Сабденова у. О



бет1/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции

Ф.7.03-03


САБДЕНОВА У.О.
«ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ»
пәнінен
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2021ж.

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Химия кафедрасы
САБДЕНОВА У.О.


«ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ»
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
5В011200-Химия, 6В01540 – Химия, 5В011250-Химия-биология, 6В01541 –Химия биология мамандығы студенттеріне арналған
оқу түрі- күндізгі

Шымкент, 2021ж


Ә ОЖ546.(083.13)


Құрастырушы: магистр, аға оқытушы Сабденова У.О.


«Физикалық және коллоидтық химия» зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2021ж 45бет.

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау «Физикалық және коллоидтық химия» пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың зертханалық жұмыстарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.


5В011200-Химия, 6В01540 – Химия, 5В011250-Химия-биология, 6В01541 –Химия биология мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауда химиядан зертханалық тәжірибелерді орындау әдістемесі, реакциялар теңдеулері және кіші практикумның қауіпсіздік ережелері берілген.


Пікір жазғандар:


Урмашев Б.А. –х.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ
“ХОТмен Ә”кафедрасының доценті

Шағраева Б. –х.ғ.к., ОҚМПИ «Химия» кафедрасының доценті


«Химия» кафедра мәжілісінде № хаттама « » 2021ж.


және Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебінің әдістемелік комиссиясында қарастырылған және баспаға ұсынылған
№ ___ хаттама «____»_________2021 ж.
Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған
№ _____ хаттама «____» _____________ 2021 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Казахстан мемлекеттік университеті, 2021ж.






Кіріспе

Физикалық химия – екі маңызды жаратылыстану ғылымы – физика және химия шекарасында пайда болған ғылым. Ол физикалық және химиялық құбылыстардың өзара байланысын орнату, материяның қозғалысының әртүрлі формасының өзара әсерін зерттеумен байланысының, химияның жалпы сұрақтары қойылады және шешеді. Пәнді оқып білуде физикалық және коллоидтық химияның негізгі заңдарын, практикалық тапсырмаларын және теориялық шешімін қолдану саласы, физика-химиялық тәжірибенің орындалу дағдысын игеру, берілген тәжірибелерді өңдеу тәсілдері, оның өзекті тапсырмаларының қателік сипатттамасын және шама есебінің интерпретациясы студенттерде жүйелік білімінің қалыптасуы болып табылады. Коллоидтық химия – фазаның бөліну шекарасында беттік құбылыстардың негізгі байланысын, дисперсті жүйенің бұзылу және түзілу процестері және оның қасиеттерін қарастыратын ғылым. Физикалық және коллоидтық химияның барлық негізгі тарауларын қамтиды. Бастапқыда заттың газтәрізді күйі және идеалды газдар үшін заңдары, термодинамиканың негізгі түсініктері, химиялық термодинамиканың заңдары, термохимия, интегральды және дифференциальды еру жылуы, бейтараптану жылуы, жылу сыйымдылық, химиялық тепе-теңдік, тепе-теңдік константасының теориялық сұрақтары қарастырылады.


Студент алғашқыда зертханалық сабақты орындауда физикалық және коллоидтық химия зертханасының жұмыс ережесімен, техника қауіпсіздігімен, бейтараптану реакциясы және тұздар еруінің жылу эффектісін зерттеумен танысады.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде студент аналитикалық таразыда өлшендінің массасын өлшеу, титрант көлемін, температураны өлшеу, гомогенді реакциялардың тепе-теңдік константасын анықтау әдістерімен танысады. Сонымен қатар екі компонентті жүйені термиялық талдауды меңгеруде мөлшері бойынша жұмыстар ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет