Сабденова у. О



бет11/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс

Зертханалық жұмыс № 6.
Қаныққан бу қысымы

Қаныққан бу қысымын анықтау үшін студенттерге келесі: хлороформ, бензол, ксилол және т.б. сұйықтарды беруге болады. Осы сұйықтардың қаныққан буларының қысымдарын тәжірибелік түрде өлшеу үшін бұл жұмыста төмендегі суретте көрсетілген қондырғы қолданылады:


Сурет – Қаныққан бу қысымын өлшеуге арналған қондырғы сызбасы




Ішінде зерттелетін сұйықтығы бар ыдыс (1) қайтарымды мұздатқышпен (2) және колба қыздырғышпен (3) жабдықталады. Зерттелетін сұйықтың асқынқызып кетуін болдырмас үшін, ыдысқа шыны капилляр батырылады. Термо­метр (4) сұйықтың бетінде орналасуы тиіс.
Тәжірибе басында колба қыздырғышты (3) іске қосылып, қайтарымды мұздатқыш су кранына жалғанады да, су жіберіледі. Термометр 30-35 ºС температураны көрсеткен кезде, вакуумдық сорғышпен (насоспен) жүйедегі ауа манометрдегі (5) сынап бағаны шамамен 500 мм сынап бағанына теңелгенше сорылып алынады. Жүйедегі ауа бірінші кран (6) жабық кезде екінші кран (7) арқылы сорылып алынады. Белгілі-бір ауа сиретілуі орындалғаннан кейін екінші кран (7) жабылады. Жүйе қысымының өзгерісі 10-15 минут ішінде 1-2 мм сынап бағанынан артпаса, онда оның герметикалығы жеткілікті болып есептеледі. Ыдыстағы (1) сұйықтық қайнаған кезде, осы температура мен манометр (5) көрсеткішін белгілеп, жазып алады. Қайнау температурасын алғаш анықтаудан кейін, приборды атмосферамен қатынастырушы бірінші кранды (6) сақтықпен, жүйедегі қысым 40-50 мм сынап бағанына ұлғаятындай түрде баяу ашамыз. Бұл кезде жаңа қысымға жауап беретін сұйықтың қайнау температурасы, сәйкесінше жоғарылайды. Осылайша, 10-15 өлшеу жүргізу қажет. Тәжірибе соңында бірінші кран (6) толық ашылған күйдегі атмосфералық қысым кезінде сұйықтың қайнау температурасын өлшеу қажет.
Жүйедегі манометр (5) ашық болып, ондағы деңгейлер айырмасы атмосфералық қысымның прибор ішіндегі қысымнан артық екендігін көрсетеді. Сұйықтың қайнауы орын алатын қысым барометрлік қысым (Рбар) мен манометр қысымы (Рмон) арасындағы айырмаға, яғни Рқайн=Pбap - (H2-H1) тең.
Термометр бойынша есептеуді 0,5 ºС-қа дейінгі дәлдікпен, ал манометр мен барометр бойынша есептеуді 0,5 мм сынап бағанына дейінгі дәлдікпен жүргіземіз. Тәжірибелердің барлық нәтижелерін төмендегі кестеге саламыз:



Тәжірибе №

t, ºС

Т, ºК

1/Т
К-1

Н21 мм сынап бағаны

Н21,
Па

Рбар,
Па

Р, Па

lgP

1

























2

























3



























Алынған мәліметтер негізінде Р=ƒ(Т), lgР=ƒ(1/Т) графиктерін тұрғызамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет