экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну
айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады.
Алғашқы
халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды
түрде бекітіледі. Г кезеңі гегемония үшін күрес кезеңі (1925-1969). Бұл
екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі,
әлемдік саяси-
құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау
саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге
“үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы, Д
кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін).
Сыртқы кеңістікті
зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы
халықаралық
пікірталастардың
шығуы
және
кейінгі
материалистік
құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың
таралуы туралы сөз болып
отыр. Жаһандық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу
сатысы, шын мәніндегі жаһандық бұқаралық-медиа, ғарыштық коммуника-
циялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі.
Достарыңызбен бөлісу: