Күміс гидрозолдерін алу (тотықсыздану реакциясы)
Қондырғы және реактивтер: 250 мл-лік колбалар; 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр, ертінділер: 1-пайыздық Na2CO3; 1-пайыздық танин ертіндісі; 0,1 н. AgNO3.
Тәжірибе.
100 мл дистелденген суы бар колбаға 1 мл 1-пайыздық Na2CO3 және 2-3 тамшы жаңадан дайындалған танин ертіндісін қосады. Ертінді сары-қоңыр түске ие болып, әлсіз қыздыру кезінде оның түсі барынша қоюлана түседі.
Тотығу әдісімен күкірт гидрозолін алу
Қондырғы және реактивтер: 300 мл-лік үш стақан; тамшылық құйғы; су моншасы; газды жандырғы; термометр; шыны мақта; мұз; концентрленген H2SO4 (тығыздығы 1,84); қаныққан таза NaCl ертіндісі; кристалдық натрий тиосульфаты Na2S2O35H2O.
Күкіртсутекті ауа оттегісімен немесе күкіртті ангидридпен тотықтыру кезінде күкірт коллоидты күйде шөгеді:
2H2S + SO2 = 3S + 2H2O
Күкірт қышқылымен әсер ете отырып, натрий тиосульфаты ертіндісінен күкірт золін алу өте ыңғайлы:
Na2S2O3 + H2SO4 = S + SO2 + Na2SO4 + H2O
Тәжірибе.
50 г кристалдық натрий тиосульфатын Na2S2O35H2O 30 мл суда ерітеді. 300 мл-лі стақанға 38 мл концентрленген H2SO4 (тығыздығы 1,84) ертіндісін қосады. Стақанды ұсақталған мұзға батырады, қышқылды мұқият араластыра отырып, оған тамшылық құйғыдан дайындалған натрий тиосульфаты ертіндісін баяу құяды (суырғыш шкаф астында жұмыс істеу қажет). Реакция нәтижесінде ашық сары түсті қою масса түзіледі. Оған 100 мл су қосып, қайнаушы су моншасында қыздырады да, ара-арасында араластыра отырып, 30-60 минут бойы салқындатқаннан кейін алынған ақ түсті күкірт золін шыны сүзгі арқылы сүзеді. Күкірт золі құрамына электролиттердің артықша мөлшері, негізінен күкірт қышқылы мен натрий сульфиді мөлшері болады. Осыларды жою үшін қаныққан таза натрий хлориді ертіндісінің азғана мөлшеріен золді бірден толық коагуляциялайды (тұндырады). Толық тұндырудан кейін алынған тұнбаны сұйықтан бөліп, сүзгі қағаздары арасында сығып, оны дистелденген суда петизациялайды. Суда ерімеген бөлікті золді басқа стақанға төгу арқылы бөліп алады. Осылайша алынған күкірттің коллоидты ертіндісі дисперстіліктің жоғары дәрежесіне ие.
Дисперстеу әдісімен алюминий гидроксиді золін алу
Қондырғы және реактивтер: 300 мл-лік стақандар; үшаяқ; асбест торы; күйдіргіш натр ертінділеріне арналған екі тамшылық тамызғыш; шыны таяқша; газ жандырғысы; ертінділер: 1-пайыздық NH4OH ертіндісі; 1- пайыздық AlCl3 ертіндісі; 0,1н. HCl.
Тәжірибе
Алюминий гидроксиді золін алу үшін 1-пайыздық AlCl3 ертіндісіне NH4OH ертіндісін қосады. Алынған алюминий гидроксиді тұнбасын алдымендекантациялап, кейін сүзгіде шаяды. Тұнба өте тұтқыр болып, сүзу қатты баяулаған кезде шаю соңында оны .лкен таза стақанға ауыстырып, оған 400-500 мл дистелденген су қосады да, қайнағанша қыздырады. Уақыт өтуіне қарай қайнаған сұйыққа бірнеше тамшы 0,1 н. HCl қосады. 2-3 сағаттан соң бүклі тұнба пептизацияланып, коллоидты ертіндіге өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |