Байланысты: sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
▲ Мақал-мəтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріп, жаттап алыңыз. Бұлақ көрсең, көзін аш.
***
Бір тал кессең, он тал ек.
***
Судың да сұрауы бар
***
Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тал өсер.
***
Су анасы - бұлақ.
***
Су ішкен құдығыңа түкірме.
ШИПАЖАЙДА
- Сəлеметсіз бе?
- Амансыз ба?
- Сізбен танысуға бола ма?
- Иə, менің атым Серік.
- Ал менің есімім Болат.
- Сіз қай жақтан келдіңіз?
- Оңтүстіктен, Тараз қаласынан.
- Ал өзіңіз ше?
- Мен Шығыс қазақстан өңірінен келдім.
- Шығыстың қай қаласынан келдіңіз?
- Өскеменнен.
- Танысқаныма қуаныштымын
- Мен де.
- Қайырлы күн! Менің атым Əсет. Мынау менің жұбайым. Оның аты
Алмагүл. Біз Атырауданбыз
- Өте қуаныштымыз. Біз Астанаданбыз. Менің атым Нəйлə, ал күйеуімнің
аты Ерсұлтан.
- Біз де өзімізді таныстырайық. Менің атым Тимур, ал мынау менің
жұбайым, оның аты Еркежан. Біз Өзбекстаннанбыз.
- Ендеше менің атым Артур, əйелімнің аты Мария. Біз Ресейденбіз.
- Менің есімім Асан. Мен Əзірбайжаннанмын. Əйелім жоқ, бойдақпын.
- Менің атым Баян. Мен Бішпектенмін. Тұрмыста емеспін.
- Онда танысып қояйық. Мен осы жердің учаскелік инспекторымын. Менің
аты-жөнім Асқар Мəдениетұлы.