82
Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа – сөз қиын,
Жазылмаса – дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
***
Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
***
Туып- өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
***
Тентек болса – ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ащиды сонда бас- миың.
(Қазыбек би)
7- тапсырма.
Əйтеке бидің сөзін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі біреумен туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек,
Сөз қуған пəлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
(Əйтеке би)
Достарыңызбен бөлісу: