Раушан төсектен ширақ тұрып кетті. Қандай да бір құпия күш-жігер өзін демеп кеп жібергендей. Адам қатты ренжігенде, қатты қуанғанда кенеттен осындай бір қосымша күш-қуат пайда бола кететіндей. Раушан осы ой шырмауынан шығаалмай жүріп, төсекті қалай тез жинағанын, қалай жуынып- шайынғанын, автомат асхананы қалай іске қосқанын да аңғармады. Осының бәрін де өзі емес, әлдекім жасап берген- дей. Біраздан соңол бет-әлпетін бояп әдемілейтін үлкенайна мен оған қажетті басқа да саймандары барбұрышқа келді. Бір түннің ішінде бүкіл бет-әлпетін әжім жайлап алғандай. Дүниеге бір перзент әкелмесе де, көп балалы анаданда кәрі көрінді. Қап-қара шаштарының араларында ақ шаштардың пайда бола бастағанын да байқады. Айдынбекке еркелеп, дегенін орындатып жүргеннен кейін екен жас баладай болып жайраңдап жүргені. Енді, тіпті, мына опа-далаптың өзі де көмектеспейтін тәрізді. Өзін көрген адам түнімен ұйықтамай әбіржігенін бірден-ақ біледі. Раушан енді мұны әуелі кімге айтарын, кімге барарын білмей дағдарды. Асханадан дабыл берілген кезде ғана оған барып, биоробот дайындаған дәмнен аздап қана алды. Онша тәбеті бола қоймаса да, ырым жасау қажет болғандай да еді. Тамақтан соң ол ширақ киінді. Айна алдында да әдеттегідей ұзақ тұра қойған жоқ. Өз бет-әлпетінен өзі қатты шошығандай болып, пәтерінен ерте шығып, кең аллеяға түскен. Кішкене ғана қара сөмкесін иығына асынып алып, жұмысына қарай тартты. Жаз мезгілі болған соң да таңғы таза ауа көкірегін аша түсіп, көңіл-күйін сергіткендей болған. Раушан әлі де ой тереңінен шыға алған емес. Ол әрдемені бір ойлаумен келеді. Ара-тұра Айдынбекке қалай қосылғанын да есіне алады. Махаббатты мәңгілік сезім деп есептейтін өзі осы кезге дейін. Бірақ өмір мен тұрмыстыңдаоған көп ықпал ететінін тереңінен ойламапты.
Раушанның ойынша, ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббат ешқашан да, өле-өлгенше әлсіремек емес. Өзі де солай сияқты еді. Бірақтұрмыс жағы жаман болған жоқ. Бәрі де жеткілікті еді. Айдынбек жас шағынан көзге ерекше түскен ғалым, табысы да мол. Сол су астындағы сапарда болған кезде мұндағы айлығы да толығымен сақталады. Бір отбасындағы екеуіне не жетпеген. Екеуініңбарып демалмаған, емделмеген орындары кем де кем. Солай өмір сүрген де өзінше қызықты. Жылап жатқан бала жоқ. Бұдан бұрын Айдынбектің анасы келіп-кетіп тұратын. Соныңөзінеде кәдімгідей қуанып, мәз-майрам болып қалушы еді. Айдынбек те анасы келгендебарлық қиын істерін ұмытып, анасына еркелеп, онын насихатәңгімелерін құлаққоя тындайтын, кей жерлерін бейнетаспаға да жазып қоятын. Анасы осы қаланың шет жағында жеке жер үйде тұрушы еді. Енді ол да жоқ. Анасы мәңгілікке көз жұмған соң-ақ Айдынбектің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы да өзгере бастады. Раушанның естуінше: «Мен бұл жарық дүниеде сенен немере сүймедім. О дүниеге сол арманыммен кетіп барамын», - деген көз жұмар алдында баласына. Сол сөз Айдынбектің көкейінде тұрып қалған. Ол ғана ма, үбірлі- шүбірлі болған кейбір достары да бас қосқан дастархандағы дәм үстінде әңгіме тақырыбын әдейі сол мәселеге қарай бұрып, Айдынбектің көңіл-күйін түсіріп жатады. Содан кейін...
Раушан осы ойды қатты ауырлағандай аллеяның шет-шетіне қаз-қатар орнатылған көп орындықтардың біріне сылқ отыра кетті. Содан соңжаңағы ойын әрі қарай жалғастырған.
... Ал сол достары дәм татып, жанағыдай әңгімені қозғап кеткеннен кейін Айдынбектің көңіл-күйі қатты бұзылады. Көңіліне келетін талай сөздерді де айтып қалады. Содан кейін өзі меймандыққа барудан да, мейман шақырудан да бас тарта бастады. Сонын салдарынан Айдынбектің достары күн санап сирей деберген. Келмейтін деболды. Келсеөзініңәңгімелерін аңдып, тың тыңдап жүретінің үнатпай тезірек қайтуға тыры- сатынды шығарған. Көп жағдайда анау-мынау сылтауларын айтып келмеуге тырысады. Сонын бәрі де Айдынбекке жеңіл соққан жоқ-ты. Ауыр соққанын өзі де сезген. Міне, енді соңын нәтижесі. Ол енді мүмкіндік болса, тек сыртқа қарай қашуға тырысады. Оған енді бұл қаңыраған баласыз үйде ештеме де қызық емес. Бүкіл қабырғабойын алып тұрған океанариум, магниттік таспалар және басқа да қымбат-қымбат дүниелердің өзі де оған енді еш қызыемес. Олардың бәрінен де ол жалыққан. Оларға назар да аудармайды. Бейнетаспаны тек күй тыңдайтын кезде ғана қояды. Есіл-дерті сол бір елес- қызға жақсылап ауған. Сонын нәтижесінде мінез-құлқы да адам танымастай болып өзгеріп шыға келген.
Раушан сағатына қарады. Жұмыс басталатын уақыт та таяп қалыпты. Аллея бойында ерсілі-қарсылы жүрген адамдардыңсаны да көбейді. Ара-тұра танитындары кезіккенде бас изеп, енді біреулері дауыстап амандасып өтеді. Раушан даамандасады, жасанды жымия салады, бар қайғы-қасіретін ішінде сақтайды. Сыртқа білдірмеуге тырысады. Таңғы салкын ауа қанша дегенмен де жеңіл киінген түла бойын сәл де болса да тоңдыра бастаған. Раушан кішкене ғана қара сөмкесінің ұзын бауын иығына қарай асып, жаймен ғана орнынан тұрды. Бұл кезде көшедегі көліктер де жиі жүре бастаған еді. Раушан жан-жағына қарап қойды. Оның бұл жай- күйіне назар аударып та жатқан ешкім жоқ. Әркімнің өз тағдыры бар, өзінің күнделікті күйкі тірлігі мен көкейкесті мәселесі бар. Жұмысына қарай, басқадай мәселелерінеқасыққан адамдар. Өмір, шіркін, осынысымен қызықты. Егер адамдар болмаса, мына қаңыраған кең дүниеде өзі қалай ғұмыр кешер еді? Сансызтіршілік әлемінен де пайда жоқ, ондайда. Жыртқыштар, хайуанаттар мен құстар өзінің жайын адам сияқты түсіне алар ма еді. Әрине, жоқ. Ал мына адамдардың арасында балалар да бар. Адам баласының болашағы. Оларды не әкесі, не анасы жетектеп, жылжымалы тротуарға, одан жеңіл көлік немесе жолаушылар көлігіне қарай асығады. Қандай бакыт! Бір жағынан баланың киындығы болғанымен, онын нәрестеге тән иісі, оның қылығы дүниедегі бар қиын- дықты ұмыттырып жібермей ме? «Балалы үй - базар» деп дана қазақ бекер айтқан ба? Бала болған соң оныңқиындығы да жеткілікті. Бала әлі көп нәрсені түсінбейді. Кейбір әке мен бала, ана мен бала бір-біріне томсырая қарайтын да сияқты. Әне бір ана жетектеп келе жатқан кішкентай қызына жекіп еді, ол жылап қалды. Сол замат Раушанның жүрегі шымырлап қоя берген. «Әттең-ай, менің сондай бір қызым болса, ешқашан да маңдайынан шертпей, дегенін орындап, элпештеп, ерке етіп, еркін етіп өсірер едім», — деп армандады ішінен. Содан соң Раушан: «Ол әйел неге қызын жылатады екен? Әлде баланын қадірін білмей ме? Маған құдай сондай бір перзентті де қимады-ау!» - деп те күрсіңді. Жүрегі кенет ауырғандай, шаншып кеткендей болып шамалы кідіріп тұрып та қалған.
Ал ол әйел болса өзіне назар аударған да жоқ. Назар аударғысы да келмейтін тәрізді. Оның жетегінде ұрпағы - қызы. Онан кейін — жұмысы. Отбасындағы жұмыстары тағы да күтіп тұрған шығар-ау. Ал Раушанның ойлайтындары көп болғанымен, орындайтындары аз. Негізінен бәрі дайын. Пәтер ішіншашып тастайтын бала жоқ. Үй ішін қалай жиыстырып қойса, сол қалпында тұра береді. Ал балалы үйде ондай реттілік сақтау қиын. Баланың аты - бала. «Балалы үй - бақытты, ол - байлық» деп те халықбекер толғамайды. Раушан өзі жас ке- зінде оқыған «Күлмес хан» атты ертегіні де есіне түсірген. Ол да бір перзент үшін әйелінен ажырамай ма? Ол да байлық пен даңқтың қызығына түсіп жүре бермеп пе еді? Содан бір күні үлкен жиында отырғанда бір кішкене бала ішке кіріп келіп, үлкендерді қызықтап, тамақта жегісі келіп, үйдің қақ ортасындағы үлкендеу бір тіреуді құшақтап тұра қалады. Хан әп- әдемі балаға қайта-қайта көз салады. Қанша баласыз болса да, қанша бала қылығын жақтырмаса да, ол бұл жолы әп-әдемі балаға әуестенеді. Үлкен табақ келіп, бас алдына қойылған кезде ол жанындағы уәзірі арқылы балаға бір уыс қамыр мен ет ұсынады. Бала сол тіреуді құшақтаған бойда оны қолына алады. Содан енді аузына жақындатып жейін десе, алақанындағы қамыр мен етжергетүсіп кетеді. Екі алақанын екі жаққа ажырата алмайды. Олай бұрылады, былай бұрылады. Осы әрекеттің бәрін мұқият бақылап-қызықтап отырған хан өмірінде бірінші рет қарқылдап кеп күле жөнеліпті. Айнала аң-таң. Оның соңы қыран-топан күлкіге ұласады. Өмірінде алғаш рет қабағы ашылған ханға бәрі де қайран. Хан басқаны қойып жаймен орнынан тұрып, балаға келіп оның қамыры мен етін аузына салады. Бетінен сүйеді. Атын сұрайды. Сол оқиғадан кейін ол перзентсіз ғұмырдың мәнсіз екеніне көзін жеткізіп, бедеу әйелін тастап, басқа жас қызға үйленеді. Онан үбірлі-шүбірлі болады.