адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген
жөн.
Қақтығыстың негізгі теориялары
“Ағарту” ғасыры жанжалдардың табиғатына қатысты көзқарастарға іс
жүзінде маңызды өзгерістер әкелмеді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында
ғана жанжалдар әлеуметтану, тарих, психология және құқықпен қатар
арнайы зерттеу пәндері қатарына ұсынылды. Жанжалтану ғылымының
ғылыми негіздерін бірінші кезекте Чарльз Дарвин, Огюст Конт,
Герберт
Спенсер, Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм, т.б. сияқты атақты
ғалымдар жасады.
Ч.Дарвин нәтижесі әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасы болған
биологиялық эволюция теориясын ұсынды. Оның жақтастары қоғам дамуын
қоғамдық іріктеудің биологиялық заңы деп түсіндірді.
К.Маркс жанжалдың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің
қойылуына сәйкес қоғам экономикалық,
әлеуметтік, саяси және
идеологиялық сияқты әлеуметтік кіші жүйелерден тұратын тұтастай
интегралды жүйе ретінде көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті
тәуелділікте және келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізгі жеке меншікке
қатысты белгілі бір факторы мен материалдық өндіріс болып табылатын
экономикалық кіші жүйе алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі
қоғамдық
дамудың
алдындағы
кезеңінде
жинақталған,
қарама-
қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның басқа күйге ауысуын
білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” ретіндегі таптық күрес
болып табылады.
К.Маркс пен оның ізбасарларына қарағанда Э.Дюркгейм қоғам
өміріндегі шешуші рөлді материалдық емес, рухани салаға жатқызды. Оның
пікірінше, адамның шынайы мінез-құлқына әсер ететін нормалардың
нақтылы жиынтығы өнегелілік жанжалды реттеу қасиетіне ие.
Атақты неміс ғалымы Г.Зиммель, жанжал алауыздықтың бір түрі болса
да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын
біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Жанжалтанудың
қалыптасуына П.Лавров, Н.Михайловский, М.Бакунин, П.Кропоткин,
П.Ткачев, М.Ковалевский т.б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның
ішінде, П.Лавров пен Н.Михайловский өрлеудің
қозғаушы және тиісінше
өлшеуші тұлғасы оның өзіне теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы
деп санады. Осыдан келесідей тұжырымдар жасалды: қоғам мен тұлғаның
арасындағы жанжалдың алдын алуға болады, өрлеуге өмір сүру үшін күрес
емес, көп деңгейде адамдардың ынтымақтастығы мен өзара көмектесулері,
әлеуметтік ортаның, тұлғаның қажеттіліктеріне бейімделуі қызмет етеді.
Осылайша, ХХ ғасыр басына таман жанжал кәдімгі әлеуметтік құбылыс
ретінде ғалымдар тарапынан мойындалды. Жанжал әлеуметтануының
дамуында Ральф Дарендорф және Льюс Козер үлкен рөл атқарды. Өзінің
“Әлеуметтік жанжалдың қызметтері” атты кітабында Л.Козер жанжалды
“құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге, күш пен ресурстарға ие болу үшін
күрес”, қарсы адамдардың
мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру
немесе көзін жоюға жететін ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік жанжал
қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты
әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік
жанжалды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек
десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі
топтың әлеуметтік шоғырлану
импульсі ретінде дәлелдейді.
Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде
қоғамдағы жеке адамдардың ынтымақтастығына баса назар аударды.
Бұған мүлдем қарама-қарсы көзқарасты неміс әлеуметтанушысы
Р.Дарендорф ұстанды. Ол үшін қақтығыс – қақтығыс әлеуметтануының орталық
санаты болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше, жанжалдасқан екі
жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды.
Жанжалдар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және
жат” құбылыс . Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп
мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған
деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында
плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде әлеуметтік
жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол жанжалды реттеудің
жеңіл нысандары. Жанжалды “шешу”, яғни оны толығымен жою. Ал бұны
істеуге
болмайды, олар барлық иерархиялық жүйенің салдары ретінде
барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды реттеуге болмайды дегенді
білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу керек: біріншіден,
құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау және
жанжалдасқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу
деңгейі ұйымдасу дәрежесінен
қаншалықты жоғары болса, келісім-
шарттардың орындалуы және келісімге жету оңай болады; үшіншіден,
белгілі бір ереженің өзара тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы
тараптар арасындағы қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік
береді.
Қақтығыстардың қызметінің позитивтілігі тек белгілі жағдайда ғана, яғни
қақтығыстың өткірлігімен, топ арасындағы мінездемелік қатынастар,
қақтығыс пайда болатын әлеуметтік құрылымдағы қатыгездікпен іске асады.
Маркс, Зиммель, Дарендорф, Козердің еңбектері негізінде бүгінгі таңда
қақтығыстар әлеуметтануы пайда болды.
Қақтығыс теоретиктерінің
жетістіктері «Қақтығыстар теориясы ерекше ойдың мектебі ретінде
жоғалуына әкелді. Оның түпнұсқалық аргументациясы барлық жерде
қабылданған: барлық әлеуметтанулық теориялар әлеуметтік өмірдегі
қақтығыстың кең таралуы туралы жеткізуге міндетті». Қақтығыстың заңды
әлеуметтік жүйе ретінде теориялық танылуы қақтығыстарды басқарудағы
шешімдерді қабылдауға ауысуына мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: