Сағынбай Айзада 210б пән атауы: Философия Тақырып: №5 Практикалық сабақ


Сезімдік танымға анықтама беріңіз, оның формаларын талдаңыз: «түйсік», «қабылдау», «елестету»?



бет2/5
Дата19.03.2022
өлшемі12,01 Kb.
#136173
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Философия 5 тақырып Сағынбай Айзада 210Б

1.1. Сезімдік танымға анықтама беріңіз, оның формаларын талдаңыз: «түйсік», «қабылдау», «елестету»?
Сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан-дүниесі қатысады. Сезімдік танымның негізгі формалары – түйсік, қабылдау және елестету болып табылады. Жағалай қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығымен физикалық құбылыстарға теңеуге, сонымен қатар, ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер – бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты. Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз – оның ащы-тұщылығын, түрлі-түсін т.б. қасиеттерін бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар, ерекше ескеретін нәрсе – адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, біз оны жегіміз келеді. Егер де осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни, оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдаймыз. Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып қабылдайды. Енді елестетуге келер болсақ, оның санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені, көзге елестетін зат, я құбылыс көз алдыңызда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретін досыңызды не болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазір жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет