47
ЖЕТІ ЖАРҒЫ
ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ
құқықтарының жиынтығын өмірге əкелген - Тəуке хан мен оның билері.
Мұны олар Əз Тəукенің «Жеті жарғысы» деп атады. Ол жарғыдағы негізгі
баптар мыналар:
І -жарғы: (бап) Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы
бұйырылсын.
ІІ -жарғы: (бап) Түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық
еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
ІІІ-жарғы: (бап) Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына
бұйырылсын.
ІҮ- жарғы: (бап) Өзге біреудің əйелімен зинақорлық жасап, ақ некені
бұзғандарға өлім жазасы бұйырылсын.
Ү- жарғы: (бап) Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сəйгүлікті ұрлаған кісіге өлім
жазасы, бұйырылсын.
ҮІ-жарғы: (бап) Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегі мүліктей құн
төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, қыз болмаса, қыздың
қалыңмалын беруге тиіс;
Б) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді.
ҮІІ-жарғы: (бап) Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүліктер үшін он есе артық
айып төленсін.
Тапсырмалар:
●
Мəтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
◘
Мəтіндегі етістіктерді тауып, шақ тұлғасын анықтаңыз.
◘
Мынадай сөздер мен сөз тіркестерден сөйлем құраңыз:
б$йыру, опасызды ,
жазы сыз, м&лік, $н, )лім жазасы, айып, он есе арты , мертіктіру,
◄
Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңыз:
опасызды , ауру, $н, əйел,
жаза, б$зу, есірткі, арты , &кім, сəйг&лік.
☻
«Жеті жарғы» тақырыбы бойынша сұхбат құраңыз.
◘
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғаңыз:
Тапсырманы уақытында орында... үшін оған риза болдық.
Тыныштықты қорға... үшін қызметкер марапатталды. Қылмыскерді ұста...
үшін алғыс алды. Кешік... үшін сөгіс жарияланды. Аса ауыр қылмыс жаса...
үшін бас бостандығынан айырылды.
►
«
Қылмыстың зардабы» дегенді қалай түсінесіз? Мына үлгілерді
пайдаланып, өз пікіріңізді білдіріңіз:
Менің байқағанымдай, менің ойымша, белгілі болғандай, ... деп
ойлаймын, ... деп есептеймін.
|