Садырова М. С


Энтони Гидденстің жаһандану теориясы



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
annotation15100
СОЦИАЛЬНАЯ СТРУКТУРА ОБЩЕСТВА, Диссертационная работа Бурхановой Д.К.
Энтони Гидденстің жаһандану теориясы 
Энтони Гидденс - теориялық әлеуметтану мәселелерін зерттеуге зор үлес 
қосқан қазіргі заманғы ірі әлеуметтанушылардың бірі. 
Гидденс, Р.Робертсон секілді, жаһандануды жаһандық модернистік 
жобаның бір бөлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бөліп 
көрсетеді: 
(1) кеңістік пен уақыттың өзгеруін ол іс-әрекеттің белгілі бір кеңістікке 
үйреншікті болуының азаюы және әлемдік ауқымдағы оқиғалардың үндесуі 
деп түсінеді, бұл жерде әңгіме жаһандық коммуникацияның пайда болуы 
жайында болып отыр; 
(2) әлеуметтік институттар жергілікті жерлерден (“орындардан”) қол үзсе 
“жеміссіз” болып қалады. Тек үлкен жүйелер ғана өзгеріп қоймайды, сондай-
ақ әлеуметтік тәжірибенің жергілікті және тіпті жеке астарлары өзгереді, бұл 
қақтығыс пен әлеуметтік жіктеудің жаңа жүйелерін тудыратын көптеген 
қарама-қайшылықты процестерді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Гидденс 
Валлерстайнға қарағанда жаһандануды таза экономикалық процесс және 
феномен ретінде түсіндірмейді; 
(3) әлеуметтік білімнің әсері, тәжірибелік білімге деген бағдар өсе түседі. 
Қазіргі әсерлі қоғамның өзін Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме 
бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық 
жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриалану, қадағалау, күштеу 
құралдарын монополиялау, халықаралық еңбек бөлінісі, әлемдік әскери 
тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені 
экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, 
Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім нысанында болатынын 
көрсетеді, себебі капиталистік өндіріс пен бөлу қазіргі заман 
институттарының басты құрамдас бөліктерін қалыптастырады. 
Энтони Гидденстің жаһандану теориясындағы басты нәрсеге - модерннің 
жергілікті әдет-ғұрып пен дәстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті және 
жаһандық диалектикаға назар аудару қажет. Гидденстің ойынша, жеке 


адамның таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс-
әрекетке ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы әрекеттің оған 
берілетін жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе 
жанама түрде құрылымның бір бөлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс-
әрекеттің әлем-жүйені ұстап тұруда өмірлік маңызы бар. Гидденс жеке 
адамдарды өзінің салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік 
ықпалды жүргізушілер ретінде көрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті 
өзгерістер мәселесі кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде 
ұғынылатын жаһанданудың бір бөлігі болып отыр. 
Сонымен, біз Энтони Гидденстің жаһандану теориясы, мәселен 
Валлерстайнның әлемдік жүйелік сараптау теориясына қарағанда жоғары 
деңгейдегі жеке-дара агенттілікті баса көрсететінін байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет