86
төңкеріс комитетіне мүше болып, одан кейін Қазақ Автономиялы
Республикасының тұңғыш юстиция халық комиссариатын басқарған тұстағы
жүргізген жұмыстары үш бағытта айқын көрінеді. Біріншіден, Кеңес өкіметі
саясатының ерекше мəнін бейнелейтін заңдарды жариялау; екіншіден,
қылмыспен күресудің жаңа негізін қалыптастыру; үшіншіден, халық соттары
мен революциялық трибуналардың ұйымдық жұмысыа бағыт-бағдар беріп
отырған.
Ғ.Əділбеков сот ісі мен сот тілі халыққа түсінікті тілде жүргізілуі,
халыққа жақын болу үшін жылжымалы халық сотын құру, халыққа өз
құқықтарын білу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу сияқты іс-
шараларды жүзеге асырды. Уездерде орын алған түрлі оқиға, қылмыстардың
себебін анықтап, істің дұрыс шешілуіне бар күшін салып отырды. Ол жаңа
құрылған комиссариат қызметінің негізін қалаумен қатар, алғашқы
декреттердің өмірге келуіне тікелей атсалысты.
Ғ.Əлібеков қол қойған «Қырғыздардағы (қазақтардағы) неке құқығы
туралы декрет» т.б. бірнеше декрет, қаулылар халық мүддесіне қызмет етті.
1920-1930 жылдар аралығында республика Юстиция халық
комиссариатын басқарған 10 комиссардың ішіндегі жоғары заң білімі бар,
əмбебап екі маманның бірі – Бекмұхамедов, екіншісі – Варшава
университетінің заң факультетінде оқыған Қанай Боранбаев еді.
Бекмұхамедов комиссариат құрылымын орнықтыру, күрес əдістерін
қалыптастыру, халық соты аймақтарын құру, трибуналарға нұсқау беру, сот
реформасын жүргізу, республикалық прокуратураны құру сияқты басты-
басты жұмыстарды жандандыруға бар күш-жігерін, білім-тəжірибесін
жұмсаған.
«Мал ұрлығымен күрес», «Парақорлықпен күрес» декреттері
жарияланды. Парақорлық, мемлекеттік қоймаларға ұрлыққа түсу, қызмет
бабын пайдаланып жасалған ұрлық, өтірік жала жабу сияқты қылмыс
түрлеріне қарсы күрес ұйымдастырылды. Осындай қылмыстардың қазіргі
тəуелсіз Қазақстан тұсында да кең етек алып отырғандығын, сондықтан
олардың алдын алу, күрес тəсілдерін дамыту, өткеннен сабақ алу, іріктеп, іс
барысында тəжірибеге енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: