Бірақ сол қуанышпен аптығып барған ғалымдар құтқару қайығының есігі ашылғанда қыздың жағдайының онша емес екенін байқады. Алғашқы қуаныш пен бір-бірін кұттықтау рәсімі жайына қалды. Енді күтпеген жерден жас қызға дәрігерлік көмек ұйымдастыру қажет болды. Қыздың сүлулығында шек жоқекен. Сәл қырын келген мұрны, ат жақтылау келген жүзі, ботадай көзі, жайыла төгілген қара маржан шашы мен нәзік денесі мұнда тұрғандарды кәдімгідей-ақ есеңгіретіп тастағандай болды. Айдынбек қана өзін басшы ретінде қатаң ұстап, жылдам көмек көрсету әрекетіне көшті. Қыз Айдынбекке қадала бір қарады да сүлк түсіп, тып-тыныш қалды. Онынталып қалганың, иә болмаса онын қандай да бір қорқынышқа ұшырағанын дәл ажырату қиынның қиыны еді. Сондықтан да оны анықтау ісі кемедегі дәрігерлердің үлесіне қалған. Мұндай үлкен кемеде, сүңгуір кемеде дәрігерсіз күн жоқ. Бұл өмірдің заңы. «Көптен іздеген қызды таптық. Ұстадық»деп мәзболған кезде, оның мынандай күйге көшкені қай-қайсысынының да жанына аз батқан жоқ. Дәрігер Адамбек Жүсіпұлы мән-жайды бірден түсінді де:
Қызды тез арада қалыпқа келтіру бөліміне жеткізу керек! Меніңше, бұл суық, қорқыныш пен аштықтан болған әлсіздік! Өзге қауіп жоқ! Өз жұмыстарыңызды алаңсыз жалғастыра беріңіздер! Қыз әлі-аққалпына келеді! — деп жан-жақтан енгелей қарап тұрғандарды жұбатты.
Апарайық! — деді Айдынбек дегбірсізденіп, — тек абай болыңыздар! Титтей өзгеріс болып жатса да бізді хабарсыз қалдырмаңыздар! Өтініш сол!
Қолдан келген көмектіңбәрін де жасаймыз! — деді Адамбек Айдынбекке қадала қарап тұрып.
Қызды тез арада қалыпқа келтіру бөліміне жөнелтті дәрігерлер. Мұнда енді бірнеше ғалым ғана қалган. Айдынбек те осында. Әп-сәтте кеме іші осындай абыр-сабыр жағдайға айналып шыға келген. Бірақ ешкім де өзінің алға қойған ғылыми зерттеу ісінен, мақсатынан ауытқыған жоқ. Қайта бәрі де шымырлана түскен. «Қай жақтан қандай қауіп төне қалады» дегендей қорғаныс құралдарын да қадағалау жағдайына келтірген. Байланысшылар болған жайды жер бетіндегі тиісті орындарға хабарлап та үлгерді. Бірақ олар толық мәлімет бере қоймаган. Өйткені, қыздың жағдайы жақсармай жатып даңғыра қаға берудің де жөні жоқ-ты. Бұл жағын Айдынбек байланысшыларға арнайы ескерткен.
Ал кемедегілердін бір тобы болса бұл кезде қыз ұсталған аумаққа жіті бақылау жасауға кірісіп те кеткен. Ондағы ойлары, «Әлгі бөтен кеме қайтадан байқалмас па екен» дегендер! еді. Бірақ әзіргеондайбелгібола қойғанжоқ. Мұхиттерені тып-тыныш. Пәлендей бір қозғалған су астытіршілік иесі де, бөтен дене де жоқ. Ал дәрігерлер жағы қызды қалыпқа келтіру бөліміне жеткізген бойда қатаң бақылауға алған. Қыз көпке дейін екі көзін таре жұмып алған бойда қозғалмай жатты. Тек содан сон ғана барып ұзақ бір ұйқыдан оянғандай болып көздерін ашқан. Басын жай ғана қозғап, жан-жағына қараған. Қыздын жазықсыз бір жан екені байқалып тұрса да,ғалымдар оған басқаша бір көзбен қарады. Бәрі де бұл дүниедегі көп құпияның біріне тап келгендерін толық сезінгендей де күйге көшкен... Оны ұстағанғадейін баскашабір әрекетте, басқаша бір ойдада болған еді. Қолға түсіргеннен кейін толқи да бастаған. Ғалымдардың алғашқы болжамдары бойынша қыз бұл жер ғаламшарыныкі емес. Ол, шамамен, өзге жұлдыз жүйесіндегі біртіршілікке қолайлы ғаламшардан келген. Сон- дыктан да онан қандай да бір нәрсені болмасын күтуге әбден болагын да еді. Ендігі аныктаудың кезегі дәрігер-психологтарға, биологтар мен анатомдарға келген.
Арада біршама уакыт өтсе де кыз тарапынан ешкандай да зияндылыкбелгісі байкалған жок. Оның киімдеріндегі байла- ныс қүралдары да істен шыккан. Ендігі кемшілігі, әуендетіп дыбыс шығаратыны, тіл білмейтіні ғана. Айдынбек дәрігерлер бар бөлімге жакындаған жок. Бірақ, оның есесіне, ол жүмбақ қызды экран аркылы әбден бакылап-барлап алды. Оның де- несін, басын, көздерін, шашын, бойын және тағы баскадай ерекшеліктерін мүкият зертгеді. Тек содан кейін ғана барып шамалы көңіл орныктырайын деді. Ендігі максатонымен тіл і абысу. Оның алдында Айдынбек байланысшы жігіттерді өзіне шақырып, осы окиға жайлы ҚазакҒылым академиясына, жер жерге, ғарыштағы Жер серіктері аркылы дүние жүзіне толығы- ракмәліметтер мен бейнемәліметгер беруге рұксатетті. Байла- нысшылардың асыға күткендері де осы еді. Артынша-ак мұхит тереңіндегі «Жайын» ғылыми зерттеу кемесінен адам баласы бұрын-сонды естімеген хабарлар мен бұрын-соңды көрмеген ғажайып сру түрлі-түсті фотобейнелері беріліп жатгы.
Қыздыңсырткиімі, киімініңастарындағы шагын қашык- тыктан байланыс ұстайтын күралдары алынып, тамактанды- рылганнан кейін Айдынбек бір топ галымдармен бірге кызбен бетпе-бег жүздесіп, оның әуенді тіл ін зерттеу үшін сонда барды. Бүл кезде кыз да айнала кабырғаға кадала барлай карап, өзінің түскен ортасын да аңғара бастаған. Қызға бүл кемедегі ең күрделі деген автоматты жүйелердің бәрі де, мейлінше кара- байыр көрінген. Осыны корген кыз өзін болашақтан кейін карай откен бірзамангабір-аксекіргендей күй де кешті. Енді ол бұл ортаға калай карап, оған кандай баға берсе де озінің жанын алыгі қалған абзал жандардың жанашырлык сезімде- ріне іштей дән риза еді.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Үшінші бөлім
СУ АСТЫНЫҢ ПАТША ХАНЫМЫ
Үйдегі әбіржу
Бір қолайсыз жағдайдың анық болғанын Раушанның жас жүрегі бүгін де сезді. Ол бұл түнді тағы да шала ұйқымен өткізген. Өткен түндердіңбірінде стереотеледидардан көрген көріністері өзін әуре-сарсаң бір ойға салған-ды. Сол көргендерін ішінде сақтап, Қазақ Ғылым академиясына да, өзі қызмет ететін мекемеге де жарияламаған болатын. Енді сол жаңалық өз-өзінен дүние жүзіне мәлім болып шыға келді. Таңғы сағат бестен өз жұмысын бастайтын стереотеледидардың хабар-ошар айтушылары түнде ғана алынған жаңалықты тәптіштеп айта жөнелген. Түнімен ұйықтай алмай, дөңбекши-дөңбекши, таң ата ғана көзі ілініп кетіп, есінде қалмаған шым-шытырық түс көріп оянған. Содан мең-зеңболып отырып, стереотеледидарды аралық басқару құралымен қоса салған еді. Соның артынша жаңағы жаңалықты естіді. Хабар-ошар айтушылар бұл хабардың кімге қалай әсер ететінін қайдан сезіп- білсін. Олар дайындалған жаңалықты жасырын тұрған экраннан оқып бере салады. Басқа хабарларын айтады. Олардын мақсат-мүдделері де көрермендерді елеңетугетарту.
Ал Раушан үшін бұл жаңалықоқсыз атылған мылтықдауысымен бірдей еді. Сондыктан да оның ұйкысы шайдай ашылған. Ол мана стереотеледидарды қосқан бетте анау-мынау ерекше хабарларды жазып алатын құралдарды қосатын түймені де нүқып қойған. Құдай оны өзіне дер кезінде сездіргендей болыпты-ау. Мұндай зеректікті Айдынбек үйреткен болатын. Ол стереотеледидардың осындай таңғы және кешкі хабарларын көргенде жазу таспасын қатар қосып қойып отыратын. Содан кейін жақсы аңғара алмай қалган бейнехабарлары мен кейбір сөздерін қажетіне қарай қайталап көретін. Ондай әдістің өте пайдалы екенін Раушан енді түсінді. Жаңа хабар айтылып, көрсетіліп жатқан мезетте оның екі құлағы бірдей бітіп қалғандай, шыңылдағандай болып, мең-зең бір күйді басынан кешкен-ді. Енді ғана сәл де болса өз-өзіне келді. Оның қатты таңғалғанынын басты бір себебі - Айдынбектің сапарының мезгілінен ұзап кетіп бара жатқаны болатын. Соңғы кездері, тіпті, күн мен түнді тез өткізе алмай, сағат пен минутсанап та кеткен-ді. Енді мына хабар сол үмітін үзіп те жібергендей. Ол қызға жолықпай тұрғанның өзінде жиі- жиі толқып, ой шырмауынан шыға алмай жүретін Айдынбек еді. Өзін қайтсін?!
Осындай-осындай ойлар Раушанды төсек үстіне матапбайлап тастағандай болды. Не істерін де білмеген. Бар дүние қызықсызданып, көңілсізденіп, құлазып кеткендей. Барүміті де, көңіл-күйі де сол жалғыз Айдынбегі еді. Оған бір сүлу табылды. Енді ол сол бір бейтаныс сұлудың шырмауында қалмақ па? Сол қызбен болып үйін, әйелін ұмытпақ па? Раушан өзін қоярға жер таппай іштей қатты күйінді. Содан соң Қазақ Ғылым академиясы басшысын іштей айыптауға кірісті. Өзі де осындай бір істің болатынын алдын ала сезгендей жанталасып еді-ау. Бірақ онысынан ештеме де шықпады. Сәлден соң Раушан: «Үлкен кісіні айыптап қайтемін. Ол кісі мені қолдады. Айдынбекпенсөйлесті. Бірақбірбеткей мінезді Айдынбек оған көнді ме? Жо-жоқ. Бұл Айдынбектің өзінен де емес. Оныңтөнірегі жақсы емес. Солар болар-ау, оның құлағын бұраған. Әйтпесе, ол алғашында су асты сапарынан біржолата бас тартпақта болып еді ғой. Сол сапарластары оның құлағын көтерген де. Сонан кейін-ақ ол алып-үшып жөнелген. Ол, тіпті, Қазақ Ғылым академиясыныңбірінші басшысының сөзін де тыңдамады-ау. Енді не істесем екен?.. Өз қолымды өзім балтамен шабамын ба?» деп те толғанды. Енді қалай ойласа да, кімді кінәласада, болар іс болған. Енді бүлайша қарсыласа берудін де жөні жоқ сияқты.