Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет7/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

  • Бұл не дегеніңіз, келінім-ау? - деп академик елең етті.

  • Не дегенде, аға, Айдынбек осы соңғы рет барған су асты ғылыми зерттеу сапарынан кейін қатты өзгерді. Олар су астынан көрінген құпия бір кемемен, өз кемелеріне иллюмина­тор арқылы сәуле болып кіріп келген қандай да бір елес-қызды көріпті. Сол көзіне елестей ме, әлде түсіне ене ме, әйтеуір соңғы кездері түннің бір мезгілінде сандырақтап сөйлейтінді шығарды. Содан қорқамын.

  • Мұны мен бірінші рет естіп отырмын. Ойланатын нәрсе екен. Ал сіздің маған келіп отырғаныңызды Айдынбектің өзі біле ме?

  • Жоқ, аға, — деді сәл ыңғайсызданып қалған Раушан.

  • Бұл бір шешімі қиын мәселе екен, - деп Әбділда Сүлтанұлы ойланып отырып қалды.

  • Мен бұл жоспарымды Айдынбекке айтқан жоқ едім, - деді Раушан шамалы үнсіздіктен соң, - бұл өзімнің құпия жоспарым еді. Айтсам, ол мені сізге жібере қоймас еді. Түсініңізші мені, аға, маған ол жоқта жападан-жалғыз, ешкіммен дәм татыспай өмір сүру өте қиын. Күні-түні тек соны уайымдаумен жүремін. Ал, мына оқиғасы менің ұйқымды мүлдем қашырды.

  • Түсініп отырмын, қарағым келінім, -деді академик иегіне бас бармағы мен сұқ саусағын адалбақанша тірей ұстап, - түсініп отырмын. Не десем екен?.. Жоспар әлде қашан жасаланып қойылды. Бұйрық шықты. Бұл жағдайды ертерек келіп айтқаныңызда болатын екен.

  • Жасыратын не бар, аға, алғашқы кезде Айдынбектің өзі де мұхит тереңіне енді қайтып бармаймын деп бас тартқан. Сол кезде «Жоқ, зерттеуінді тоқтатпа. Жалғастыра бер. Жалғастыра бер» деген өзім едім. Бірақ ол аттанатын уақыт таяған кезде жұмысқа бара жатып аяқ астынан ол ойымнан айныдым. Сізге келдім. Жолда, жеңіл көлік ішіндегі шешімім болғандықтан Айдынбекке ескертіп те үлгермедім.

  • Сізді түсініп отырмын... - академик үстелінің оң түсында жатқан қалың папканы қолына алды. - Міне көріңіз, - деді содан соң, - барлық жоспар жасалынған, бұйрық шыға- рылған. Енді оны басқа адаммен табан астында ауыстыра қою мағанда оңайға соқпайын деп тұр, келін қарағым. Дегенмен, келіп қалған екенсіз, бір жолын іздестірейін. Мұнда Айдынбектей дәрежеге жете алмай жүрген жас ғалымдар көп. Олар үшін мұндай жауапты да маңызды құрамға енудің өзі бір арман. Олардың ешқайсысы да Айдынбектің орнын баса ал мақ емес. Ол тәжірибелі ғалым ғана емес, батыл басшы да ғой.

  • Оның бәрін де жақсы түсінемін, аға. Соны ескеріп оның ғылыми еңбегін тоқтатпауын да ойлағанмын. Мені қатты ойландырып жүрген әлгі елес-қыз. Оның не болуы мүмкін, соны түсіндіре алар ма едіңіз?

  • Кім білсін, қарағым. Су асты емес пе? Ол ортада біз өмір сүріп көрген жоқпыз, зерттегенімізбен. Қараңғылық пен қысым әлемі ғой. Егер ондағы бар құпия ашылған болса, онда неміз бар бұлайша әуре-сараңға түсіп. Қиыны қиын, әрине бұл жұмбақты шешу. Елес, жай ғана елес те болуы мүмкін. Бірақ сіз алдын ала бекер-бос шошынбаңыз. Айдынбектің денсаулығы қалпында. Дәрігерлер оларды мұхит тереңіне түсерде де, теренде де, сол тереңнен шықкан сон да тексермей ме?

  • Оның бәрін де білемін, аға. Тек соңғы күндердегі Айдынбектің мінез-құлқының күрт өзгере бастағаны жаныма бата бастады. Бұрын ол күй сазына оншалықты мән бермейтін. Енді үйде тындайтыны тек қана сол.

  • Ол қайта жақсы емес пе, келін? — деп риясыз жымиды Әбділда Сұлтанұлы, — күй сазын тындай білген адам қасиетті де құдіретті адам! Өзім де күй сазын жақсы көремін. Күй құдіретін танымаған қазақ қазақ па? Ол дегеніңіз тілсіз тарих қой. Әрбір күйдің шығу себебі мен тарихы бар емес пе?

  • Бар, аға. Ал Айдынбек, тіпті, күй сазына ерекше терең беріліп, онда баяндалғанды көз алдына елестетіп отырады.

  • Ол ғажап қой. Бұл ешқандай оғаш нәрсе емес. Тіпті, осы күй айтыс деген де бар емес пе? Сонда күллі көрермен екі домбыраның бір-біріне не туралы айтып жатқанын іштерінен біліп отырмай ма?

  • Иә, аға. Мен ондай айтысты да көргенмін. Бірақ домбыралардың нендей үн шығарып, нендей нәрсені сездіріп жатқанын сезінген емес едім. Ондайға Айдынбек те оншалықты назар аудармайтын. Енді ол сол сапардан кейін әуен, күй десе ішкен асын жерге қоя тындайды.

  • Жарайды, карағым келін, —деді әңгіменің созылып бара жатқанын анғарған ғалым. — Мен Айдынбекпен сөйлесемін. Өзімен онаша ғана кеңесемін. Не дер екен? Ойын байқап- барлап көрейін. Мүмкіндік туып жатса, бұл сапардан алып та қалармын. Осылай келісейік.

  • Рахмет, аға, - деді Раушан орнынан түрегеле беріп, - уақытыңызды алғаныма айып етпеңіз.

  • Ештеме жоқ, - деді ғалым. — Бәрі де болады бұл дүниеде. Өмірғой, бұл. Бәрі өзіңіз ойлағандай болады деп сенемін.

  • Рахмет, аға, сау болыңыз.

  • Бақытты болындар, қарақтарым.


    Айқындалған тағдыр
    Қыз бүгін ерте оянды. Көзін ашқан бойда жан-жағын барлап та алды. Сол өзінің демалыс бөлмесі. Ешқандай өзгеріс жоқ. Түсінде әлдекімдер өзін қандай да бір қапасқа қамап тастағандай еді. Түсі күңгірт, сондыктан да көп нәрсені есіне түсіре алмаған. Қорқыныштылау екені анық. Селт оянып кетуінің бір себебі де сол еді.

    Қыз орнынан тұрды. Өз бейнесі әр қырынан ап-анық көрінетін айна-экранға қарады. Тұла бойын шолып шықты. Қай қырынан қараса да адам көзі тоймайтын бір ғажайып сұлу екеніне еш шүбә жоқ-ты. Осы кемедегі жігіт атаулының бәрінің де өзіне көздерін қадап жүргені бекер емес-ті. Бірақ өкініштісі, жігіттердің біреуінің бойында да әйел затына де­ген нәзіктік сезімі жоқ. Бәрі де темір адам тәрізді суық. Суық болмай қайтсін, дүниеге шыр етіп келіп, көздерін ашқаннан көргендері осы кеме, жұлдыз аралық сапар, сықырлаған био- роботтар болса. Оларды былай қойғанда кейде өзінің де уақыт пен кемедегі өмір сүру ережесінен аса алмай қалатын кездері жиі болып жатады. Кемшіліксіз пенде болмайды. Ал, Жер тұрғындарының басты ерекшеліктері еркіндеу жүріп-тұратындықтары, уақыт тығыздығына аса мән бере бермейтіндіктерінде еді. Қыз негізінен жерліктердің осы қасиеттеріне қызыққан. Бірақ түндегі түсінен кейін оларға дабір күмәнмен қарайтын күйге жеткен. «Сонда маған кім қастандық жасамақ?» деген бір кесе-көлденең ой мазалай бастады енді қызды.

    Денесі де біртүрлі ауыр тартып тұрды-ау. Біреу әбден соғып тастағандай. Кемедегілерден көруге еш негіз жоқ. Кеменің жайлылығы, жылдам жүйткитіні қашан да адам жанын разы етеді. Қыз енді ширақ жуынып-шайынып, шағын асхана бөлмесіне енді де, ондағы титтей ғана бір түймені нұкып, таңғы асты тез жеткізетін автоматты іске қосты. Артынша өзі қалаған тамағы келе қалған. Автомат адамның тәбеті шабатын тамағын оның сілекей жүйесінен сезе қояды. Тамақтан ала отырып, қыздың өз сұлулығы өз көзіне елестеумен де болды. Бәрі де жаңағы айна-экранның құдіреті еді. Демалатын бөлмесі шағын. Біреу ғана. Бірак ол қыздың қалаған пішініне өзгере алады. Тек қажетті түймеге сүйріктей ғана саусағының ұшы тисе болғаны, бүкіл жүйе жұмысқа кірісіп жөнеледі. Қыз мезгіл-мезгіл болса да бөлме пішінін қалауынша өзгертеді. Бірде олай, бірде былай. Бұлай өзгерту тек бұл қыз емес күллі адам баласының психологиясына тән нәрсе. Ал, мына жалғыз- дықта қыз бөлмені қалай өзгерте қоямын десе де өз еркі. Мұхит асты қараңғы болғанымен, күндеп атапынатын жұлдыз жер көкжиегінен шығып, екінші көкжиегіне бататындықтан мұнда өздері келген ғаламшарға тән тәулік айналымы жасалған. Кемедегілер сол уақытпен жұмыс істеп, сол уақытпен демалады. Бұл жағынан келгенде жермен уақыттары үйлеспейді. Бірақ өздеріне онан келіп-кетер ештеме де жоқ.

    Қыз сәлден соң басқа бір дүниеге тап болғандай сезімде бөлме ішін көзімен шолып өтті. Содан кейін уақыттың біраз өтіп кеткенін сезді. Өздерінде сағат деген нәрсе болған емес. Бірақ оның орнына сол қолдарына білезік тағады. Ол білезік уақыт белгісін сезім жүйесі арқылы бірден миға жеткізіп тұрады. Ондай қабілет кейбір адамдарда туа біткен қасиет ретінде болады. Ондай адамдар ешбір уақыт көрсететін құралсыз-ақ уақытты мөлшерлеп айта алады. Ал өздері үшін уақытты дәл анықтау деген ешбір басты қатыратын нәрсені қажет етпейтін нәрсе. Қыз сол құдіретті уақыттың зымырап кетіп бара жатқанын дер кезінде сезіп үлгерді. Содан кейін су астына шығатын мезгілінің таяп қалғанын түсініп, арнайы су асты киімін киді. Айна-экран алдына тұра қалып, сүңгуір киіммен қалай көрінетінін барлап алды. Өзіне-өзі қызығып, өзіне-өзі осылайша баға бермесе, кім бағалай қойсын. Өткендегі бөтен кемедегі өзінің жас жүрегін жаулап алған жігіт те қайтып көрінбеді. Сол сезім енді уақыт өткен сайын тұла бойын күйдіріп-жандырып бара жатқандай. Осы сезім пайда болғалы әуелден қаламайтын сапарлас жігіттерін енді тіпті де көргісі келмейді. Өзінше бір оқшау әлемге айналып та шыға келген- дей ме? Әлгі жер ғаламшарының жігітіне деген махаббат сезімі оянған күннен бастап-ақ осы айна-экранға жиі-жиі көз салатынды да шығарған. «Осы мен қанша ару, қанша су перісі болсам да ешкімге де қажет емес шығармын. Мына жігіттер болса мені қыз бала деп сыйламайды. Дөрекі сөйлейді. Қандай бақытсыз жан едім мен?» - деп өкініп те жүрген кезі аз емес еді қыздың. Тіпті, бұл жарық дүниеден түңіліп те кететін кездері аз болмаған. Мына жер ғаламшары мен мына мұхит әлемі сол сөнуге айналған үмітіне от түтатты. Түс көргендей- ау, бұл өмір.

    Қыз түнде көрген түсін есіне түсіруге тырысты. Бірақ ол түсі жуықта есіне түсе қоймады. Содан бір ой келген. Кемеде «Түс жорығыш» та, «Тағдыр болжағыш» та бар. Олардың бәрі де автоматты жүйелер. Солар арқылы көп нәрсені біліп алуына да болмақ. Бірақ кандай себеппен екені белгісіз, оларды іске қосқанда жұмыс істемейтін болып шықты. Оны көребіле тұрса да көңілі пәк періште қыз онша назар аудара қой­мады. «Қазір болмаса, басқа бір реті келген мезетте біліп алармын» деген де ойға тірелген. Сөйтіп, дәл қазір қыз өз тағды- рын алдын ала біле алмады. Кейде оны ұнатпай: «Осы құралдың қажеті не? Адам өз тағдырын білмей өмір сүруі тиісті», — дейтін. Бірақ қырсыққанда ол дәл қазір қажет-ақ еді. Күрделі балгер де өзінің сол ниетін сезе қойғандай қырсығып жұмыс істемей қалыпты. Сөйтіп оған қадала қарап ой тұңғиығынан арыла алмай тұрғанда:

    • О, сұлу кыз, пері қыз, су асты сапарына дайынбысыз? - Деді әуен араластыра дыбыстаған су астын зерттеуші сапарлас жігіттердің бірі арнайы байланыс жүйесі аркылы.

    • Дайынмын! — деді қыз жұлып алғандай тез жауап қатып.

    • Ендеше, басшы отыратын бөлмеге жиналайық!

    • Жарайды... - қыз сәл кідіріп барып тіл қатты. — Ержігіт, сен білесіңбе, мына «Түс жорығыш» пен «Тағдыр болжағыш» құралдары не себепті жұмыс істемей тұр?

    • Білмедім, -деді жігіт ештемені түсінбей.

    • Ал өз бөлмендегі «Тағдыр» ше?

    • Ол қалпынша жұмыс істеп тұр.

    • Ендеше мен саған барып шығайын?

    • Келе ғой - деді жігіт сәл күмілжіп, - тек басшымыз білмей-ак қойсын, мұны.

    • Білмейді, мен мұны ешбір жанға айтпаймын, Ержігіт.

    • Жаксы, онда келе бер. Күтемін. Тек ұзама. Уақыт аз. Шамалы уақыттан соң басшының бөлмесіне жиналуымыз керек, - деп әуендетіп барып тоқтады Ержігіт.

    Қыз жылдам жиналды. Алдын ала киініп, дайын түрғаны қандай жақсы болған. Анау-мынау қалған заттарын тездетіп арнайы ыдысқа салды. Содан соң бөлмеден шығып, қылдырықтай ғана дәлізде тұрган пневмоорындыққа отыра кетті. Содан көзін жұмып бір түймені сүйріктей сұк саусағымен нүқығанын ғана біледі. Көзін қайта ашып, өзіне-өзі келгенде Ержігіттің бөлмесінде екенін бір-ақ көрді. Бұл жылдам қозғалыс мәдени дамуы әлі төмендеу ортада өскен адам үшін таңғаларлықтай болғанымен, өздері үшін таңсық қана емес, тіпті, жалықтырған да нәрсе еді. Екеуінің біреуі де оны ойлап тұрған жок. Ержігіт тек қыздын жүзіне таңырқай қарайды. Ішінен енді біршама уақыттан соң бұл қыздан біржолата айырылу қаупінің туатынын да ойлайды. Тек оны айта алмайды. Айтпақ түгілі, мына құралға жақындатқаны үшін де басшыдан таяқ жеуі әбден мүмкін. Бейшара қыз мұнын бәрін кайдан білесезе қойсын. Қыз өзіне өтініш білдірген сон қалайша бас тартсын. Зерттеңіз деген. Осылайша екеуі қиын бір сәтте тіл табысқан. Бір бөлімде, бір мақсатта жұмыс жасамай ма оның үстіне. Қыз бөлмеге енгеннен кейін жігіт оны арнайы құралдың жанына қарай ертті. Соның артынша да пневмоорындық бөлме ішінен кейін қарай зу етіп шығып, есік сырт жабылды. Жігітте, қыз да пневмоорындық дегенді әуелден жақсы білді. Онымен жүріп-түруға әбден жаттыққан. Сондықтан да екеуінің де ендігі назарлары алдарындағы күрделі құралға ауған. Тек осы сәтте жігіт әлденені ойына алғандай қызға қадалды. Қыз оған. Екеуі көздерімен бір-бірін арбағандай бір күй кешті. Бар болғаны сол ғана. Ешбір махаббат сезімі жоқ. Сезім деген жігіттің бойында әлі күнге оянып та көрмепті. Оны өзі де түсінді. Қыздың өзіне деген көзқарасын да сезді. Оны сезгендей қыз жүзін өзінен тез бұрып әкетті де:

    Каталог: admin -> files
    files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
    files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
    files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
    files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
    files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
    files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
    files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
    files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
    files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
    files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет