Сабденова у. О



бет4/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции
Қабатталған сүзгіш. Қабатталған сүзгішті дайындау әдісімен 12-суретті пайдаланып танысыңдар.
Қабатталған сүзгішті дайындап оқытушыға көрсетіңдер. Жеңіл сүзілетін сұйықтарды кәдімгі қысымда өткізеді. Жабысқыш сұйықтарды және қаныққан ерітінділерді ыстықта сүзеді.

12-сурет
КӘДlМГl ҚЫСЫМДАҒЫ СҮЗУ
Бұл сүзуді жүргізу үшін, 13-суреттегі сызбаны жинақтайды. Сүзгіде аздаған сұйық қалса тұнбаны шайқап сүзгі қағазға құяды. Сүзгіден өткен сұйық сүзінді деп аталады. Тұнбаның ыдыстағы қалдықтарын жуғыштағы дистильденген су немесе арнайы еріткіштер қолданылады. Бұл жуатын заттарды пайдаланғанда аз мөлшерде құяды. Келесі бөлігін, алғашқы құйылған бөлігі толық сүзгіден өткеннен кейін құяды. Тұнбаны 4-5 рет жуғаннан кейін сапалығын алғашқы қоспаларға салыстыру барысында тексереді. Бұл үшін таза пробиркаға тамшылап тұрған сұйықтан құяды және жуылған ионға реакция беретін ерітіндімен әсер етеді. (мысалы, ион Cl-- AgNO3 ион (SO4)2- - BaCl2). Егер ерітінді лайланса онда тұнбаны әрі қарай жууды жалғастырады. Тұнбаны жуған сұйықты сүзіндіден бөлек ыдысқа жинақтайды. (Неге?)

13-сурет. Кәдімгі сүзу.
 
Аз еритін, жай сүзілетін тұнбаларды  жуу үшін декантация әдісі қолданылады. Сүзуге дейін түзілетін тұнбаны ыдыстың түбіне толық отыруын күтеді. Ерітінді тұнғаннан кейін бетіндегі ерітіндіні тұнбадан бөліп сүзгіге құяды. Ал тұнбаға тағы да еріткіш құяды, жақсылап араластырып ерітіндіні тағы біраз тұндырады. Сұйықты тағы да төгіп тастап, тұнбаға еріткішті құяды, осылай бірнеше рет қайталанады. Соңынан тұнбаны сүзгішке құйып тұнбаны жууды жалғастырады.
Сүзуді оқытушының тапсырмасымен жүргізеді. 70 мл-ді құм-суда немесе лай суда оқытушының нұсқауымен орындалады. Тұнбаны сандық әдіспен анықтауды бекіту үшін шыны таяқша және жуғыш қолданылады.
Вакуумда сүзу
Қатты заттарды тез бөлу үшін вакуумдағы сүзу қолданылады. Сүзу қысымды төмендету әдісімен орындалады. Бұл құрал 14-суретте көрсетілген. Ол қалың қабырғалы Бунзен колбасынан (3) тұрады. Резеңке тығынның көмегімен колбаға фарфор Бюхнер құйғышы (1) отырғызылған. Құйғыштың тесіктері тор тәрізді құйғыштың тесігіне екі қабат сүзгі төселеді (тесігінің диаметрі 0,5 см). Сүзгіш қағазды құйғыштың диаметрімен сәйкестендіріп кесіп салады. Диаметрі кішілеу сүзгішті сумен дымқылдап диаметрі үлкен сүзгіштің бетіне тығыз етіп орналастырады. Сүзгішті қоюдың келесі тәсілі бойынша, сүзгіш қағаз құйғыштың қабырғаларына нықталып қойылған соң, толық орнықтыру үшін сорғыш қолданылады. Сорғыштың көмегімен сүзгіш құйғышқа тығыз орналастырады, сүзгіштің орналасқанын анықтап приборды өшіреді. Бюхнер құйғышына шыны таяқшаның көмегімен тұнбасы бар ерітінді құяды. Ерітіндінің барлығын құйып болғаннан соң сорғашқа қосады. Тұнбаны сүзгіде сығады. Сүзу жұмысы біткен соң, сүзгіні тұнбасымен құйғыштан алып кептіруге қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет