Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік əнұраны



Pdf көрінісі
бет81/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік əнұраны. 
2006  жылы  7  қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Мемлекеттік 
Əнұраны  қабылданды.  Шəмші  Қалдяқовтың  «Менің  Қазақстаным»  əні 
Қазақстан  Республикасының  əнұраны  деп  жарияланды.  Кезінде  Жұмекен 
Нəжімеденов  жазған  əн  сөзіне  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
бастамасымен  кейбір  түзетулер  енгізілді.  Елбасының  ұсынысы  бойынша 
біріншіден,  əнұранның  мəтінінде  ғасырлар  бойы  тəуелсіздік  үшін  күрескен 
бабалар  ерлігі  көрініс  тапты.  Екіншіден,  мəтінде  асыл  мұрамыз  –  еліміздің 
кең  байтақтығы,  үшіншіден,  жер  мен  ел  байлығы  біздің  ұрпақтарымыздың 
болашағына  айқын  жол  ашатыны  көрініс  тапқан.  Ең  бастысы  – 
тəуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған. 
 
Сөзі: Жүмекен Нəжімеденовтікі, Нұрсұлтан Назарбаевтікі  
Əні: Шəмші Қалдаяқовтікі  
   


 
66 
Алтын күн аспаны, 
Алтын дəн даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 
  
      Қайырмасы: 
  
      Менің елім, менің елім, 
      Гүлің болып егілемін, 
      Жырың болып төгілемін, елім! 
      Туған жерім менің - Қазақстаным! 
  
Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тəуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мəңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 
  
      Қайырмасы: 
  
      Менің елім, менің елім, 
      Гүлің болып егілемін, 
      Жырың болып төгілемін, елім! 
      Туған жерім менің - Қазақстаным! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет