Сағынбай Айзада 210б пән атауы: Философия Тақырып: №5 Практикалық сабақ



бет4/5
Дата19.03.2022
өлшемі12,01 Kb.
#136173
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Философия 5 тақырып Сағынбай Айзада 210Б

Абсолюттік ақиқат

Салыстырмалы ақиқат

Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда, дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар, дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Ол – шексіз үрдіс деп те айтуға болады. Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық дәл ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады. "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақиқаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік ақиқатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гөрі, ғалымдар қол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.



Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені, ол оның нақтылы- тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни, сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па? - деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені, ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені, су бар жерде - өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып жаңылуға әкелсе, жалғандық - өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, - дер едік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет