Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет14/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39

Сол әдемі әуен мен күй күмбірі беріліп жатқанда Айдынбек өзінің каютасындағы жуынып-шайынатын бөлмесіне еніп те үлгерген еді. Сондықтан да осы «Түнгі мезгілде» ешқандай да жаңалық ашылмағандай көрінген ғалымдарға. Ғалымдар әдеттегілерінше төсектерінен тұрып, жуынып-шайынып, жаттығулар жасап жатты. Ал ондай кезде бөлек бір ән мен күй беріліп, адамның көңіл-күйін одан сайын сергіте түседі. Сондай бір сергек күйде Жебеуші де жуынып-шайынып болған бетте Айдынбектің каютасына қарай асыққан. Бұл оның күнделікті әрі о бастан қалыптасқан әдеті. Айдынбек те оның келетінін білетін болған соң төсек-орнын тап-тұйнақтай етіп жинастырып, биороботтар дайын еткен таңғы асына отыруға дайындалған. Қабырғадағы дыбыс күшейткіштерден төгілген ән мен күйді бар даусына қойған. Өзі оны ұйып тындап отырған.

  • Қайырлы тан, Айдынбек! - деп асханаға кіріп келді Жебеуші сәл уақыт өтпей.

  • Қайырлы таң! —деді Айдынбек оған оң қолын соза беріп.

Екеуі қол алысты. Бұл жер бетіндегі адам баласының ер азаматтарының амандасу дәстүрі. Оның ешқандай да таңданаларлығы жоқ-ты. Жебеуші осыдан соң қол шаятын бөлмеге кіріп шықты. Айдынбек оны дастархан басына шақырған. Жебеуші үстел жанындағы асханаға арналған қатқылдау орындыққа отырды.

  • Ал, қалай демалдыңыз? - деді содан сон Айдынбек кесеге құйылған шай ұсынып тұрған аспазшы-даяшы биороботқа бір қарап, кесені алып, Жебеушіге ұсынып.

  • Жақсы. Өте жақсы ұйықтадым. Тіпті, әдеттегідей быжырқай-тыжыркай түсте көрмеппін. Мұндай ұйқы менде сирек болады.

  • Ол жақсы екен. Ал мен керісінше, түнімен түс көріп шықтым, — деді Айдынбек Жебеушіге қарап сәл езу тартып.

  • Ол қандай түс өзі, сізді түнімен мазалаған? — деп Жебеуші де елең еткен.

  • Түс болғанда да бір керемет түстер!

  • Әлгі елес-қыз емес пе?

  • Жоқ.

  • Бөтен кеме ме?

  • Ол да емес.

  • Ә, ендеше, Раушан болды ғой!?

  • Жок, ол да емес.

«Енді не» дегендей сұраулы көздерін Айдынбекке қадады Жебеуші. Ол тағы да сәл езу тартып барып сөзін одан әрі қарай жалғады.

  • Таппадыңыз. Айтайын. Ол — әуен. Ол — дыбыс.

  • Ойлағаннан болар ол. Сізге енді, тіпті, ұйықтағанда да маза бермейтін болған ба, қалай өзі?

  • Иә, сондықтан да мен ұйықтаған жоқпын.

  • Ұйықтамағаны қалай?

  • Солай, ұйыктаған жоқпын.

  • Сонда қайда болдыңыз?

  • Арнайы бөлімде.

  • Саматтың жанында ма?

  • Иә.

  • Не жаңалык болды?

  • Жаңалық сол. Жаңағы айтқан дыбыс пен әуен.

  • Әлгі елес-қыздың дыбысы мен әуені ме?

  • Сол қыздыкі сияқты. Бірақ дәл айта алмаймын. Оны анықтай түсуіміз керек.

  • Ал кеме ше?

  • Кеме жоқ- Меніңше, ол кемедегілер өз ғаламшарларына қайтып кеткен.

  • Ғаламшар?

  • Иә.

  • Сонда олар шынымен-ақ басқа ғаламшардан келген бе?

  • Солай деп ойлаймын. Өйткені, ол кеме бұл мұхиттын ешбір аймағында жоқ.

  • Ендеше жаңағы дыбыс пен әуен қайдан жетті?

  • Соны өзім де түсінбеймін.

  • Бәлкім, ол киттердің белгі дыбысы шығар?

  • Жоқ. Дыбысының әуенділігі, толқын жиілігі, сол елес- қыздың дыбысы мен әуеніне келеді.

  • Түсінсем бұйырмасын, - деді Жебеуші сәл суыңқырап қалған сүт шайынан бір-екі ұрттап жіберіп.

  • Дыбыстың ерекше екені анық!

  • Оны жазып алдыңыздар ма?

  • Жазғанда қандай. Түгелін жаздық. Бәрі дайын.

  • Ендеше, мына таңғы астан кейін соны саралауға кіріселік те?

  • Міндетті түрде. Ал енді дәмнен алыңыз, — деп жымиды Айдынбек.

Таңғы астан кейін ғалымдар арнайы кең мәжіліс залы на жиналды. Дыбыс пен әуеннің құпия-сырын ашуға кемедегілердің бәрі де араласты. Ұйқыдан жаңа-жаңа тұрып, жуынып- шайынып, жаттығулар жасап, жаңа ғана таңғы астарын ішсе де, ғалымдар мына жаңалықты естігеннен кейін ерекше сергіп кетті. Жас ғалымдар өздерінің тып-тыныш ұйықтағандарына бір түрлі ыңғайсызданған сыңай да танытты. Негізгі мақсат осындай құпия-сырды ашу болған соң қайтсін? Бәрі де бір - бірімен енді қалай демалғандарынан гөрі дыбыс пен әуеннің қайнар көзін қалай табамыз деген мақсатта пікірлесуге көшкен. Бірақ ғалымдардың жақсы ұйықтап, жақсы тыныққандары анық байқалады. Олардың арасында Айдынбек қана бозғылт жүзді, шаршау көрінді. Онысын қанша жасырғысы келсе де болмайды-ау. Ғалымдардың бәрі де психолог емес пе? Адам баласының қандай көңіл-күйде тұрғанын айтқызай-ақ біле қояды. Айдынбек те өз әріптестерінің шаршау жүзін танып тұрғанын іштей сезді. Бірақ теңіз түбінен жеткен сол бір сәттік әуен мен дыбыс оның күш-жігерін адам танымастай дәрежеге еселеп жібергендей. Сонысы ғана ғалымдарға дем бергендей де. Айдынбектің ғылыми ізденістен бір минутке де қол үзгісі жоқ екенін қай-қайсысы да біледі. Айдынбекке табиғат ерек­ше дарын мен күш-қуат сыйлаған. Онын өзге адамдардан ә дегеннен көзге түсіп тұратыны да содан болар-ау?! Ұлы Жаратушының өзі де мұндай адамдарды сирек етіп жаратпай ма? Ғалымдар қашан да, кай кезде де Айдынбектің әрбір басқан ғылыми қадамына осылайша сүйсіне қарайды. Енді, міне, түн ұйкысын түгел бөліп тағы бір жаңалықты ашып отыр.

Ғалымдар кең залда осылайша бір-бірімен де, Айдынбекпен де пікірлесіп, кеңесіп алғаннан кейін түскі ас ішуге беттеген. Таңертеңгілік асын асығыс, атүсті, әңгіме үстінде ішкендіктен бе Айдынбек те жүрегінің саза бастағанын сезген. Әлгі бір дыбыс пен әуен мұхиттереңінен пайда болған соң-ақтамақ дегенді де, ұйқы дегенді де атымен ұмытқандай болып еді ол. Енді ғана өзінің үстінен үлкен біржүк түскендей сезінді. Каютасына соғып, түскі жаттығуларын жасады, жуынып-шайынды. Тек содан кейін ғана елмен бірге асханаға тартты. Айдын­бек мұндай сәттерде де оқшау қалмайтын. Мұхит тереңін зерттеуге құштар жас ғалымдар қашан да оның жанында жүреді. Жебеуші кейде оларға: «Айдынбекті көп мазалай бермеңдер. Ғалым қатты шаршады. Сұрақтарынды қойын дәптерлеріңе немесе қойын компьютерлеріңе жазып қойындар. Ал қолы тиіп, реті келгенде Айдынбек ол сұрақтарыңның бәріне де жауап беретін болады. Қазір оның әрбір минуты қымбат. Ұйқы көрмей жүргені де сол», - деп ескертеді. Ғалымдар оны түсінеді. Бірақ мынандай қайталана бермес бір қызықты сәттер келгенде бәрін де ұмытып, Айдынбекті қайтадан қаумалап алады. Жебеуші ондай сәттерде жымиып қарағаннан басқа ештеме де жасай алмайды. Жастарға кедергі жасамауға да тырысады. Ең бастысы - Айдынбек шаршамаса болғаны да.

Енді, міне, дәл сондай бір сәт тағы да орын алды. Айдын­бекке жан-жақтан сұрақ дегенді жаудырды-ау.

  • Айдынбек аға, айтыңызшы, түнде қабылдаған дыбыс пен әуенді сол бір елес-қыздан жеткен белгі немесе сұраған көмек деп ойлайсыз ба?

  • Неше түрлі ойлауға болады. Маған бұл дабыл мен әуен, шын мәнінде көмек сұраған белгідей болып та көрінеді, — деді оған Айдынбек жымиып қойып.

  • Ал сол қызбен кездесудің мүмкіндігі туа ма? Егер мүмкіндігі туар болса, сіз оны іздер ме едініз? — деді екінші бір жас ғалым.

  • Әрине, іздейміз. Не үшін жүрміз, бұл су астында? Тек қана бір заманда осы мұхит тереңіне батып кеткен ел мен кемелерді ғана іздеп табу емес қой, біздің мақсатымыз.

  • Ал, неге ұсталмайды ол?

  • Неге ұсталмасын? Ұсталады. Мұндай операциялар ә дегеннен жүзеге аса салмайды, інілерім. Әлі ол қызды осы кеменің ішінен деталай көретін боласыңдар.

  • Мұны сіз қандай негізге сүйеніп айтып тұрсыз, Айдын­бек аға? - деп төтесінен сұрақ қойды пысықтау бір жас ғалым.

  • Мен ештемеге де сүйеніп айтып тұрған жоқпын мұны. Бірақ, мен ол қыздың ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы кемеде болатынына сенемін.

  • Сонда бұл жан дүниенің жастық сезімінің қайта оянайын деген белгісі ме? - деп қалды енді бірі.

  • Әй, жастарым-ай! Айтасындар-ау! Адамның жасы ұлғайған сайын оның жан дүниесінің сезімі де әлсірей бермейтін бе еді? Менікі мүлдем басқа сезім, інілерім. Сендер айтқандай жақсы көру, сүйіп қалу сезімі емес.

Жастар жағы бір-біріне қарап жымиысқан. Содан соң Айдынбектің белгісімен әрқайсысы өздерінің тамақтанатын дастархандарының жанына жайғасқан. Тамақтан алуға кіріскен. Әңгіме - дүкен деген де бір сәтке тыйылған. Енді оның орнын қасык, шанышқы, табақтардың дыбысы алмастырған. Тамақ ішкен кезде әңгіменің доғарылғаны да мәдениеттің бір белгісі. Соны білетін кеме құрамы түскі асты тып-тыныш отырып, бар тәбеттерімен ішіп-жеді. Ал Айдынбек болса да сол бір ойларынан арыла алған жоқ. Тамағын жей отырғанымен ой-қиялы сонау мұхит тереңінде жатты.

Тамақтанып болғаннан кейін ғалымдар жапа-тармағай өз істеріне кірісіп те кетті. Тек шамалы уақытты ғана тоқ басуға арнаған. Айдынбек ғалымдармен бірге Самат екеуі жазып ал­ған бөгде дыбыс пен әуенді тағы бір мұкият тыңдап, оның нақты шешімін айту үшін арнайы бөлімге қарай тартты. Келесалысымен сағынып қалғандай Айдынбек оны бір емес, бірнеше рет тыңдап шықты. Тек содан кейін ғана ол басшылықты уфологқа тапсырып, өзі екі-үш сағатқа көз іліндіріп алуды жөн санады. Онысын дұрыс деп қолдамаса, ешкім де қарсылық білдірген жоқ. Қайта шамалы уакытқа болса да дамыл тапқанын тілеген. Айдынбек мән-жайды түсіндіре келіп. «Аса қажет болғанымда арнайы дабыл жүйесі арқылы шақыруды ұмытпаңыздар» деп ескертті.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет