Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет6/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Күтпеген өтініш

Бүгінгі түн де Раушан үшін мазасыз түн болды. Түннің бір уағына дейін көз іле алмаған. Тек сағат түнгі үш пен төрттің ол жақ, бұл жағында ғана әсзер дегенде кірпіктері айқасқан. Мұның себебі белгілі еді. Айдынбектің кезекті су атс сапары жақындап қалған. Ол ондай ғылыми істерін біржолата тоқтатамын дегенде «Жоқ болмайды, тоқтатпа» деген өзі еді. Ал шындығына келгенде, ол іштей қатты қиналады да. Бірақ қатты қиналса да өзі айтқан сөзінен тануға дәті бармады. Күн , сағат деген зымырап өтіп жатқандай- ау. Енді, міне, осы алдағы оның сапары ерекше бөлек мазалап, түн ұйқысын төрт бөлген.

Қиналмай, түн ұйқысын төрт бөлмей қайтсін?! Тағы да жалғыз қалмақ мына қаңыраған көп бөлмелі үйінде. Не театрға, кинотеатрға немесе демалыс орындарына бара алмаса, бұл не өмір? Дос келіншектеріне болса да бара алмайды. Олардың күйеулері дәл Айдынбек сияқты су төсектерінде. Ол күйеулері болса да отбасының ғана қамын ойлайды. Осының бәрін де Раушан ойламай қоймайды, ойлайды, толғайды. Іштей қатты қиналады да. Содан тіпті, кешкі асқа да, теледидар хабарларына қарауға да шамасы келмей төсекке жалғыз құлай кетеді. Сол құлағынында ұйқысы келсейші. Екі көзі төбе тұсқа қадалып, тырс текен дыбысқа елең етіп, қараң еткенге жас жүрегі тыз етіп көз ілмейді. Тынымсыз дөңбекшумен болады. Өткендегі Айдынбекке берген рұқсаты да онымен мауқынбасқаннан кейінгі көңілі екен. Енді, міне, ол сапарға аттанатын уақыт таяған сайын жүрек соғысы да жиілеп бастаған, ұйқысы қашқан.

Әрине , мұның бәрі де тек өзіне ғана белгілі ой мен арман еді. Айдынбекке ештемені айтқан да, сездірген жоқ. Онымен бірге тұрған талай жылдардың ішінде жасырған сыры да осы ғана еді. Бұдан бөлек бір сыр жасырған емес. Айдынбек те солай. Басқа бір сыр жасырғыш еркек болса , бәлкім, сол бір мұхит тереңінде кезіккен бейтаныс бір елес – қызды айта қояр ма еді. Жоқ, әрине. Айдынбек шыдамады. Айтты. Күйеуінің адалдығы бұл. Сондай адал күйеуінен жасырып қандай да бір іс жасау Раушан үшін де оңайға соқпақ емес. Бірақ қажет кезде еріне зиян әкелмейтін құпия сырды ұстағаннан ештеме де өзгермек емес. Ал қыз кезінде Айдынбекті қалай сүйді?! Құлай сүйді емес пе? Қос аққудың махаббатындай еді ғой. Құдайга шүкір, ол махаббат сезімі әлі әлсірей қойған жоқ. Сол қыз кезінде Айдынбекті талай қыздардан қорғаштады емес пе?! Әлі де сол қызғаныш бәсеңдей қоймаған. Қызғаныш сезімі қашан да екі жаққа бірдей. Әйел жандылардың бір ғажабы, жігітін қанша құлай сүйіп тұрса да оны ішінде сақтап қала алады. Ал, ер адам ондай төзімділіктің шеңберінен шығып айтып салады. Әрине, айтып салатын қыздар да сирек те болса кездеседі. Ол да батылдық шығар. Бірақ Раушан оны ешқашан қолдаған да, ондай тілге барған да емес.

Солай бола түрып-ақ есесін жіберген емес. Өзінің соншалықты ғашық екенін қылығымен таныта, сездіре білді. Ал өзіне Айдынбектей сезімтал да ақылды жігіт кезіккен соң оны айтып не керек еді. «Көзбен көр де ішпен біл» деген ұлағатты Абай сөзін есіне алса жетіп жатқан жоқ па? Айдынбек өзінің әрбір кимыл-қозғалысынан, көзқарасынан көп нәрсені біледі. Соның өзі де жетіп жатқан жоқ па, Раушанға?! Ол қашан да өзінің көңілін табады, қолынан келгенше өмірдің бар жақсысын сыйлап, риза етуге тырысады. Ал осындай адам Раушанды қалайша кездей соқтастап, әлдеқандай бір елес-қыздың ізіне ермек? Раушанды елеңдеткен осындай-осындай бір жайттар еді. Сонымен қатар Айдынбектің осы кезекті сапарға деген асығыс та толқынысты әрекеті ой қозғауына себеп болған.

Бүгін таң атканнан бастап Раушан өзінің іштейгі бір жоспарын жасады. Сәті түскенде, Айдынбек бүгін жұмыска бармайды. Сапарға аттануға аз уакыт қалғанда осындай бостандыктың болатыны Раушанға о бастан-ақ жақсы белгілі. Жоспарының соңғы сәтіне дейін толқыды енді Раушан. «Бұл ниет-жоспарымды Айдынбекке айтсам ба екен, әлде айтпасам ба екен, - деп те ойланды ол енді бір сәтте. Акыр соңында: «Айтпауым керек, айтсам, жағдайды одан әрі бүлдіріп алуым әбден мүмкін», - деген тұжырымға тоқтады.

Айдынбектің ұйқысын бұзады бұл ойынан таймаса. Жаймен ғана қозғалып, қолына титтей ғана аралык пультті ұстады да автоматты асханаға таңғы асты дйындау қажет екенің тапсырды. Ал үй сыпырушы биороботқа өздері тұрғанша, жуынып – шайынғанша үй ішін тап – тұйнақтай етіп қоюды жүктеді. Әлгі жоспарын қайта қозғап, оны жүзеге асыра қалса, одан асқан не бақыт болмақ. Осы жаймен тұрып, жуынып – шайынатын, өзін ретке келтіретін бөлмелерге кіріп – шығып жүріп ыңылдап қана ән де айтты. Оның әнін шалалау ұйқыда жатқан Айдынбек тыңдаумен болды. Іштей қуанып та қояды. Өзі ұзақ су асты сапарына аттанайын деп жатқанда әйелі бұлайша көңіл көтеріп әндетсе, неге қуанбасқа?! Оның үстіне бәрінен де қызық әрі жұмбақ нәрсе – су тереңіндегі сол бір қызды тағы бір көріп, осыған ұқсаған әуенің есту неге тұрады. Олар да өздерін күтіп жүрген болар-ау. Айдынбекті асықтыра тартатын да сол еді. Ол құпия сыр Айдынбекті құрлықта болған күндеріңде аз толғандырған жоқ – ты. «Жарқ еттің де жоқ болдың, көрген түстей сағындым» деген өлең шумағы да дәл осы оқиғаға арналып жазылғандай-ау.

Айдынбек төсекте ұйқылы – ояу осыларды ойлап жатты. Раушанның көңілді күйіне көңілденіп жатқаның себебі де сол еді. Адамның көңілі көтеріңкі болмаса, ол ештемені де жарытпайды. Тіпті , көңілді әуен төгіліп тұрса да езу тартпақ емес. Күлдіремін деген сықақшыны да, қалжыңбасты да ұнатпай тұрады. Сын таққысы келіп те етеді. Бүгінгі жай олай емес. Айдынбек біраздан соң көзін ашар – ашпастан:



  • Раушан , күйден біреуін қойып жіберші? – деп қалды.

  • Ояндың ба, жаным? – деді Раушан бұл сөзге елең етіп, оның жанына отыра кетіп, - қай күйді тыңдағын келеді?

  • Қайсы дейсің бе? – Айдынбек Раушанның май пайда бола бастаған мықынынан құшақтай алды.

  • Жаным-ау, осыншама күндерде маған деген сағыныштың басылмап па еді? – деді Раушан еріне жымия қарап.

  • Жоқ, бұл сағыныштан емес, - деді Айдынбек бір аунап түсіп, - бір күй қойшы. Қазақтың күйіне жететін құдірет бар ма екен, бұл жарық дүниеде?! Сонау ерте заманнан – ақ адам санасына ойды тілсіз жеткізе алатын небір ғажайып күйлер бар-ау!

  • Қайсысын, қайсысын қояйын енді, айтшы?! - деді Paушан тұруға ыңғай беріп.

- Білесің бе, білесің бе, Раушан, сен күй құдіретін?

- Түсінемін, түсінемін. Неге түсінбейін? Қазақтын күйін, оның құдіретін түсінбейтін адам өзін қалайша қазақпын дер? Қалайша оған аузы, барар? Үйінің қақ төрінде қасиетті домбыра ілулі тұрмаған қазақ қазақ па екен? Киіз үйді қалай тігуді оның жасау-жабдығын білмеген қазақ қазақ па?

- Әрине, қазақ емес. Дұрыс айтасың, Раушан жаным Осыныңа ризамын ғой. Ал, енді бір сәт тындашы мені мұкият «Ақсақ құлан» деген күйді талай рет тындаған да боларсың- ау... Содан сен не түсініп едің?

- Онда түсінбейтін не бар? Жошы ханның қазасына себеп болған киелі кұлан жөніндегі күй ғой!

- Дәл айттың. Әрине, сол.

- Ол күй сол Жошы ханның қалай қазаға ұшырағанын тілмен айтпай-ақ көз алдыңа әкеледі.

- Иә, сол қайғылы қазаны тілмен жеткізген адамның аузына ыстык қорғасын кұямын деп жарлык еткен ханның қаһарынан хабаршыны кұткарып қалған да осы домбырадан төгілген, адам бойын толқытып, бүкіл жан-сезімін билеген күш емес пе еді? Құлақ койып тыңдасаң, аңға жалғыз шықкан Жошы хан, баласынан айрылған кұланның буырқанып долданып, көздері қанталап, бар пәрменімен Жошы ханға қарай атылғаны, ат үстінен құлап түскен Жошы ханның үстінен қора-қора құландардың таптап өткені, хан ұлының мерт болғаны көз алдына еріксіз келіп турады. Оған ешқандай да бейне таспанын қажеті жок. Сөз айту да артық. Хабаршы ханды домбыраның тілімен жеңген еді. Шыңғыс хан бәрін түсініп, күйші шалдың аузына емес, домбыраның тесігіне ыстық қорғасынды құйдырады.

- Ал «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Сарыарқа» күйлері ше? «Бозінген» қандай? Айта берсең, толып жатыр-ау Мұндайда ұлы күйшілерге таң боласың.

- Иә, дұрыс айтасың. Айта берсе көп. Солардың ең бір әсерлісі «Аксак кұланнан» басталық, - деді Айдынбек көрпесін ысырып жіберіп.

Раушан орнынан жеңіл тұрегеп көрші кең бөлмеге өтті. Ол болмеде қашықтан басқарылатын стереомагнитофон тұр. Раушан кішкене ғана басқару панелін қолына алып, қайтадан Айдынбектің жанына келіп отырды. Содан соң әлгі құралдың керекті деген бір түймесін нұқыған. Енді сәлден соң алыста тұрған стереомагнитофон іске қосылып, екеуі қалаған күй іріктеліп, жайымен сөйлеп кетті. Күй төгіле жөнелді. Ерлі-зайыптылар ұйып тындап қалған. Күй төгілген сайын Айдынбек төсектен көтеріліп, Раушанға қарай жақындай түсіп, оң алақанын оның оң алақанына жапсыра ұстап, ерекше бөлек сезім- күйге терендей енген. Айдынбектің көз алдынан сол өзі екібастан білетін оқиғалар тізбектеліп, елестеп өтіп жатты. Кең дала, тобыр-тобырымен ағылып жүрген құландар. Тұлпар үстінде Шыңғыс ханның сүйікті ұлы — Жошы. Оның жалғыз аңға шығатын әдеті екен. Оның жолын ешбір жан кесе-көлденең кесіп өтпек емес, ешқашан да. Жошы мейлінше сұсты болған.

Жошы астындағы тұлпарына қамшы үйіріп, кең жазықты дүбірлете шапты. Сол кезде үлкен бір белдің арғы жағындағы бір топ құланның аталығы дүбірлеген дыбысты естіп, елеңетті, қос құлағын қайшылап, әлгі дыбыс шықкан жаққа түрді. Екеуі әлі кезіккен жоқ. Енді біраздан соң әлгі тарпаң қайта- қайта оң тұяғымен жер тарпып, әлде қандай бір қатердің таяп қалғанын анық сезді. Олар топырлай шұбап, аға жөнелді.

Сол кезде бел үстіне жалт етіп тұлпар мен оның үстіндегі денелі, мүсінді сұлу батыр Жошы да шыға келген еді. Құландар дүркірей кеп қашты. Жошы тұлпар үстінде келе жатып-ақ садағын оқтап үлгерген. Сол кезде бір үлкен ана құлан тобырдан шеттеп, кейіндеп қала берді. Құлан ақсақ екен. Жошы оған қарап тұрды да, оның жанындағы екі көзі мөлдіреген төліне көз тікті. Тек көз тігіп тұрып қалмай, өз-өзін ұстай алмай, садақ оғын қодыққа бағыттады. Оқ дәл тиді. Жас қодық қатты ыршып барып, жанұшыра дыбыс шығара омақаса құлады. Жошы хан садақ оғын құланның қодығына дәл тигізгеніне мәз болып, екі қолын аспанға көтере айқайлап алып, оны қанжығаламақ болып тұлпарына қарай ие көтере бергенде өмірінде күтпеген бір құдіретті кұбылыс болды. Тұтқиылдан келіп мүйіз-тұмсығымен дәл беломыртқадан соққан құлан соққысынан қалай жер жастанғанын сезбей де қалды. Тек өзі ме, қалай екені белгісіз, тұлпары да қос аяғына кісен шалғандай жалп кұлаған. Тұлпар басын бұлғақтатып, біресе кісінеп, біресе шыңғырады. Жошы беломыртқадан айрылған соң қозғалыссыз қалған. Қол-аяқтары бейнебір жансызданып қалғандай. Екі көзін әрен ашқан кездетап өзіне қарай төніп келе жатқан ақсақ құланның отты көздерімен көздері ұшырасты. Ол өте қорқынышты еді. Жошы қанша батыр болса да талықсып кетті. Енді бір сәтте үстін басып өтіп жатқан денесіне ба- тып сезбеуге де айналды...

Күй тәмам болды. Айдынбек күйді мұкияттындай отырып, айналасы екі-үш минуттың ішінде осы оқиғаны көз алдына елестетті. Раушан да өзінше бөлек бір ойға батқан. Бірақ күй сазы жеткізген окиға желісі бірдей. Оның бірде өрлеп, бірде күлдилап жөнелгендей болатын, жылдам немесе баяулап келетін сәттері адам баласына еріксіз әсер береді. Сол бір аңызға айналған оқиғаны кез келген сәтте қайтадан әкеле салғандай бір көрініс бергендей болады-ау. Айдынбек Раушаннан бұдан кейін осындай әсерлі басқа да күйлерді қоюды өтінген. Әрбір күйдің өз тарихы бар. Шығу себебі бар. Ғұлама ақын, философ Қорқыттың қылқобызға арнаған күйлері жан тебірентпей ме? Ертедегі ата-бабалар сол қылқобыздың сарынымен ақ небір окиғаларды, қуанышты да, қайғыны да солар арқылы білдірген жоқ па еді? Қыл қобыз да, домбыра да тілді қажет етпейді. Құлақтан кіріп бойды алады. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деп келетін ұлы ақын Абайдың өлеңі де сондай бір құдіреттен туындаған шығар-ау.

Осындай бірнеше күй тындағаннан кейін Айдынбектің көңіл-күйі күрт өзгерген. Ұйкысы шайдай ашылған. Төсектен сергек түрегеп кетті. Раушан төсек жинауға кірісті. Күйдің кұдіреті деген осы. Күллі жан дүниесі жаншылғандай болып, бас көтереалмай жатқан адамды ешбір дәрі-дәрмексіз-ақ сергітіп жібереді. Тек сергітті ме? Орнынан көтерді. Енді онын көңіл-күйі күні бойы сергек болмақ. Раушан да көңілді. Төсекті жинай жүріп ынылдап әнде айтады. Айдынбек те әдеттегі жаттығуын жасап болған соң жуынып-шайынатын бөлмеге кірген. Құдіретті күй сазының арқасында екеуі анау-мынау күйкі тірлікті бір сәтке ұмытып, бақыттылық сезіміне бөленген. Асханада таңғы асты ішіп отырғанда да бір-біріне қадала қарап, сүйіспеншілік сезіміне терен деген. Осының бәрі де ұлы татулықтың арқасы еді. Бақыт та татулық бар жерге қонбай ма?

Таңғы астан кейін Раушан жұмысына асықты. Айдынбек мұндайда қалған істі өз мойнына алады. Бірақ бұл үйде мойнына алатын не бар? Үйдегі тірліктің бәрі дерлік толық автоматтандырылған. Тек оған арнайы шағын панельдердегі түймелермен не- месе дыбыспен, сөзбен тапсырма берсең болғаны. Содан кейін өз ісіңмен алаңсыз айналыса беруге болады. Ешқандай да көкейкесті мәселе деген жоқ. Раушан киініп болған соң әдетінше күйеуінің бетінен жеңіл өпті. Содан соң оң қолының сүйрік саусақтарын сілтеп-сілтеп есіктен шығып кетті. Бұл күндегі әдет, күндегі көрініс болған соң екеуіне ешқандай да оғаш қылық болған жоқ. Айдынбек есікті сырт жауып, іштен кілттеді де тездетіп сапарға қажетті затгарын жинастыруға кірісті.

Раушан сол бойда көшеге шығып, жылжымалы тротуармен жылжып, жеңіл көлікке мінген соң құпия жоспарын мықтап ойлады. Жаңа ғана үйде ғажайып күй сазына тебіреніп, бақыт құшағына енсе, енді қаланың шуы мен абыр-сабыр қозғалысы оның бәрін желге ұшырып жібергендей бір күйді орнатты. Тек өзінің ішкі жоспары мен қиялы ғана одан сәл де болса алыстатқандай. Көлік ішіндегі әуен де басқа. Көңіл- күй де бөлек. Раушан сонау күй құдіретіне бөленген заманнан тілі де, әуені де түсініксіз заманға бір-ақ секіргендей де болды. Бірак заман талабынан қайда қашып кұтылмақ. Бұл заман қанша шулы болса да, өмір сүру қанша күрделі болса да, бәрі бір, махаббат сезімі жойылмақ емес. Үйдегі ері тұрғанда бұл дүниенің бәрі де қызық Раушанға. Тек оның шамалы уақыттан соң ұзақ су асты сапарына аттанып кететіні қынжылтады амалсыз. Мұндайда уақыт шіркін де жылдам өтіп кетеді-ау! Оған недерсін?!

Енді бір кезде Раушан биоробот басқарып келе жатқан женіл көліктің панелінен басқа бір түймені нүқыды. Соның артынша биоробот та:

— Бағытыңызды неге өзгерттіңіз? — деп гүж етті.

— Әуелі Океанология институтына соғатын болдым, — деді Раушан биороботтын көк түсті көздеріне қаймықпай қарап.

— Түсінікті, айтқаныңыз орындалады! — деді биоробот.

Келік келіп қалған көше қиылысынан ары аспай кенеттен сол жаққа қарай кілт бұрылды. Раушан терезеге тақала түсіп сыртқа көз жіберген. Іштейгі жоспарын әлі де ешкім білмейді. Бұл шындап келгенде, ешкімге де зиян-залал келтіретін жоспар емес. Өз бақытын қорғап қалуға қажетті жоспар ғана. Биоробот та сол жоспарын қолдағандай көлікті зулатып келіп, институт қақпасының алдына кілт тоқтатты. Раушан арнайы санылаудағы таблода жазылған жолақыны тастады да, есік ашылысымен сыртқа шықты.

Институт алдында адам сирек екен. Бірақ қызметкер ғалымдардын өз орындарында әлде қашаннан жұмыс жасап отырғандары анық еді. Ғалым деген сол. Олардың уақыттары қашан да жетпей жатқаны. Егер бүгін жұмысқа келуі керек болса, Айдынбек те әлдеқашан өз орнында болмақ. Раушанға салса, күйеуінін су астына ешқашан да түспегені керек. Бірак, оған бола ма? Қай ақымак әйел өз күйеуінің үйде жұмыссыз отырғанын қалайды? Раушан ішінен шүкіршілік етті де, жоғарғы қабаттарға әп-сәтте жеткізетін көтерме жәшікке енді. Содан соң жай ғана «Он бесінші қабатқа» деді. Артынша көтерме жәшік жайымен ғана көтеріле берді. Ал сәлден сон қос кұлағын ауа қысқандай болды. Раушан бұл жолы оған назар аударып әуре бола қойған жоқ. Бар ойы барар адамына айтатын сөзінде. Іштей соны пысықтаумен болған. Сөйтіп тұрып ол қажетті қабатқа қалай жетіп қалғанын да аңғармады. Сыр деп есік ашылды. Бірақ қапелімде дәлізден қаран-құран еткен ешкім байқалмады. Раушанға қажеті де сол еді. Ол қызыл түсті енді кілем-жолдың үстімен ширақ жүріп отырып, өзіне таныс есікке жақындады. Соны күткендей есік те екі жаққа сыр деп ашыла қойды. Іштен орындықтар, диван мен үлкен үстел жанындағы орын- дықта отырған жас қыз көрінді. Раушан бас изеп рұқсат сұрай ішке енді. Қабылдау бөлмесіндегі жас қыз Раушанмен жылы амандасты да: ...

- Қандай жұмыспен келдініз? Айта берініз, - деді ерекше ұяң үнмен.

- Мен Әбділда Сұлтанұлына жолығуға келіп едім. Ек-үш минуттық қана жұмысым бар. Ол кісі өзінде ме?

- Ол кісі өзінде, - деді қыз жылдам жауап қатып.

- Кіруге болар ма екен?



- Қазір, апай.

Қыз орнынан жеңіл түрегеп, ішке кіріп кетті. Арада сәл уақыт өтпей қайта шықты. Раушан сол екі аралықта: «Не болды екен? Мені қабылдайтын уақыты бар ма екен? Жоқ па екен? Өзім де алдын ала келісіп алмай келдім-ау» деп те толқып үлгерді. Қыздың көңіл-күйі жаман емес сияқты. Раушанға көз қиығымен ғана бір қарады да:

-Сізді қабылдайтын болды. Кіреберіңіз, Раушан апай, -деді.

  • Рахмет, қарағым. Бақытты бол.

Раушан жаймен ғана ішке енді. Кең бөлменің қақ төріндегі ұзына бойы және көлденең қойылған үстелдің жоғарғысының жанындағы орындықта мандайы қасқа, денелі, шаштарын ақ шалған, бет-әлпетінің әжімдері сайлана түскен, жасы алпысқа таяғанымен олай ойлауға болмайтын, онан үлкендеу деуге келетін ғалым отыр. Раушан ол кісінің атына да телебейнесіне де сырттай қанық. Ал мінез-құлкы мен адамгершілік қасиеттерін Айдынбек арқылы жақсы біледі. Төтелеп келсе де ештеме демей қауырт жұмыстарын бір сәтке ысырып қойып, өзін қабылдап отырғанының өзі де адамгершілігінің Айдынбек айтқаннан да жоғары екендігін айғақтай түседі. Айдынбектің оны аузынан тастамай айтып жүретіні де бекер емес екен. Оған осы бір сәтте-ақ Раушан көз жеткізіп те үлгерген. Тап бір ертегідегідей қалай ұшып, оның қарсы алдында отырғанын сезбей де қалған сияқты. Адам баласының бәрі де бір-бірімен дәл осылайша қарым-қатынаста болса ғой, шіркін! Раушанның көкейінде мұндай ой да болмай қалған жок, осы сәтте.

Әбділда Сұлтанұлы Раушан бөлмеге кірген бетте орнынан ширақ тұрып, ұзын үстелдін жарты беліне дейін жүріп келіп, қол ұсынып қарсы алған. Жұмсақ орындықтардың ең төрдегісіне жайғасуын ұсынған. Тек содан соң барып жаймен ғана сөз бастаған.

  • Иә, аман-есенсіздер? Айдынбектің көңіл-күйі мен денсаулығы қалай? Сапарға дайындалып жатыр ма? Мұхит тереңі дегеннің өзі бір екінші ғарыш қой. Ғарыштан да күрделі десем де болады. Оның терең деген жерінің өзі он екі шақырымнан аспаса да, бәрібір сол тереңдікті игеру, оның аумағын зерттеу онайға түспей тұр-ау?! Мүхит тереңіне түсу деген, оны зерттеу деген оңай ма? Оған тек Айдынбек сияқты батыр ер азаматтарымыз ғана төзе де жене де алмақ, Раушан келінім. Қаншама сүнгуір кемелеріміз шарлап жүр. Оларға су тереңінде кездесіп қалатын небір кұпия кедергілер мен ғажайып көріністер қаншама... Біздің Айдынбек, шын мәніндегі батыр адам ғой. Ол талай-талай құпия құбылыстар мен кедергілердің де куәсі болды. Әкелген ғылыми мәліметтері де ұшан-теңіз. Айып етпе, Раушан келін. Бізбен жанасып кетсең, осылай. Айтатын әңгімемізде, жырымыз да, сырымыз да бір мұхит...

Академик сәл ғана жымиып қойды. Содан соң бейнебайланыс арқылы қоңырау соққандардың бірнешеуіне жауап берді. Олардың қоңыраулары тыным табар емес. Бірінен сон бірі кезек күтіп тұр-ау. Әбділда енді олардың келген адаммен тілдесуге мүмкіндік бермейтінін түсініп, бір түймені нұқып уақытша өшірді де «Ал енді құлағым сізде» деген ниетпен Раушанға бұрылды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет