Сабденова у. О



бет19/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс

2-сурет. Сұйықтықтардың өзара ерігіштігін анықтайтын құрылғы.
1-стакан, 2-пробирка, 3-термометр, 4-стакан қондырғыш, 5-қыздырғыш (қайнатқыш), 6-розетка, 7-тұздың қоспасы (фенол-H2O немесе анилин- H2O), 8-кранның суы.

Алынған мәліметтерден әрбір қоспа үшін лайлану және мөлдірлену температураларының орташа мәндерін есептейді. Жұмыс барысында алынған шамаларды жазу үлгісі:





Ампула номері

Қоспа құрамы, % фенол-су

Температура, 0С



Мөлдірлену (гомогендену)

Жіктелу
(гет-ну)

Орта мәні

1

10 90










2

20 80










3

30 70










4

40 60










5

50 50










6

60 40










7

70 30










Алынған мәліметтер бойынша есептер: 1. Бөліну температурасы құрам диаграммасын сызу. 2. Ерудің критикалық температурасын анықтау.


3. Гиббстің фазалар ережесін негізге алып, алынған диаграмманы анализдеу.
Бақылау сұрақтары



  1. Сұйықтықтарды өзара ерігіштігіне қарай қалай топтайды? Нақтылы мысал келтіріңіз.

  2. Сұйықтықтардың өзара ерігіштігіне температураның әсері қандай?

  3. Шекті араласатын сұйықтықтар деп қандай заттарды атайды? Ерудің критикалық температурасы дегеніміз не? Оларды қалай анықтауға болады?

  4. Қос компонентті жүйенің құрам еру температурасы диаграммасын анализдеңіз.

  5. Құрам-еру температурасы диаграммасын пайдаланып, жүйенің құрамын және фазалар мөлшерінің қатынасын қалай анықтауға болады?

Зертханалық жұмыс №13.
Сірке қышқылының өзара араласпайтын екі еріткіште
таралу коэффициентін анықтау


Жұмыстың барысы: 2 н сірке қышқылы (CН3COOH) ерітіндісінен әр сынауыққа 2, 5 және 10 мл-ден алып, ішінде алдын-ала құйылып қойылған 10 мл бензолы (С6Н6) (немесе толуолы) бар сынауыққа құяды да, тығынмен мезгіл-мезгіл ашып, әр сынауыққа 30 мл дейін дистелденген су (Н2О) құяды, содан соң 20 минуттай араластырғыш көмегімен араластырады.
Содан соң ерітінді екі қабатқа толық бөлінуі үшін 20 минуттай тыныш күйге қалдырамыз. Осы аралықта сынауықтың әр қабатындағы қышқылдың концентрациясын анықтаймыз. Ол үшін жоғарғы қабаттан тамызғышпен 2 мл алып, колбаға құяды да, 1 тамшы фенолфтолейн және 10 мл дистелденген Н2О қосып, 0,1 н NaOH ертіндісімен титрлейді. Ерітінді солғын таңқурай түске боялғанда, титрлеуді тоқтатып, бюреткадан титрлеуге неше (мл) ерітінді (сілті) жұмсалғанын жазып алады. Бұл үрдісті әрбір ерітінді үшін 3 рет қайталап, жеке-жеке орта мәнді анықтау керек. Сонан соң тамызғыш арқылы қоспаның су қабатынен 2 мл алып, 1-2 тамшы фенолфталейн және 10 мл дистелденген Н2О қосып, жоғарыдағы тәжірибені қайталайды. Жоғарғы бензол қабатындағы қышқыл концентрациясын табу үшін келесі көрсетілген грамм эквивалент заңын пайдаланамыз:

С1V1=C2V2; С12•V2/V1. (1)


Мұндағы: С1 - бензол қабатындағы қышқылдың белгісіз концентрациясы;


V1 – титрлеуге алынған ерітінді көлемі (2 мл);
С2 – титрлеуге кеткен сілті концентрациясы;
V2 – титрлеуге кеткен бюреткадағы сілті көлемі (орташа мәні).
Төменгі су қабатындағы қышқылдың концентрациясын жоғарыдағыдай етіп анықтау керек:
С1'V1'=C2' V2'; С1'2'•V2'/V1'. (1.1)

Таралу коэффициентін (2) теңдік арқылы табамыз.





Ерітінді нөмірі



Титрлеуге жұмсалған сілті көлемі, V мл

Қышқылдың бензол
қабатындағы ерітіндісі

Қышқылдың су
қабатындағы ерітіндісі

1

2

3

Орташа мәні

1

2

3

Орташа мәні

1

























2

























3

























Алынған мәліметтер бойынша есептеулер:
1. Қышқылдың бензол қабатындағы концентрацияларын: С12 және С3 есептейді;
2. Қышқылдың су қабатындағы концентрацияларын С´1, С´2 және С´3 есептейді;
3. Кnnn' (2) формуласын пайдаланып, әртүрлі қоспа үшін бөліну коэффициентін анықтайды, яғни:

К111'; К2 22'; К333' (2.1)


Зертханалық жұмыс №14.
Торсионды таразы көмегімен дисперстік жүйелердің седиментациясын зерттеу


Құралдар мен реактивтер: Торзионды таразы, цилиндр, секундомер, түрлі суспензиялар (сазбалшық ұнтағы, барий сульфаты, алюминий оксиді, бор, цемент).


Жұмыстың барысы: Алдымен торсионды таразыны жұмысқа даярлайды. Ол үшін столға тірек бұрандалар (1, 2) көмегімен приборды орналастырады. Ілгішке таразының табақшасын іледі. Содан соң арретирді (3) оңға («ашық белгісіне») жылжыту арқылы таразы иінін (5) босатады. Иін көмегімен бағдаршаны нөлге келтіреді. Таразы теңдігін көрсететін бағдаршаны қозғалмайтындай тілшемен (6) дәл келтіру керек. Егер олар теңеспесе, бұранданы (7) бұрып теңестіреді. Таразы жұмысқа даяр болған соң, арретирді солға қарай «жабық» белгісіне жылжытып, таразы иінін (5) бекітеді. Табақшаның салмағы (m) және оның суға батып тұрған (Н) биіктігін өлшеу үшін цилиндрге дистилденген су құйып, оған табақшаны батырады. Онан соң арретирді (3) жылжытып иінді (5) босатады да, иін мен бағдаршаны қозғап, таразы теңдігін көрсететін бағдаршамен тілшемен (6) теңестіреді. Арретирді (3) жабады. Табақшаның массасын бағдаршаға қарсы тұрған шкаладан анықтайды. Таразының өлшеу шегіне және әрбір бөліктің мөлшеріне көңіл бөліңіздер. Сонымен қатар «Н» мәнін анықтайды. Ол судың беткі қабаты мен табақшаның түбіне дейінгі аралыққа дейін болады. Ол шамамен 10-12 см болуы керек. Табақша цилиндр түбінен және бүйірінен 2-3 см алшақ орналасуы керек.



1, 2 – тірек бұрандалары; 3 – арретир; 4 – таразы бағдаршасы; 5 – бағдарша иіні; 6 – тепе-теңдікті көрсеткіш бағдарша; 7 – бұранда; 8 – суспензияға арналған ыдыс; 9 – миллиметрлік шкала (сызғыш); 10 – седиментациялық тұнбаға арналған ыдыс.


Сурет – Дисперсті жүйелердің седиментациясын зерттеуге


арналған қондырғы сызбасы
Тәжірибені орындау үшін цилиндрден табақшаны алып, ондағы суға 0,8 г зерттелетін заттың ұнтағын салып, мұқият араластырып, суспензия дайындайды. Цилиндрге тезірек табақшаны батырып, арретирді ашады да, секундомерді іске қосады. Табақшаға жинала бастаған тұнбаның массасын (m) 15 сек, 30 сек, 1 мин, 1,5 мин, 2 мин, 5 мин, 10 мин сайын өлшейді. Масса тұрақтанғанда жұмысты тоқтатады. Алынған сандық мәліметтерді пайдаланып есептеулер жүргізеді.
1. Әрбір t уақыттағы тұнбаның массасын анықтайды:

mt = mж - mт


Мұндағы:


mt – әр уақытта табақшаға жиналған тұнбаның салмағы, мг; саны тәжірибе кезінде өлшеу санына тең болады.
mж – табақша мен ондағы тұнбаның салмағы, мг.
mт – табақшаның өз салмағы, мг.

2. Тұнбаның жалпы массасын келесі формуламен анықтаймыз:


mmax= πR2НС/V•(drd0/d1)


Мұндағы:


m mах – тұнбаның жалпы массасы;
π – пи мәні, яғни: 3,14;
R – табақшаның радиусы, см (диаметр арқылы табылады);
Н – бөлшектердің шөгу биіктігі, см;
С – суспензия концентрациясы (100 мл судағы 100 мг,
0=
сұйықтық 1 сП тұтқырлық);
V – көлемі, мл;
dr – дисперсті фазаның тығыздығы, г/см3;
d0 – дисперсті орта тығыздығы, г/см3;
d1 – дисперстік жүйе тығыздығы, г/см3.

3. Әрбір t уақыттағы бөлінген тұнбаның салыстырмалы массасын анықтайды:


Qτ =mτ/mmax•100;


Мұндағы:


Qτ – әр уақыттағы бөлінген тұнбаның салыстырмалы массасы,

Алынған мәліметтерді төмендегі үлгіде жазады:





Уақыты,
t мин

Табақша мен тұнбаның салмағы,
mж, мг

Тұнбаның салмағы,
mt, мг

Тұнбаның салыстырмалы массасы, Qτ, %

Бөлшектердің радиусы,
r, мкм














































4. Абцисса өсі бойымен уақыт (мин), ордината өсі бойымен салыстырмалы салмақ (%) алып, седиментация қисығын (Q=f(), ) сызады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет