Зертханалық жұмыс № 4.
Гетерогендік жүйелердегі химиялық тепе-теңдікті зерттеу
Теориялық мәліметтер
Металл карбонаттары жоғары температуралар кезінде келесі теңдеу бойынша диссоциациаланады:
МеСО3 МеО + CO2
Кт константасы CO2 қысымымен анықталады (теңдеу П.16).
Жұмыс суретте кескінделген қондырғыда жүргізіледі.
Көмірқышқылды кальций сынамасы бар кварцтық ампула 1 пештің ыстық кеңістігінде (жаровая пространства) 2 орналасады. Пеш қыздыру жылдамдығын сатылы реттегішпен (ЛАТР) 3 жабдықталған. Температура милливольтметрмен 5 қосылысқан терможұптар 4 көмегімен өлшенеді. Терможұптардың салқын спайлары Дюар ыдысына 6 батырылып, бөлме температурасында болады. 100÷120 мм сынап бағанасына дейінгі СО2 қысымы жабық манометр 7 көмегімен, ал ол мәннен жоғары – ашық манометр көмегімен 8 өлшенеді. Жабық манометрдегі деңгейлер айырмасының жүйедегі қысымның абсолюттік шамасын, ал ашық манометрдегі деңгейлер айырмасының – жүйедегі қысымның атмосфералық қысымнан қаншалықты жоғары екендігін көрсететіндігін еске саламыз.
Туынды нәтижелерді алу үшін барлық өлшеулерді 2 мәрте қайталап жүргізеді.
Сурет – Жоғары температуралар кезіндегі гетерогендік реакциялар
тепе-теңдігін өлшеуге арналған қондырғы сызбасы
Тәжірибені пешті қосудан бастайды. СО2 қысымын өлшеуді жүйе температурасы 6ОО °С-қа жеткеннен кейін ғана бастау қажет. Бұдан кейін, милливольтметр 600°С температураны көрсеткен соң, пешті қыздыруды тоқтатады. Инерция күшінен милливольтметр бағдаршасы оңға қарай жылжуын жалғастырады. Милливольтметр көрсеткен максималды температураны және, сәйкесінше, манометр бойынша максималды қысымды жазып алады. Өлшеулер жүргізілген соң, пешті қайтадан қосады. Әрбір кезекті өлшеуді 10÷20 °C сайын жүзеге асырады. СО2 қысымы 300÷350 мм сынап бағанасына жеткен кезде өлшеуді тоқтатады. Пешті ажыратып, оны 500 °С-қа дейін суытуға қалдырады. Өлшеу нәтижелерін кестеге толтырады.
Алынған мәліметтер негізінде lgKР - I/Т координаттар жүйесінде график тұрғызып, I/T өсіне түзу көлбеуі бұрышының тангенс шамасы бойынша реакцияның жылулық эффектісін анықтайды:
tgφ = -∆Н/2,3 R
Бұдан басқа, ∆Н° шамасын температуралардың үш интервалына арналған (2.18) теңдеуі бойынша есептеп, оның орташа мәнін алады да, оны графиктік түрде табылған шамамен салыстырады. ∆Н° және Кт шамалары бойынша қандай-да бір температура кезінде (2.19) теңдеуі бойынша тұрақтыны есептейді. Алынған теңдіктер көмегімен диссоциация температурасын, яғни СО2 қысымы 1 атм. (105 Па) болатын кездегі температураны есептейді.
Төмендегі теңдеулер көмегімен тәжірибелік мәліметтерді қолдана отырып:
∆G° = -RTlnКт
∆G° = ∆Н° - Т∆S°
осы реакция үшін изобаралық потенциал өзгерісі ∆G ° мен энтропия өзгерісін ∆S° табады да, оларды анықтамалық мәліметтермен салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |