20 000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ ірі қабыршықтармен қапталған. Қабыршықтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы миы шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу.
Интерактивті тақтадан «Балықтар әлемі» туралы видеоролик көрсетіледі.

ІҮ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі


І. Балықтың ішкі құрылысы жайындағы сурет – тапсырманы интерактивті тақтадан орындайды. Онда ішкі құрылысындағы мүшелері бағыттауыштармен ғана беріледі, оқушы атауларын өздері жазады.

ІІ. Тірек – сызбаларды орындайды.

Жүзбеқанаттар

(Арқа қанат, құйрық қанат, жұп көкірек, жұп құрсақ, аналь қанаты)

ІІІ. Сүйекті балықтардың класс тармағы

Сәулеқанаттылар
Қалаққанаттылар
Қостыныстылар
Саусаққанаттылар

ІҮ. Сәйкестендіру тесті


Патша балық ----------------------- бекіре
Өрістегіш ---------------------------- бахтах
Бір рет уылдырық шашады ---- мөңке
Марқакөл балығы ---------------- латимерия
Торсылдақ -------------------------- теңіз алабұғасы
Қосжынысты балық -------------- сүйекті балықтар
Саусақққанатты балық ---------- жеңсік албырт

Ү. Балықтарға байланысты айтылған халықтық ұғымдарды, мақал - мәтелдерді талдап түсіндіру.


1. «Бекіренің бал татыған еті»
2. «Бекіренің бес кеспесі»
3. «Бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды»
4. «Балдырлы көлде балық көп»
5. «Балық басынан шіриді»

Ү. Бекіту кезеңі


«Шығармашылық жұмыс»
Оқушыларға балықтардың көбеюі, бекіре балығының кәсіптік мәні, Қызыл кітапқа енген балықтар туралы тапсырмалар берілген болатын. Енді тақтаға сол оқушыларды шығады.

«Балық аулайық!» ойыны.


Артында сұрақтар жасырылған әртүрлі балықтардың суретін таңдау арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, балық ауланады.
• Құрамында «Д» витамині мол май алынатын балықтарды ата
• Қызыл уылдырықты балық
• Ауыздары иттің аузына ұқсайтын жыртқыш балықтар
• Уылдырығын қыста шашатын балық
• Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық
Балық патшасы
• Екі көзі де денесінің бір ақ жағында орналасқан балық

«Кім жылдам?» ойыны


Оқушылар ауланған балықты қайтадан суға жібереді.
Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
Сүйекті балықтардың қандай класс тармақтары бар?
Сүйекті балықтарда алғаш рет не пайда болған?
Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
Майшабақ тәріздестер отрядына жататын балықтардың түрлерін ата
«Кім көп біледі?» ойыны.
Бір оқушы тақтаға шығып, сынып оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім тақтаға бір сөз іледі, ал оқушылар сол сөзге анықтама береді. Тақта алдында тұрған оқушы оның қандай сөз екенін табады.

Сүйекті балық ----- Латимерия


Торсылдақ --------- Сетінектер (треска)
Шоғал --------------- Қызыл кітап
Уылдырық --------- Жеңсік албырт
Бекіре --------------- Табан

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра


Хабхат
Батан
Кеңөм
Азанс
Ісбрек
Нартош

Сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қояды


Сүйекті балықтар

1. қорытпа, шоқыр, пілмай, латимерия,


2. Жұпбалық, тұтасбас, акула
3. терісі ірі қабыршақтармен қапталған
4. терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған
5. желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар
6. желбезек саңылауы тікелей сыртқа ашылады
7. тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.
8. тұмсығы алға созылыңқы
9 торсылдағы болады
10 клоакасы бар
11 аналь тесігі бар
12 іштей ұрықтанады
13 сырттай ұрықтанады
14 уылдырығының саны көп
15 уылдырығының саны аз

Тест жұмысы


1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты миының қай бөлімі жақсы дамыған?
A. Алдыңғы ми.
B. Аралық ми.
C. Ортаңғы ми.
D. Мишық.
E. Жұлын.
2. Алабұғаның қай жүзу қанаттары бас сүйегімен жалғанып жатады?
A. Құйрық қанаттары.
B. Құрсақ қанаттары.
C. Көкірек қанаттары.
D. Арқа қанаттары.
Е. Аналь жүзбе қанаты.
3. Балықтың омыртқаларының үстіндегі доғасынан түзілген омыртқа жотасының каналында не орналасқан?
A. Хорда.
B. Жұлын.
C. Арқа ортасы.
D. Құрсақ ортасы.
E. Қуыс көктамыр.
4. Қандай балықтарда желбезек қақпағы болмайды?
A. Сүйекті балықтарда.
B. Шеміршекті балықтарда.
C. Саусаққанатты Шортанда.
C. Акулада.
D. Трескада.
E. Жайын балықта.
6. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?
A. Мальпиги түтіктері.
B. Бүйрек.
C. Жүрек.
D. Ішек.
E. Өкпе.
7. Алабұғаның желбезек жапырақшалары қай жерінде орналасқан?
A. Желбезек қақпақшаларында.
B. Желбезек доғасында
C. Дене қуысында.
D. Жүзу қанаттарында.
E. Бас сүйегінде.
8. Қандай сезім мүшесі балықтарға тән?
A. Есту мүшесі.
B. Көзі.
C. Бүйір сызығы.
D. Дәм сезу.
E. Иіс сезу.
9. Алабұғаның желбезек қақпақшасы қандай қызмет атқарады?
A. Тірек қызметін.
B. Зәр шығару.
C. Дәм сезу.
D. Нәзік желбезектерді сырт жағынан қорғап, жауып тұрады.
E. Кез - келген газдарды өткізеді.
10. Алабұғаның ас қорыту жүйесінің қай бөліміне бауыр мен ұйқы безінің жолдары ашылады?
A. Өңеш.
B. Қарын.
C. Ащы ішек.
D. Клоака.
E. Артқы ішек.
11. Балықтың жүрегі неше камералы?
A. Үш камералы.
B. Екі камералы.
C. Төрт камералы.
D Бір камералы..
E. Көп камералы.
12. Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық – шоғал, ол не?
A. Жұмыртқа жасушасының өнімі.
B. Аталық бездің ұрығы.
C. Уылдырықтар.
D. Нәжістер.
E. Шабақтары.
13. Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне жалғасады?
A. Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйірінде.
B. Омыртқаның құйрық бөлігіне.
C. Үстіңгі доғаға.
D. Астыңғы доғаға.
E. Көкірекке.
14. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?
A. Бекіре.
B. Акула.
C. Алабұға.
D. Латимерия.
E. Сом.
15. Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталды?
A. Бассүйек.
B. Омыртқа жотасы.
C. Жүзбеқанаты
D. Жұлын.
E. Құйрық жүзбеқанаты.
16. Латимерия алабұғадан қай мүшелерінің құрылысы арқылы ерекшеленді?
A. Көздерімен.
B. Жұптасып орналасқан жүзу қанаттарымен.
C. Желбезек қақпақшасымен.
D. Жақтарымен
E. Дара жүзбеқанаттарымен.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі


Сүйекті балықтар денесі қабыршақпен қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпалары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар алғаш суда өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар.

ҮІІ. Бағалау кезеңі ( жетон арқылы )


Әр оқушының жетонын есептеп орташа балл шығарады.

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі


§52. Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
«Бекіре» тақырыбында реферат жазып келу



Балы





Білемін

Білгім келеді

Үйрендім














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет