Дипломдық жұмыстың мақсаты - Жарма ауданының «Қонысбай» шаруа қожалығындағы қой гемонхозы эпизоотологиясының кейбір аспектілерін, гемонхоз бойынша гельминтологиялық жағдайын болжау тәсілін және ас қорыту жолының стронгилятозынан қойларды сауықтыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Қойылған мақсаттарды орындау үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Жарма ауданының «Қонысбай» шаруа қожалығы аумағындағы түрлі экожүйелерінде қойдың асқорыту жүйесінің стронгилятоздарының кең таралған қоздырғыштарының түрлік құрамын анықтау;
- Аймақтың әртүрлі шаруашылық құрылымдарында қойдың гемонхтармен зақымдануының таралуын, жиілігін және көрсеткіштерін анықтау;
- Қой шаруашылығын жүргізудің әртүрлі тәсілдері кезінде қойдың гемонхтармен инвазиялануының маусымдық және жас серпінін зерттеу;
- Heamoncһus Contortus жұмыртқасының даму мерзімдерін және личинкаларының тіршілік ету мерзімдерін анықтау;
- Сыртқы орта объектілерін, жайылымдарды, айдау трассаларын, шөптерді, топырақты стронгилятоз қоздырғыштарының жұмыртқалары мен дернәсілдерінің бар-жоғын зерттеу;
- Гемонхоз бойынша гельминтоз жағдайын болжау тәсілін әзірлеу және шараларды жетілдіру бойынша негізгі бағыттарды анықтау;
- Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы «Қонысбай» шаруа қожалығындағы қой стронгилятоздарының алдын алу және күресу шараларын ұйымдастыру.
Диплом жұмысының нысаны: ветеринариялық қызметті мемлекеттік реттеуде жүзеге асырылатын шаралар және қолданыстағы әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбы: ветеринариялық қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдарының түрлері, оларды қолданудың әлемдік және қазақстандық тәжірибесі мен мәселелері.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін ветеринариялық қызметті реттеудің теориясы, мемлекеттің ветеринария қызметін жүзеге асыру шаралары, отандық және шетелдік мамандардың классикалық және замануи ғылыми зерттеулері құрайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі: Ғылыми зерттеу мен тәжірибелік жұмысты көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері құрайды. Атап айтқанда, К.И. Скрябин, С.Н. Боев, Р.С. Шульц, Н.Н. Шихобсиова, Н.П. Шихобалова, Е.С. Лейкина, В.С. Ершов, В.Н. Трач, А.С. Бессонов, Ж.Қ. Қарабаев, Г.И. Диков, В.Т. Рамазанов, Я.Д. Никольский, М.И. Наумычева, А. Лысенко, N.H. Kent, E.J.L. Soulsby, T. Vamanata, F. N. Roberts, D. F. Stewart, Н.Gordon, D. F. Stewart, V. Everett, T. D. Dunsmore, Н. Turner,
J. Moon және тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |