Сахыбекова Меруерт Әділқызы


ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕУЛЕР



бет3/7
Дата03.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#183431
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5449418122496837174

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕУЛЕР
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
АҚШ- Америка Құрама Штаты
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЭЗ - Экономикалық зияны
ИИ - Инвазия интенсивтiгi
ИЭ- Инвазияның экстенсивтiгi


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ауыл шаруашылығы еліміздің дәстүрлі, агроөнеркәсіптік кешенінің экономикалық тиімді бағыты. Мал шаруашылығының табысты дамуы инфекциялық және инвазиялық аурулардан таза болуына тікелей тәуелді. Еліміздің табиғаты, ауа – райының ерекшелігі шаруашылық жайылымдарында гельминтоздың таралуына белсенді ықпал ететін фактор, әсіресе ішек стронгиляттары. Ауыл шаруашылығы саласы жұқпалы аурулармен күресуде белгілі бір табыстарға қол жеткізсе де, гельминтоздар бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығы мен жеке секторға айтарлықтай зиян келтіріп отыр.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әртүрлі гельминтоздарды және атап айтқанда жануарлардың ас қорыту жолының стронгилятоздарын зерттеу бойынша жұмыс жандандырылғанына қарамастан, өңірлердің табиғи-климаттық, аймақтық ерекшеліктеріне байланысты стронгилятардың жекелеген түрлеріне, олардың экологиясына, биологиясына, олар тудыратын аурулардың эпизоотологиясына қатысты көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмеген. Мұндай паразиттердің қатарына Неamontus contortus және қойдың гемонхоздың неғұрлым патогенді түрі жатады. Республика аумағында қой шаруашылықтарында аймақтың ерекшелігін және түрлі аймақтарда қой ұстау нысандарын ескере отырып зерттеулер толықтыруларды қажет етеді.
Ас қорыту жолының стронгилятоздары барлық аймақтарда дерлік жануарлар арасында кең тараған гельминтоздар. Алайда климатқа, географиялық жағдайларға байланысты кіші топтың гельминттерінің түрлік құрамы және таралу дәрежесі Strongylata (Railliet et Henry, 1913) айтарлықтай өзгереді. Шаруа қожалығы экожүйесі жағдайында бұл гельминтоздар қой мен ешкі арасында кең таралған. Гемонхоз әсерінен шаруа қожалықтары мен фермаларды жыл сайын үлкен экономикалық шығынға әкеп соғуда. Қазіргі таңда мал басын көбейтіп, мал шаруалығын дамытуда маңызды мәселердің бірі гельминтоздармен күресу болып есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет