Байланысты: sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Тарихтан белгілі, Халық комиссарлары Кеңесінің 1919 жылдың 10
шілдесіндегі декретін жүзеге асыру үшін Бүкілресейлік Орталық атқару
комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі 1920 жылдың 26 тамызында
«Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік Республикасын құру
туралы» декрет қабылдып, оған М.Калинин мен В.Ульянов (Ленин) қол
қояды. Осы заңдық құжатта Республикадағы істерді басқару үшін құрылған
12 халық комиссариатының қатарына екінші болып Юстиция комиссариаты
болып аталады.
Жас мемлекеттің аяғынан тік тұрып кетуіне, халықтың құқықтық
сауатын ашуда, жаңа заңдарды дүниеге əкелуде Юстиция халық
комиссариаты орасан зор үлес қосады.
Қазақстан юстициясын сол жылдардан бүгінгі күнге дейін 23 қайраткер
басқарған екен. Олардың 16 –сы юстиция халық комиссары, ал жетеуі
юстиция министрі лауазымында қызмет атқарған.
Бүкіл саналы ғұмырын, білімін, қажыр-қайратын туған еліне арнаған он
алты юстиция халық комиссарларының өмірі кітапта дерекнамалық құжаттан
ауытқымай, құрғақ дəріптелмей, орынсыз мақталмай, мейлінше шынайы
берілген. Олар: Ғ.Əділбеков, Ш.Бекмұхамедов, М.Атаниязов, Н.Нұрмақов,
Н.Ералин, Қ.Боранбаев, С.Мəмбеев, Ж.Сəдуақасов, Б.Айтмағанбетов,
А.Жармұхамедов, Х.Жүсіпбеков, С.Есқараев, О.Бораев, Б.Шағыров,
Ш.Оразбаев, М.Нұрбаев. Тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметінің бүгінгі
85
ұрпаққа үлгі тұтарлық тұстары аз болмаса керек. Олардың əрқайсысы өн
бойындағы бар жастық жалынын, күш-жігерін, білімін сарқа жұмсап,
соңдарында ерен игі істерінің өшпеш белгісін қалдыра білді.