Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
annotation15100
СОЦИАЛЬНАЯ СТРУКТУРА ОБЩЕСТВА, Диссертационная работа Бурхановой Д.К.
 
1.7.
 
Социологиядағы модернизация теориясы 
 


Әлемдегі байлық пен биліктің тең таралмауын түсіндірудің екі негізі бар. 
Бұл модернизация және бағыныштылық теориялары.
Модернизация теориясы өз шеңберінде жаһандық теңсіздікті қоғамдар 
арасындағы технологиялық және мәдени айырмашылықтармен түсіндіретін 
экономикалық және әлеуметтік даму моделі. «Модернизация» ұғымы қазіргі 
заманға лайықтау, жаңалау дегенді білдіреді. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-ші 
жылдары АҚШта жаңа технологиялардың пайда болуы мен көптеген 
елдердің АҚШқа жаулық тұрғыда қарауы кезеңінде қалыптасты.
Модернизация теориясы өкілдері әлем бірнеше жүз жылдық бұрын кедей 
болды. Сондықтан индустриалдық теориялардың дамуы сапалы өзгерістерге 
алып келеді. Модернизация теориясына сәйкес барлық қоғам жаңа 
технологияларды игеруге ұмтылмайды. Модернизация джемократиялық 
саяси жүйе, экономикалық еркіндік, тұлғаның автономиясы, азаматтық қоғам 
институттары мен құқықтық мемлекет сияқты жалпы азаматтық 
құндылықтарға сүйенеді. Бұл үшін мәдениет инновациялардан түсетін 
табысқа және материалдық құндылықтарға аса маңыз беруі қажет. 
Модернизация теориясында дәстүр экономикалық дамудың ең үлкен кедергі 
деп есептеледі. Отбасы институты күшті және өткенді құрметтейтін 
қоғамдарда адамдардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына әсер ететін жаңа 
технологияларды қабылдауға кедергі жасайтын мәдени инерция болады. 
Модернизация теориясының негізін рационализм, үнемшілік, урбандану, 
индустриализация құрайды. Модернизация теориясы бойынша байлықтың 
есігі 
баршаға 
ашық. 
Технологиялық 
прогресс 
барлық 
әлемге 
таралатындықтан, барлық қоғамдар өндірістік қатынастар тұрғысынан 
дамиды. Классикалық социологиялық теориялардың негізінде 
К. Поппердің
«ашық қоғам» ілімі жасалды. ХХ ғасырда модернизация ілімінің дамуына зор 
үлес қосқан У. Ростоу болды. Оның «Экономикалық өсудің кезеңдері. 
Коммунистік емес манифест» аттты еңбегі 1960 жылы жарық көрді. Оның 
пікірінше , дәстүрлі қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға өту тек экономикалық 
өзгерістер мен бұқаралық тұтыну және батыс демократиясына тән 
институттарды дамыту арқылы ғана жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет