Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет16/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

Раушан толқып кетті. Қатты толқығаннан қол-аяқтары да мұп-мұздай болып кеткендей. Жаймен ғана кейін шегініп келіп, жұмсақ орындыққа сылқ отыра кетті. Екі көзі теледидарда. Күнделікті өзіне серікболғандай алдандырып, уақытын өткізіп отыратын теледидар да енді қорқынышты бола бастаған. Оны қоспаса, радио тыңдамаса, газет оқымаса, көшеге шықпаса, ешқайда қыдырмаса, қалайша уақыт өткізбекші? Соны да ойлай бастаған Раушан. Адам ойынан жүйрік нәрсе бар ма? Айналасы бірнеше минуттың ішінде талай жерді қиялмен шарлап үлгерді. Ал бұл кезде теледидар беті бір де бір рет өзгерген жоқ. Тек әлгі әуен ғана...

Сәлден сон Раушан тағы да бірдемеден кенет шошығандай болып елеңдеп жан-жағына қарайлады. Ондағы ойы: «Осы мен нені күтіп отырмын. Жаңағы көріністерді неге бейнетаспаға жазып алмадым. Еш болмаса, жаңағы әуенді жазып алмағаным қалай?» дегені еді. Сөйтті де қолындағы құралдың тағы бір түймелерін рет-ретімен басты. Сол замат теледидардын астыңғы жағында түрған бейнетаспаға жазатын құралдың жасыл шамдары жыпылық қақты. Бұл бейнежазба таспасының іске қосылғанының белгісі. Раушан осыдан соң-ақ сәл де болса сергиін деді. Әйтпесе, құр сөзден не шындық? Мұны сақтап қойып, Айдынбек келген соң көрсетсе, айтқан сөзінің нақ дәлелі болмақ. Жанағы әуен де осы әрекетін сезгендей теледидардың дыбыс күшейткішінен естіле түскен. Раушан сәл уақыт өткен бойда теледидарға басқа да жүйелерді жалғастырды. Оның бәрін кезінде Айдынбек көрсеткен. Бір үйде екеуі ғана болған соң да соңғы кездері дүкенге түскен жетілдірілген бейне, радио құралдарын ала берген. Әрі оларды екеуі бірдей меңгерген. Раушан сол біліктіліктің пайдасын енді көріп отыр. Осыдан біршама уақыт бұрын ғана тырс еткеннен қоянның көжегіндей селтете беретін Раушан енді батылданып, жігерленіп те кеткен. Бөлме ішінде де қасында тап Айдынбек тұрғандай емін-еркін жүре бастады. Түннің бір мезгілі емес, тан күндізгі мезгіл келе қалғандай сезінеді өзін енді. Ұйкы деген әлдеқашан-ақ өз жайын тауып кеткен. Бірақ қанша дегенмен де түн мезгілі болған соң ба, қайсы бірісінде ерекше байыппен жасайды. Тек енді еш түсіне алмағаны теледидардан берілген мұхит астындағы кеме мен ерекше әуен ғана. Біраздан соң шыдамаған Раушан бейнетелестудиясының кезекшісіне бейнетелефон соқты. Ондағы өзі қатарлас кезекшіге стереотеледидардан мұндай шұғыл телехабардың болуының еш мүмкін емес екенін ескертті. Оның өзін бір жағынан күмәндандырып, екінші жағынан үрейлендіргенін ай­тып салды. Раушан бекер елеңдемеген екен. Хабар, қызық болғанда, телестудиядан берілмеген болып шықты. «Сонда бұл не? Қайдан жеткен хабар бұл? Кім таратып жатыр мұны? Ал, мына бейтаныс әуенге жол болсын?» деген ойлар Раушанды қатты толғандырды. Әзірге қолынан келгені бейнекөріністің соңғы жағы мен әуенді жазып алғаны ғана болды. Басқа қолы­нан келер шарасы да жоқ-ты. Ендігі асыға күткені — таңның тезірек атуы болды. Мұндайда қырсыққанда уақыттың да өтпей кететіні бар. Раушан шамды сөндірместен төсегіне қайта жатты. Бірақ таң атқанша көз іле алмады.

Қолға түскен бейтаныс қыз



Кемедегі қысқа мерзімдік кезекті демалыстан кейін ғалымдар ғылыми зерттеу жұмыстарына қызу кірісіп кеткен-ді. Енді бәз-баяғыша ұйқыны қандырып тұрып, асықпай тамақтанып, жұмысқа асықпай кірісетін жағдай жоқ-ты. Айдынбек пен Самат жазып алған құпия әуен мен дыбысты жан-жақты зерттеген ғалымдар оны. «Сол елес-қыздың әуені. Бұл жолғысы әлде кімнен көмек сұрағандай. Шамасы, өз сапарластарынан айырылып қалған. Не болмаса, ол сапарластары қызды әдейі адастырып кеткен» деген тұжырыммен тоқтаған. Айдынбек те дәл солай ойлаған-ды. Енді, міне, онысын сапарластары да растап отыр. Енді ештемені де ойланып-толғанумен шектеліп күтудің реті де жоқ еді. Сол беймәлім кеме тұрған орын толығымен анықталғаннан кейін төңіректі барлап-бақылау ісі де басталып кеткен.

Жақсы болғанда, бұл сапарға Айдынбек қосымша екі барлаушы-жүзгішті алып шыққан болатын. Олар тап осындай күрделі істе қажет. Әрбір су асты сапары өзінше бір-бір сабақ қашан да. Әрбір сапардан осындай-осындай тәжірибе жинақталады. Өткендегі сапар осындай күрделі зерттеуге қосымша барлаушының қажет болатының аңғартқанды. Өйткені, тек кеменін ішінде отырып алып, күрделі жүйелермен, өлшеуіштермен зерттеу жүргізумен шектелудің де жөні жоқ-ты. Ай­дынбек өзінін бұл әрекетіне іштей қуанып та алды. Тек өзі ғана емес, мына жағдайда ғалымдардың бәрі де Айдынбектің осындай көрегендігі мен батылдығына тағы бір ризашылық білдірген. Осы идеяны Айдынбек сапар алдында айтқанда әлде кімдер: «Кемеде күрделі де өте сезімтал жүйелер тұрғанда қосымша адам алудың не қажеті бар еді. Оларға мұхит теренінде қатер төнбей ме? Оның үстіне кемедегі өттегі мен суда есептеулі ғой», - деп өзеурегендері де болған. Айдынбек сон­да да өз бетінен қайтлаған еді. Кейде, адамның бір беттілігі де осындай жақсылыққа алып келеді. Бұл жолы да Айдынбек өзінің ісінін дұрыстығын кеме құрамы алдында толығымен дәлелдеп шықты.

Енді күтудің жөні жоқ-ты. Барлаушы екі жігіт арнайы комбинезондарын киіп, кеменің төменгі бөлігіндегі суасты мотоцикліне отырғаннан кейін мұхитқа шығуға рұксат берілді. Артынша кеменің төменгі жағынан қақпақ ашылды. Сол замат суды ығыстырып шығару, тазарту сияқты кез келген адамға түсінікті бола бермейтін күрделі процестер өз бетімен жүріп жатты. Ғалымдар екі батыл жігітті шығарып салған соң арнайы экрандардың алдына отырып, бақылауға кірісті. Ендігі мақсаттары да екі жігіттің әрбір қимыл-әрекеттерін қадағалап, қажет жағдайда ақыл-кеңес беріп отыру.

Сәлден соң олардың әркайсысының алдарындағы шағын- шағын экрандар лып-лып жанды. Сәл уакыт өтпей кеме астындағы бөлімдер көрінді. Көрініс бірте-бірте су әлеміне ауысты. Ал бұл кезде алдын ала белгіленген бағытпен екі мотоциклші сүңгуір жігіт зымырап кетіп бара жатыр еді. Олардың мақсаттары әуелі осы төңіректегі тау жоталары мен үңгірлерді шарлап-барлап шығу болатын. Екеуі соған қарай асыққан. Айдынбекте болса да дегбір жоқ. Зерттеп жүрген бір өзі емес, бір топ ғалым болса да бәрі бір, жауапкершілігін ерекше бөлек сезінеді. Екі жігіттің әрбір қимыл-қозғалысын кірпік қақпай бақылайды.

Екі жігіт үңгір бар аумақты бетке алып зымырап барады. Экрандардың бірінен екеуінің тек көлеңкелері мен мотоциклдерінен тараған жарығы ғана көрінеді. Ал келесі экраннан екі жігіттің қалың шыны-шлемнің ішіндегі жүздері дәл алдарында тұрғандай ап-анық шалынады. Оны көрген адам ешқандай да қауіп-қатер дегенді ойламас еді. Олар көріп бара жатқан мұхит тереңінің әлемі де айдан анык. Ал таулы-ойпатты жерлер көзге түскенде, кәдімгідей ойлануға тура келеді. Кей­де екі жігіттің тұтас бейнелері біртұтас жарық сәулеге айналып шыға келгендей де болады. Осы тұста Айдынбек те: «Өткенде әлгі елес-қыздың бейнесі де тап осы сияқты бір уыс қана жарық болып басталған еді-ау. Сол қыз ешқандай да елес емес, нағыз адам баласының өзі болып шықпасын», — деген ойғада келді.

Көп кешікпей екі жігіт су асты мотоциклдерімен сол зымыраған бетте барып үлкен үңгірдің ішіне еніпте кетті. Соның артынша манадан бері жарқырап жанып, алды-арттарын, жан-жақтарын жап-жарық етіп бара жатқан шамдарының жарықтары да кәдімгідей олеусіреп кеткендей болды. Бірақ ол құбылыс ғалымдарға обастан белгілі болатын. Сондықтан да мотоциклдерге ерекше қуатты шамдар орнатылған. Ол шамдарды осындай жағдайда ғана қосулары керек. Өзі де солай болды. Жігіттер үңгірдің терең қойнауына енген бетге сол қуатты шамдарын қосты. Сол-ақ екен, көрініс күрделене түсті. Үңгір ішінде бұрылыстар көп еді. Жігіттерге ерекше батылдық қажет болды.

Бұл мұхиттың астының бір заманда құрылық болғаны тарихтан жақсы белгілі болатын. Ғалымдар бұл аумақтың гидрокартасын да жақсы біледі. Сондықтан да үңгір ішінің бұлтарыс-бұлтарыстығы ғалымдардың ешқайсысын толғандырған жоқ. Екі жігітпен жиі-жиі хабарласып, олардың үңгірдің бүйір - боұжырына соқтығысып қалмауын қадағалаумен болды қай қайсысы да. Бірақ сәтсіз жағдай орнаған жоқ. Екі жігіт тіпті де мұқият дайындалған болатын. Ол екеуіне әрбір қалтарыс әрбір сүйір тас бес саусақтай белгілі. Сол себепті де мотоциклист-сүңгуірлер үңгір ішінде де өз жылдамдықтарын аса бәсейте қойған жоқ. Қажет жерде кілт бұрылып, енді бір жерінде сәл еңкейіп, үшінші бір жерінде кейін шалқая отырып кетіп барады. Су асты көлігінің тағы бір тамаша ерекшелігі оның кез келген бағытта жүзе алатынында. Дөңгелегі тайып жерге құлап түседі дейтін ештеме де жок. Мотоциклдер қисайып та, аунап-аунап та жүзе береді. Мотоциклдер шамдарының жарығы мен неше түрлі мәнермен жүзуін көрген бейтаныс адам шын мәнінде де шошып қалмақ. Мотоциклдердің өздері де кәдімгі құрлықтағыдай емес, су астының тіршілік иелеріне сай пішінде жасалған. Айырмасы - оның маңдайында қуатты және аса қуатты шамдар орнатылған. Содан соң онын жүзу жылдамдығы көз ілеспейтін жылдамдық әуе кемесі аспанда құс атаулыдан қалай озып кете алса, су астында мотоцикльде дәл солай су астының ең жылдам жүзе алады деген тіршілік иелерін әп-сәтте кейінге тастай алады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет