Бақылауға арналған сұрақтар мен есеnmep
1. Ерітінді дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
2. Еріткіш пен ерітінді қасиеттерінде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар?
3. Рауль заңын айтыңдар. Ол қандай ерітінділер үшін қолданылады?
4. Неліктен таза еріткішке қарағанда ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымы төмен, қайнау температурасы артық және қату температурасы төмен болады?
5. Сұйықтықтың бетіндегі бу қысымы мен температура арасында қандай байланыс бар?
6. Қандай жағдайда сұйықтық қайнайды немесе қатады? Қайнау және қату дегеніміз не?
7. Молекулалық салмақты анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?
8. Криоскопия әдісімен молекулалық салмақты қалай анықтауға болады?
9. Бекман термометрінің кұрылысын, жұмыс істеу ретін сипаттаңдар, оның кәдімгі термометрден айырмашылығы қандай?
10. Криоскопия әдісін қандай шамаларды анықтау үшін қолдануға болады?
11.Электролит және бейэлектролит ерітінділер.
12.Буфсрлі ерітінділер туралы түсінік
13. Буферлік әсер және буферлік сыйымдылық деп нені айтады? Олардың шамасы қандай факторларға байланысты ?
14. Буферлік ерітіндінің рН-ын қалай есептейді. ?
15.Қандай жағдайда буферлік сиымдылық максималды болады? Оны қалай анықтаймыз ?
16. рН-5,4 ке тең буферлі қоспа алу үшін 2М сірке қышқылы ерітіндісін а) 0,4; 0,5; 0,7; 10 және 1,0; 2М СН3 COONa ерітінділері мен қандай қатыста қосу керек?
17. 20,0 мл 0,2н тұз қышқылы ерітіндісіне 12,0 мл 0,2н сілті (NaOH) құйылды Ерітіндінің рН-ын анықта ?
18. Гидрокарбонат натриінің рН-ын анықта? Көмір қышқылының рК1=6,5; рК2=10,2тең болған жағдайда.
19.Таралу заңын тұжырымдап,оның математикалық өрнегін жаз
20.Таралу коэффициентінің шамасы қандай факторларға тәуелді ?
21. Экстракцияланғанда қалған заттың мөлшерін қандай формуламен есептелінді?
22. 50 гр анилинді 50гр сумен қосып, араластырғанда, қоспа екі қабатқа бөлінеді.
23. Анилиннің мөлшері біреуінде- 8 процент, ал екіншісінде -91 процент дейік. Әрбір қабаттың массасын анықтайық?
24. Фазалардың салыстырмалы мөлшерін иін ережесі бойынша қалай анықтаймыз?
25. Неліктен таза еріткішке қарағанда ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымы төмен, қайнау температурасы артық және қату температурасы төмен болады?
26.Молекулалық салмақты анықтаудың әдістері
27. Қандай жағдайда сұйықтық қайнайды немесе қатады?
Сабденова У.О.
«Физикалық және коллоидтық химия»пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Баспаға жіберілді күні. айы.жылы.
Қағаздың форматы XxY 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі …б.б.
Тираж ….дана. Тапсырыс № …*
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Казақстан Мемлекеттік Университетінің баспасы, 2021ж.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке-хан, 5
Достарыңызбен бөлісу: |