Сахыбекова Меруерт Әділқызы


Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы



бет4/7
Дата03.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#183431
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5449418122496837174

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының түрлі климато – географиялық аймақтарында түрлік, аса патогенді және кең таралған паразитологиялық ауру түрлерінің құрамы анықталды. Қойлардың ас қорыту жолдарында кездесін стронгиляттар аймақтың шаруашылық құрылым және нысан ерекшеліктеріне байланысты зерттелді.
Жануарлар популяцияда әртүрлі жастағы ас қорыту жолының гельминттері: аралас стронгилятоздарда көбінесе нематодирлер, гемонхтар, остертагиялар, хабертия, буностомдар, трихостронгилдер тіркеледі. Жарма ауданында маусымдық және жас ерекшеліктері, түрлі табиғи аймақтарда ұстау жағдайларына байланысты қойдың гемонхтармен инвазиялану динамикасы зерттелді. Әр түрлі климаттық аймақтарда әр түрлі жайылымдар мен айдау трассаларында Haemoncһus Contortus инвазиялық дернәсілдерінің даму және өміршеңдік мерзімдері анықталды, жайылымдарға және ішек стронгиляттарына қатысты сыртқы ортаның басқа да объектілеріне, атап айтқанда Haemoncһus Contortus гельминтологиялық бағалау берілді және оларды табиғи зарарсыздандыру мүмкіндіктері анықталды. Қойдың асқорыту трактісінің стронгилятоз қоздырғыштарының паразитоценологиялық қатынастары, әр түрлі өміршеңдігіне әсер ететін факторлар, бір мезгілде жұғу кезіндегі олардың эпизоотологиялық рөлі анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жарма ауданының «Қонысбай» шаруа қожалығындағы қой гемонхозы эпизоотологиясының кейбір аспектілерін, гемонхоз бойынша гельминтологиялық жағдайын болжау тәсілін және ас қорыту жолының стронгилятозынан қойларды сауықтыру бойынша ұсыныстарды әзірлей отырып, тиімді күрес шараларын ұйымдастыру. Жарма ауданының «Қонысбай» шаруа қожалығы аумағындағы түрлі экожүйелерінде қойдың асқорыту жүйесінің стронгилятоздарының кең таралған қоздырғыштарының түрлік құрамын анықтау, аймақтың әртүрлі шаруашылық құрылымдарында қойдың гемонхтармен зақымдануының таралуын, жиілігін және көрсеткіштерін талдау. Зерттеу нәтижелері паразитология саласындағы гельминттерге қарсы күресу шараларына толықтырулар енгізуге және гельминтоздарға қарсы тиімді дегельминтизация жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы мал шаруашылығына инвазияның әсерінен келетін шығынды минимуға жеткізу бағытталған гельминтоздарға қарсы дегельминтизация жұмыстарын жетілдіру және оның жүйелерін құру туралы зерттеуден жиналған материал болып табылады. Дипломдық жұмысты жазу барысында жинақталған материалдар универ жүйесіндегі оқу процесі барысында қолдануға тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет