Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдістері: көрнекілік-кестелер, слайдтар, әңлестірме материал, нақты қанлдай жабдық қолданылды, оқулық: ауызша-дәріс, әңгіме, пікірталас, диалог: жұп, топ, кіші топтар бойынша жұмыс әдістері, проблемалық-ізденіс әдістері және т.б.
Оқу-көрнекілік құралдары: Кітап, дәптер
Күтетін нәтижелер:
Білу керек: Өткен жаңа тақырыпты түсініп, талдап, айта білу керек.
Істей білу керек: Есеп шығарып, реакция теңдеулерін жаза білу керек
Сабақтың барысы
I. ұйымдастырушылық кезең:
Балалармен амандасып, топты түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
II. үй тапсырмасын тексеру: үй тапсыпмасын қайталау (https://wordwall.net/ru/resource/38146997 Wordwall программасы арқылы s,p,d,f элементтерін тақтаға жазады, әр балаға 1 элемент- жеке жұмыс(өзін-өзі бағалау-1 тапсырма).
III. жаңа материялды оқу: жаңа материялды меңгеруге дайындау. Қара жәшік әдісі(жаңа тақырыпқа байланысты сөздер, элементтер жасырылады)арқылы жаңа тақырыпты ортақ қасиеттерін талдау арқылы өздері табады
Жаңа білімдерді баяндау: (тақырыптың сұрақтарын баяндау. Дәріс- қосымша беріледі (конвертке салынған лекцияны бөлімдерімен беріп отырамын)). Студенттер дәрісті оқып танысады. (5 минут)
Өткен сабақты еске түсіріп жаңа сабақпен байланыстырып кесте толтырады (2 топқа бөлінеді) - тақтаға дұрыс жауабы шығады, топ бірін бірі бағалайды-2 тапсырма-5 минут
s-элементтердің айырмашалығы
|
d-элементтердің айырмашылығы
|
1.Олардың сыртқы электрон қабатында бір немесе екі s-электроннан бар.
|
1.олардың сыртқы электрон қабатында 2s электрон (кейде 1s электрон) болады.
|
2.Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы (иондану энергиясы) сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.
|
2.Элементтер атомдарының сыртқы электрондары ядромен әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмен болады.
|
3.Электрондық қабаттарының саны және атомдарының радиустары да олардың атомдарының ядро заряды өскенде артады.
|
3.Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда ішкері екінші қабатқа түсіп , d-деңгейшені толтырады.Ауыспалы элементтердің периодтарында атомдық нөмңрң өскенде, сыртқы электрондық қабаттың құрылысы өзгермейді.
|
Металдардың кернеу қатарын пайдаланып, формулалары берілген қосылыстардың қайсысымен темір әрекеттесетінін анықтаңдар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар а)CuSO4 ә)ZnSO4 б)HCl в)KCl г)Mn(NO3)2 ғ)AgNO3 – 3 тапсырма
Ең ерекше 7 металдар жайлы қызықты видеоролик көрейік. https://youtu.be/6KdRiaZJrSo (Балалардың металдарға қызығушылығын арттырып келесі тапсырмаға өтемін)
d-элементтерінің электрондық конфигурациясын, период, топ нөмірлерін, протон, нейтрон, электрон сандарын тауып жазады- жұптық жұмыс - 4 тапсырма- жұптық бағалау
Сергіту сәті Just Dance ойыны, студенттер би қозғалыстарын қайталайды.
Сергіту сәті аяқталған соң балалар орындарына отырмай бірден топқа бөлінеді. Есептер әр-түрлі қағаздарда жазылып тұрады, әр бала өзінің тобын табу керек
Достарыңызбен бөлісу: |