Сабденова у. О


-cурет. Вакуумде сүзу: 1-Бюхнер құйғышы, 2- сақтаушы қаптама, 3-Бунзер колбасы, 4-сақтаушы шыны ыдысы, 5-су ағынды сорғыш ТИТРЛЕУ



бет5/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс

14-cурет. Вакуумде сүзу: 1-Бюхнер құйғышы, 2- сақтаушы қаптама, 3-Бунзер колбасы, 4-сақтаушы шыны ыдысы, 5-су ағынды сорғыш
ТИТРЛЕУ
Бұл әдіс заттың реакцияға түсетін концентрациясын, ерітіндінің көлемін өлшеуге негізделген. Бір заттың ерітіндідегі концентрациясын және жұмсалған көлемін біле отырып басқа заттың концентрациясын есептеп анықтайды.
Титрлеу үшін бюреткаға концентрациясы белгілі ерітіндіні құйып бюретканы жұмысшы қалыпқа келтіреді.

Пипеткамен концентрациясы белгісіз заттың ерітіндісін өлшеп алып конус колбаға құяды. Егер индикатордың көмегімен анықтау керек болса, онда колбаға 2-3 тамшы индикаторды (лакмус фенолфталеин) тамызады(15-сурет).
Титрлеуді ақ қағаздың бетінде жүргізеді. Титрлеу кезінде концентрациясы белгілі ерітіндіні бюреткадан тамшылатып титрлейді және анықталатын ерітіндіні жиі-жиі шайқап отырады. Титрлеуді ерітіндідегі индикатордың түсі өзгергенде тоқтатады. Егер екі рет титрлеудің нәтижесіндегі мәндерінің айырмашылығы 0,1 мл болса, титрлеуді жалғастырады.

15-сурет. Титрлеу қондырғысы.
Таразы және онымен өлшеу
Өлшеу- дегеніміз берілген массаны кір массасымен салыстыру.
Өлшеу дәлдігіне қарай таразыларды келесі топтарға бөледі:
1. Техникалық таразы үлкен дәлдікте (дәлдігі 1г дейін).
2. Техникалық таразы кіші дәлдікте (дәлдігі 0,01г дейін).
3. Аналитикалық таразы кіші дәлдікте (дәлдігі 10-410-6г дейін).
4. Арнайы таразы (пробирлі, торзионды).
Техникалық таразы деп аталатын техникалық өте кіші дәлдікте өлшейтін таразыныњ құрылысы (16-сурет).

а) б)
16-сурет. а) Таразы: 1-бекітілетін табан; 2-колонка; 3-коромысло;
4-табақшалар; 5-арретир; 6-таразы бағдары; 7-шкала; 8-тіреуші винттер; 9-бос табақшаларды теңестіретін винттер; 10-тіктеуші, 11-тіктеушінің жылжымайтын конусы; 12-орталық призма; 13-бүйірлердегі призмалар;
14-ілгіш; 15-сахина



б) Электрондық таразылар
Техникалық таразыларда заттардыњ массасын өлшеу жүз грамдық тастарды және массалары әр түрлі грамдармен, милиграмдардан тұратын кір тастарының жинақтарын пайдаланады. Кір тастары арнайы жәшіктерде сақталады.

17-сурет. Таразы тастары: 1-салмақ тастар жәшігі, 2-грамдық тастар,
3-миллиграмдық тастар, 4-пинцет.
Өлшеуге кірісер алдында таразының дұрыс жұмыс істейтіндігін анықтап аламыз. Бұл үшін арретирдің ұстағышын жайлап оңға бұрып бағдаршаның тербелісін байқаймыз. Егер таразы дұрыс жұмыс істеп тұрған болса, бағдаршасы бөлінген шкалалардың бойымен тербелгенде оңға немесе солға тербелгенде нөлден көп ауытқу көрсетсе, онда таразы тура жұмыс істемейді. Бұл жағдайда лаборанттың таразыны жөнге келтіріп беруін өтіну керек. Затты өлшегенде бөлме температурасына дейін салқындатып өлшейді. Таразы табақшасын, өлшенетін затты және кір тастарын алу және салу тек қана арретирленген таразыларда жүргізіледі. Өлшеу кезінде арнайы ыдыстарды қатаң пайдалану керек. Олар: сағат шынысы, тигель, бюкстер. Өлшеу жұмысы біткеннен кейін дененің массасын анықтайтын кірлерді есептеп алмай оларды табақшадан алып тастамау керек. Таразы тастарын жәшікке саларда тағы да массаны тексеру керек. Егер бір жұмыста бірнеше өлшеу жұмыстарын жүргізу керек болса, онда тек қана сол пайдаланған таразы тастарымен жұмыстың аяғына дейін жұмыс істеу керек. Өлшеу жұмысы біткен соң таразы үстінде ештеңе қалдырмай жинап қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет