81
▲
Төле бидің өлеңін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жаттап алыңыз.
Жеті «жетім»
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса, -
Бəрінен де сол жетім
(Төле би)
☺
Сұрақтарға жауап беріңіз
Ертеде қазақ халқында қандай дəстүр болған? Билер қандай қызмет
атқарған? Қазақ халқының билері елді неге шақырған? Төле би деген кім? Ол
қашан жəне қайда туған? Билікке неше жасында араласты, елге немен
танылды? Ол қазақ батырларымен нені құрып, басқарды? Қазыбек, Əйтеке
билермен бірге Əз Тəуке ханның кеңесшісі болып, қандай заң шығарды?
Тəуке ханның істеген қандай шараларына көмектесті? Төле би туралы халық
арасында не тараған? Төле бидің есімі немен байланысты болған? Төле бидің
денемі қайда жерленген? Қазыбек би деген кім, қайдан шыққан? Орта жүзге
Қазыбек биді кім тағайындаған? Ол қандай заңды шығаруға көмектескен?
Жоңғарлардың тұтқынынан кімді босатып алуға белсене араласты? Ол неге
қарсылық білдірді? Əйтеке би деген кім, кімнің немересі? Ол қай жерден
шыққан? Не шығаруға үлес қосты? Əйтеке би қандай қазақ хандығын құруға
ат салысты? Əйтеке бидің ел арасында нелері кең тараған? Қазақ халқы қазақ
билерін қалай бағалаған?
▲
Қазыбек бидің сөзін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: