13.02.2017 6- 7 сыныптар
Тақырыбы: «Қазақтілін үйренемін»
Мақсаты:Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіңе үйрету.
Сабақтыңтүрі: Викторина
Әдіс – тәсілдер:ойын, сұрақ – жауап, көрнекілік
кеспелер, слайдтар.
Көрнекілігі : презентация, слайдтар
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар. Сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр.
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі – қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма? Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларың шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Бүгін сайыста екі топ қатысады. Бірінші топ «Тапқырлар »деп аталады, ал екінші топ «Ойшылдар»деп аталады
Сайыс 6 бөлімнен тұрады:
1-бөлім «Жедел жауап»
2-бөлім «Кім жылдам?»
3-бөлме «Қызықты ұйқастар»
4-бөлме «Тіл - өнер»
5- бөлме «Тапқыр болсаң – тауып көр».
6 – бөлме «Бәрін білгім келеді»
Сыныптан тыс шарамызды бастамас бұрын, оқушыларды әділ бағалайтын әділқазылар алқасын ортаға шақырайық.
1 бөлім. «Жедел жауап».
Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
1 топ.
1. Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)
2. Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды? (наурыз)
3. «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
4. Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев)
5. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
6Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
7. Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
8.Қазақстан қандай мемлекет?
2 топ.
1. Қыс айларың атаңдар? ( желтоқсан, қаңтар, ақпан )
2.Қазақтың үш биін атаңдар. ( Төле би, Айтике би, Қазыбек би )
3.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? ( Ыбырай Алтынсарин )
4.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? ( Маншук Маметова, Алия Молдагулова )
5.Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим )
6.Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)
7. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)
8.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)
• Екінші бөлім «Кім жылдам?»
Бұл бөлімде берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса, сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
МӨСЛЙЕ – СөйлемАШТАМА– тамаша
УҒАЛЖА – Жалғау ЕРЖ - жер
ЗСӨ – Сөз ПЕКЕМТ - мектеп
ҚАБАС – Сабақт НЕЛКҮ - үлкен
• Үшінші бөлім «Қызықты ұйқастар»
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
1.Игра-ойын, шея-…(мойын).
2.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
3.Число-сан, кровь- ...(қан).
4.Молоко-сут, жди-… (күт).
5.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
6.Таможня- кеден, пол-...(еден).
• Төртінші бөлім «Тіл - өнер»
Ойынның шартты : Мақал – мәтелдерді толықтырып айтыңдар.
І топ :
1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).
3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).
4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).
5.Тіл-қылыштан ...(да өткір).
6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).
2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).
3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).
4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).
6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).
Бесінші бөлім «Тапқыр болсаң – тауып көр».
І топ:
1.Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. ( көз, eyes )
2. Күндіз шайқасады, түнде айқасады. ( кірпік eyelashes)
3. Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі ( бес саусақ fingers )
4. Іші жұмсақ, сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті. ( қарбыз watermelon )
5. Ерте тұрады, жар салады. ( қораз cock)
ІІ топ:
1. Асқар тауда қара орман ( адамның шашы hair)
2. Екі бала қатар тұрса да, бірін – бірі көрмейді ( көз eyes)
3. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді ( ерін lips)
4. Бір үйде көп бала, біреуі – көк бала, біреуі – қызыл бала, біреуі – қара бала, біреуі – сары бала. ( түсті қарындаштар colour pencils)
5. Қалын киім ұнатады, Шешіндірсең, жылатады. ( пияз bow onion )
Алтыншы бөлім «Бәрін білгім келеді»
Ойынның шарты : Берілген сөздерге көптік жалғау жалғаңдар.
1 топ Мектеп, ағаш, соғыс, батыр, жазушы, ерлік, ұя, мұғалім, жер, ауыл.
2 топ Мекен, халық, іс, қаһарман, өлең, жұмыс, жыл, күрес, тағам, адам.
Қорытынды.
• Сонымен, оқушылар біздің сайысымыз аяқталуға жақын. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, тұлпардан тұлпар озар шабысқанда», дегендей, бүгінде қос тілді еркін игеріп өзінің білімі мен ой- өрісінтаныта білген жеңімпаз ойыншыларымызды анықтайық.
Әділқазыларға сөз береміз.
Осы жеңістерімен құттықтай отырып, Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін құрметтеп, оны үйреніп, білуіміз қажет. Сыныптан тыс бұл шараны мына өлең шумағымен аяқтайық.
Ана тілім – тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы
Достасамыз басқа барлық халықпен!
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |