79
1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы
Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мəлімхатында: «Өйткені
Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі
Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып
табылады. Оған Əбілмəмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да
ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, əртүрлі кеңестер
алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мəселе
шешілмейді екен», - деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне
қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет).
Ел аузында, халық əдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік
сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба əдебиетке түскен сөздері де
мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп
деректер сақталған.
С.Ш&кір$лы
Достарыңызбен бөлісу: