Сахыбекова Меруерт Әділқызы


АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТЕРМИНДЕР



бет2/7
Дата03.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#183431
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5449418122496837174

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТЕРМИНДЕР


Паразитология (гр. сөзінен аударғанда parasitos – арамтамақ, тоғышар, logos – ғылым, ілім) – паразиттердің пайда болу жолдарын, паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасын, паразиттердің құрылысын, биологиясын, таралуын, сондай-ақ адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан босатылу жолдарын және паразиттік ауруларға қарсы күресу және алдын-алу шараларын зерттейтін ғылым.
Ветеринариялық зоопаразитология – жануарлар паразиттерін және олардың тудыратын ауруларды зерттейді.
Паразит (грек сөзінен аударғанда «para» – маңында, қасында, «sitos» - қоректену) – деп тiрi жануарлардың денесiнде әр түрлi ауру туғызатын бiр торшалы, немесе көп торшалы организмдердi айтады.
Паразитизм – бұл бiрiншi (паразит) екiншiнi (иенi) мекең ететін орта және қоректену көзi түрінде пайдаланатын, әрi екеуде бiр-бiрiмен антагонистiк қатысу орынында тұратын генетикалық әр тектi организмдердiң тарихи жиналған ассоциациясы.
Эндопаразиттер немесе iшкi паразиттер, олар иенiң iшкi мүшелерiнде және ұлпаларында мекеңдейді.
Инвазиялық аурулар (латынша invasio - басып кіру, жабуыл жасау деген мағанада) деп - жануартекті паразиттер гельминттер, жәндіктер, кенелер, қарапайымдылар қоздыратын аурулар деп аталады.
Резервуарлық ие – бұл иенiң денесiнде гельминттердiң инвазиондық жұмыртқалары мен дернәсілдері жиналады, бiрақта өсiп-өңбейдi.
Инвазияның экстенсивтiгi (ИЭ) – бүкiл зерттелген мал басынан зақымдалған жеке организм санын пайызбен есептеп көрсету, мысалы, гельминтокопрология кезiнде 100 мегежiннiң онында ғана аскарида жұмыртқалары табылады, ендеше ИЭ 10 % тен болады.
Инвазия интенсивтiгi (ИИ) - жануарды сойып ашып паразиттiң белгiлi түрiнің санын айқындау және данамен бағалау. Осылай, iрi қараның бауырын сойып ашып қарағанда 10 фасциола табылса, ИИ 10 % болады.
Дегельминтизация – гельминтоздарға қарсы шаралардың ең негізгі жолы яғни, химиопрепараттарды қолдану арқылы организмді гельминттерден босату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет