Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А


Қазақстан Республикасының елтаңбасы



Pdf көрінісі
бет80/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

Қазақстан Республикасының елтаңбасы
 
 
Қазақ халқы көптен күткен тəуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет 
болды.  Əрбір  азат  елдің  өзінің  тəуелсіздігін  білдіретін  басты  белгілері 
болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рəміздері, ұлттық валютасы.  
 
1992  жылы  4  маусымда  егемен  еліміз  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  рəміздері  қабылданды.  ҚР  Мемлекеттік  Əнұраны,  ҚР 
Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.  
 
Мемлекеттік  елтаңбамыздың  авторлары  –  Ж.Мəлібеков  пен 
Ш.Уəлиханов.  Елтаңбамыздың  негізі  –  шаңырақ.  Ол  елтаңбаның  жүрегі. 
Шаңырақ  мемлекеттің  түп-негізі  –  отбасының  бейнесі.  Шаңырақ  –  Күн 
шеңбері.  Айналған  күн  шеңберінің  қозғалыстағы  суреті  іспетті,  Шаңырақ  – 
киіз  үйдің  күмбезі  көшпелі  түркілер  үшін  үйдің,  ошақтың  отбасының 
бейнесі. Тұлпар дала дүлдүлі, ер-азаматтың сəйгүлігі, жеңіске деген жасымас 
жігердің,  қажымас  қайраттың,  мұқалмас  қажырдың,  тəуелсіздікке, 
бостандыққа  ұмтылған  құлшыныстың бейнесі.  Шаңырақтың айналасындағы 
уықтарды  тұлпардың  қанаты  қоршап  тұр.  Қанатты  тұлпар  –  қазақ 
поэзиясындағы  кең  тараған  бейне.  Ол  ұшқыр  арманның,  талмас  талаптың, 
асыл  мұраттың,  жақсылыққа  құштарлықтың  кейпі.  Қанатты  тұлпар  Уақыт 
пен  Кеңістікті  біріктіреді.  Бір  шаңырақтың  астында  тату-тəтті  өмір  сүретін 
Қазақстан  халқының  өсіп-өркендеуін,  рухани-байлығын,  сан  сырлы,  алуан 
қырлы бет-бейнесін паш етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты 
жұлдыз  оның  тəжі  іспетті.  Əрбір  адамның  жол  нұсқайтын  жарық  жұлдызы 
бар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет