Садирбекова динара калымбековна



бет27/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

ПЕДАГОГ-МЕНЕДЖЕР
басқарушылық құзыреттілігі ұғымына анықтама беруге ықпал етті.







Сурет 3 - Педагог-менеджер тұлғасының құрылымы

Қорыта айтқанда, біз «педагог-менеджер» дегеніміз «демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы; әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы,


эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі» деп тұжырымдай отырып, осы ойымыздың негізінде болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық сапаларының, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы деп түйіндейміз.
Зерттеу барысында болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін жасап алу қажеттілігі туындады. Ол туралы 1.3 бөлімінде баяндалады.


    1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі


Болашақ педаготардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұнын жасау мен оны нәтижелі жүзеге асыру үшін алдымен оның құрылымдық-мазмұндық моделін жасап алу қажет. Өйткені, ол бізге осы қалыптастырудың құрамдас бөліктерін анықтауға, технологиясын жасауға, ұйымдастыру кезеңдері мен формаларын, әдіс-тәсілдерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындауға, диагностикалық құралдарын таңдауға және олардың барлығын бір құрылымға жинақтап, оған сәйкес жүйелі іске асыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан біз қалыптастыру, модель түсініктерінің мәнін қарастырамыз.
Ғылыми әдебиеттерде қалыптастыру ұғымы «белгілі бір пішін беру, бір нәрсені толықтыру», «әртүрлі факторлардың ықпалында жеке тұлғаны қалыптастыру»; нәтиже (тұрақтандырудың кейбір деңгейі, нысанды игеру, жеке тұлғаның қасиеттері); сыртқы және ішкі факторлардың (білім беру, оқыту, әлеуметтік және табиғи орта, өз іс-әрекеті) әсерінен тұлғаны дамыту үдерісі тұрғысынан қарастырылған [141, б. 67].
Біздің түсінігімізде «қалыптастыру» тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісі субъектілерінің басқарушылық ұстанымдары, яғни басқару құзыреттілігі арасындағы диалогке дайындықты қалыптастыру үшін студентті белгілі бір нысандармен және іс-әрекет шарттарымен қамтамасыз ету. Әртүрлі ғылыми проблемаларды шешу, білім беруде жаңа ақпараттар алу, зерттеу жүйелерін, құбылыстарды, үдерістерді негіздеу барысында модельдеу әдісі жиі қолданылады. Модельдеу шындықты зерделеудің кең таралған ғылыми әдістерінің бірі және жалпыланған және дерексіз объект, зерттелетін құбылыстың сұлбасы ретінде оның құрылысын білдіреді. Соңғы жылдары модельдеу әдісінің ғылым мен тәжірибенің көптеген салаларында кеңінен қолданылатындығын Ю.К.Бабанский, А.Н.Беляева, В.П.Беспалько, Н.Д.Хмель және т.б. еңбектер дәлелдейді. Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, модельдеу зерттелетін үрдіс немесе құбылыс туралы білімді жүйелеуге көмектеседі, олардың тұтас сипаттамаларының жолдарын болжайды, компоненттер арасындағы толық байланыстарды анықтайды, біртұтас жіктемесін жасау үшін
мүмкіндіктер ашады [160].
Философиялық тұрғыдан алғанда, модельдеу – бір жағынан адамның жасанды түрде жасаған жүйесі арқылы, тікелей зерттеу объектісі болып табылатын, күрделі жүйе арқылы білім алуға мүмкіндік беретін әдіс болып табылса, екінші жағынан білім алу, ал бүкіл жүйені зерттейтін жүйе үлгі саналады. Философиялық сөздікте модель «объектінің сипаттамаларын зерттеу үшін арнайы құрылады» деп түсіндіріледі [161].
Егер объектіні зерттеу мүмкін емес немесе қиын болса, онда модельдеу қажет. Философияда «модельдеу» адам танымының тәсілдерінің (әдістерінің, тәсілдерінің, жолдарының) бірін сипаттайтын ең маңызды санат ретінде ерекшеленеді. Психологияда модельдеу – шындықты зерттеудің кең таралған ғылыми әдістерінің бірі және жалпыланған әрі дерексіз объектінің құрылысы, зерттелетін құбылыстың схемасы. Бұл объект зерттеу үлгісі болып саналады [162].
Модель – физикалық объектілер мен жағдайлардың тиісті таңдаулы маңызды аспектілерін қамтитын күрделі нысандардың оңайлатылған сипаттамасы. Модельдеу – модельдерді құру және зерттеу әдісі, педагогикада кең таралған, себебіпедагогикалық объектілер басқалардан өзіне тән күрделілігімен ерекшеленеді. Н.В.Кузьмина модельдеуді педагогикалық іс- әрекетті талап ететін объект тұрғысынан қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет