Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


Мәтел болып кеткен мысалдар



бет10/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Мәтел болып кеткен мысалдар

Кейбір мысалдар уақ мәтел болып тарайды. Эзоптың «Күншіл ит пен бұқа» («Завидливая собака и бык») атты мысалында «Шөптің үстінде жатып алып ит өзі де жемейді, бұқаға да бермейді», кейінгі мезгілде Лопе де Вега жазған «Шөптің үстінде жатқан ит» («Собака на сене») дейтін пьесасы осыдан туған болар.

Ой-сананың ауысуы әр түрлі салада жүреді, көбінесе жазба әдебиет арқылы тарайды. Одан әрі ауыздан ауызға да көшеді. Әр ұлттың тілінде жүрген жеке-жеке сөздерден талай-талай ойлардың ауысқанын табамыз.

Мысалы, қазақта «Өзі бір отырған күрез ғой» дейтін сөйлем бар. Осыны айтушы адам «күрездің» төркініне түсінбейді. «Екеуміздің Крез емес екенімізді, сенің үйің патша сарайы еместігін Кирсанов өте жақсы біледі», - дейді И.С. Тургенов («Әкелер мен балалар», 20-бетінде). «Бұл кісі туралы талай ертегілер айтылған дала Крезі ғой» - дейді Д.Н. Мамин- Сибиряк («Астық»). «Біз төсекке Крез боп жатамыз да, ир 2 болып түрегелеміз», - дейді В.Г. Белинский, Н.С. Ашукин мен М.Г. Ашукина кұрастырған «Қанатты сөздер» атты кітаптың







1 Федр, Бабрий. Басни, с. 119.

2 «Ақын-ир тәрізді кедей еді», дегенде ир А.И.Герценде бар. «Былое и думы», 44-бетінде (Крез – байлықтың белгісі, ир-кедейліктің үлгісі).
28 бетінде де Крездің аты-жөні, заты кім екендігі айтылады. Ендеше ежелгі Лидия патшасы Крезді немесе Геродот тарихын сахарада көшіп жүрген қазак елі білді деу қате болар еді. Сондықтан бұл күрез біздің елге екі жолмен келуі мүмкін. Біріншіден, он тоғызыншы ғасырдағы орыс әдебиетінен алынады, немесе араб-парсы, тәжік-өзбек тілінен келіп ауысуы да ойға сияды. Бірақ біз көбінесе орыс әдебиетінен келгендігін қолдаймыз, өйткені осы күрез деген сөзді оңтүстік қазақтары біле бермейді. Бұл негізінен Орталық Қазақстанда ұшырайды.

«Жалған мен шындық» атты мысал Ромулде кездеседі, атақты татар ақыны Ғабдолла Тоқай былай келтіреді:



«Шын мен жалған («Чын уә ялған»)


Әуелде дүниеде жер жоқ, су ғана болған диләр.

Онда жүзгенләр иміш тек «чын» білән «ялиан»-диләр. Бу екі душманға тәңірден берілген бір күймә (кеме) Бәс отырғанлар күймәгә бірісі қаршы бірсінә.

Көптә юрми «сын» білән «ялған» шығанлар согыш, Болмаса дослық, жете біт - соғыштарға бір йок іш. Күшті қолы біләп «ялған» - «чынны» соққан диді.

«Чын» батып кеткен-ди, шықмасқа жәһәнге-мәңгіге

(1926, 9-бет.)

Осы күні бұл ауызша анекдот болып та көп елге тарап кеткен.

Халық арасына дәнекер болып, бірден бірге ой ауысады, бұл түрлі арнада жүріп жатады. Ұзақ эпос, ертегілер сабақтасады, қысқа мысалдар көшіп-қонып жүреді. Жеке мақал-мәтелдер, тіпті дара сөздер де бір елден екінші елге келіп тұрақтайды.

Қазақ халқының ең алғаш нәр алғаны - шығыс мәдениеті, батыс жұртына, орыс халқына кейінірек жақындап, қоян- қолтық араласқан сиякты. Орыс халқымен араласудың тіліміздегі, әдебиетіміздегі ізі ұшан-теңіз. Орыс мәдениетінің қарым-қатысы өте күшті болған кезеңі XIX ғасырдың орта шені, оның артынша революциядан кейінгі дәуірде болды. Аударма әдебиетінің төл әдебиетке мол әсерін тигізгені де, мәдениетіміздің шеңбері де осы кезде күшейгені белгілі.

Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі. Аударма әдебиеті халықтар достығының дәнекері. Осы пікірді дәлелдей алатын тиянақты айғағымыз да бар, ол орыс
халқының тіліне араб әдебиетін аудару жөнінде айтылған болатын. Сонда: «Мың жыл деген тек бір халықтың тіршілігі ғана үшін емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де өте көп уақыт, мың жыл бұрын өтіп кеткен ұлы ата-бабасын, олардың келешек үрім-бұтаққа қалай өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп, болашаққа жөн сілтеп өткенін ұмытпаған халық - бақытты халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдерінде болған ұлы адамдарды біліп отыру одан да бақыттылық. Көбінесе әлгі әр елден шыққан ұлы ата-бабалар өздерінен мың жыл кейін де халықаралық байланыстың дәнекері болып қала береді», - дейді акад. И.Ю. Крачковский.

«Мың жыл бұрын Алеппоның (Хәләб қаласының жанында Сирияда (Шамда) туып, дәурен сүрген Абу-ль-Алә әл- Магарриді қиыр алыста жатқан Россия білген де жоқ еді. Әрине, әл-Магарридың туғанынан елу жыл бұрын Бағдадтан шығып Еділ өзенінің жағасына ибн-Фалданың келуі рас, тіпті кейбір арабтар тек Еділ бойы емес, Киевтік Русь еліне де бұдан бұрын келіп-кетіп жүруі мүмкін. Алайда, олар арқылы орыс елі Магарриді білген жоқ, өйткені Абу-ль-Аләның атағы олардан көп кейін жайылды... 1875-1876 жылдары орыстың екі ғалымы араб хрестоматиясын Петербургте шығарды. Әлемге әйгілі соқыр ақын әл-Магарридың бірталай өлеңдерін соған кіргізді.

«1932 жылы ілгеріде белгісіз болып келген «Періштелерге арналған» (орысша: «Послание об ангелах» - арабша: «Рисаләт ал-малаика» атты) шығармасын Ғылым академиясы Ленинградта жариялады. Бұл еңбек Шығыста Каир шәһәрінде, батыста Лейден қаласында сакталған қолжазбаларға сүйеніп еді. Осы еңбекті баспаға дайындауда Египет (Мысыр) ғалымы, Шамдағы1 араб академиясының мүшесі Ахмет Теймур патша көп күш сіңірді.

Ленинград баспасын тұңғыш рет жазып кұттықтаған әл- Фурейке өлкесінің философы Әмин-әр-Рейхани болды, мұның өзі де әл-Магарриды көп жылдай зерттеп келе жаткан ғалым екен, сол хатында ол былай депті:

«Шығысты зерттеуші ғалым-мырзалар, сіздер өте керемет адамсыздар. Тіпті баяғыда шіріп кеткен сүйекке де жан бітіре алатын, тәңірге жақын тұрған жансыздар!.Мен мынау еңбектен





1 Дамаск қаласы Шам деп те аталады, Сирияны да Шам деседі. «Мың бір түнде» Әбдіқадыров Дамшық деп береді.

Абу-ль-Алә әл-Магарридың өзін көріп отырмын, шіріп қалған еңбектерін сіздердің мың жыл кейін тірілтетіндеріңізді анык білген жанша ол өз заманында былай деп кеткен ғой: «тәңірінің алдында ант ішіп айтсам, менің шығармам өз өмірімнен кейін қалады деп ойлағам жоқ», - депті. Міне енді, сол еңбек әл- Магарридан мың жыл соң тіріліп отыр... Мың жылдан кейін терістіктің ыстық самалы соғып, оның өлген еңбегіне жан кіргізер, орыс тілінің меруерті араласып, ол араб тілінде қайта сөйлер деген ойымызда да жоқ еді-ау! Я, күрметті орыс досым, саған тәңірім тіршілік берсін! «Періштелерге арнаған» шығармам менің алдыңда бас иіп тәжім етеді... Құдайдың сүйікті ұлдары-ау, сіздер енді оны іздеп таппайсыздар ма?»- деп сөзін әрі карай соза түседі Әмин-әр Рейхани.

«Егер тәңірі тағалам ұйғарған болса, сіздер мені тірілткендей етіп, оны да тірілте аласыздар ғой. Осынша ұзақ уақытқа айырылысқан менің

«ыбылыстай» досымды тауып әкеліп, менімен табыстырмайсыздар ма?! Сонда өз атымнан да, жолдасымның атынан да, сөйтіп, мүмкін еместі мүмкін еткен» автордың үш «арнаудың» иесі Магарридың атынан да рахмет айтып, мына өткінші өмірді есен-сау өткізулеріңізді тілер едім-ау!»- депті әр-Рейхани. Міне, мына жолдарда жазған Фурейкедегі Магарридің досы, Ленинградтағы Магарридің досын осылай кұттықтайды. Орыс пен араб әдебиетін зерттегенде үнемі табыстан табысқа жете беруін, дені сау, бақытты болуын тілейді. Халық арасында туысқандық сезім мен бейбітшіліктің орнауын қалайды»1, - деп, көлемді ойын келте түйеді И.Ю. Крачковский.

Орыс ғалымдарының осындай пікіріне сүйене отырып, мына казак халқының өткен заманда қай елден, қай дәуірде нәр алғанын айтып өттік.

Ерте кездегі ауыс-түйістің шеңбері бүгінгі заманмен салыстырғанда тар еді.

Жағдай қазір мүлде өзгерді, жер бетіндегі көптеген ұсақ ұлттардың соры болып келген шынжыр бұғау отарлау саясаты күйреді. Азия, Африка халықтары күн санап бұрынғы бұғаудан босанып, тәуелсіздікке қолы жетті. Совет елімен туыстық қарым-қатынасқа түсті. Сөйтіп олар совет халықтарын, совет елдері оларды ең әуелі көркем шығармалар аркылы тани бастады. Ендеше, өмір қажетін ашатын, адам арасын қосатын тиянақ-тірек аударма өнері екені аян.




1 И.Ю.Крачковский. Изб. Соч., т. 3. М. – Л., 1955, с. 261-263.

Сондықтан 1954 жылы аударма мәселесі Бүкілодақтық жазушылар съезінде ерекше сөз болады. 1958 жылы түркі тілдес елдердің уәкілдері бас қосып, аудармашылар мәслихаты Алматыда өтті. 1960 жылы октябрь айында аудармашылар кеңесі Москвада тағы болды. 1961 жылы декабрьде көркем аударманың шытырман шыргалаңдары Фрунзеде болтан Одақтық мэслихатта да талқыланды. 1966 жылы февраль - март айларында «Көркем аударма теориясының актуальдық мәселелері» («Актульные проблемы теории художественного перевода») Бүкілодақтық симпозиумда, Москвада қаралды. Бұл симпозиумға Америка, Англия, ГДР, Франция, Югославия, Италия, Финляндия, т.б. шет елдердің уәкілдері қатысты, ойларын ортаға салысып тарасты. 1971 жылдың жазында Бүкіл одақтық үшінші мәжіліс тағы Москвада өтті.

Соңғы жылдарда аударма мәселесіне аса көңіл бөлініп отырғанын осы мәжілістер айқындай түседі. Олай болса, көркем әдебиет идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішіндегі елеулісі екені даусыз.

Аударма әдебиеті - төл әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар қатар өседі. Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да осыған айғақ бола алады.

Ілгеріде көршілес отырғандықтан орыс халқы мен қазақ елінің арасында там-тұмдаған жеке-жеке сөздер, қысқа-қысқа әдеби әңгімелер ауысып келеді де, казақ әдебиетінде орыс әдебиетінен аудару салты XIX ғасырдың екінші жартысында күрделене бастады.

Бұл дәуір орыс әдебиетінің прогресшіл бағыттағы ұлы бейнелерді алғаш аудару мезгілі еді. Осы жол-жобаны бастаған Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар болды.

Заманына сай аударманың өсу жолын дәлелдеу үшін жалғыз-ақ мысал келтірелік. Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің «Капитан қызын» 1903 жылы Молда Нияз Бекимов аударды. Осы шығарманың 1936 жылы Қадыр Тайшықов, ал 1949 жылы Әбділда Тәжібаев аударғаны мәлім. Кейінгі аударманың бұрынғы төл әдебиетіміздің мешеу кезіндегі Молда Нияз Бекимов берген үлгіден көш ілгері екені даусыз.

Әрине,орыспен қазақ тілдерінің арасындағы қарым-қатынас бүгін басталған жоқ. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр, өйткені, «көне орыс тіліне достакан деген сөз XXII ғасырда ауысты,


бұл түркі тілдерінде (соның ішінде қазақ тілінде) айтылатын достаған - тостуган - достакан - тустаган сияқты сөздерден алынған еді. Бері келе әлгі достакан қысқарып, стакан болып кетті. Қазіргі қазақ-татар тілдеріндегі стакан орыс тілінен келіп кірді, бірақ оның түбірі біздің қазақ-татар тілдерінде бұрын айтылған «достағаннан» шығуы анық» 1 , - дейді тіл ғылымының докторы Х.Х. Махмудов. Сондай-ақ, қазақ-татар тілінде айтылатын арқалық, аралас, теңге деген сөздер орыс тіліне архалук, еролаш, деньги болып баяғыда ауысқан-ды. Қазір олар орыстың төл сөзі есепті болып кетті. Осы тәрізді: аул, ақсақал, арық т.б. біздің тілден орыс тіліне Ұлы Октябрь революциясынан кейін де ауысып барғаны анық. Ал орыс тілінен қазақ тіліне мүлде көп сіңіп отыр. Мысалы, орысша: волость, закон, самоварь, вожжи деген сөздер революциядан бұрын да: болыс, зәкүн, самаурын, божы болып жүретін. Қазір мұндай сөздер, ұғымдар тілімізде мүлдем көбейді. Мысалы, колхоз, совхоз, МТС, СССР, комсомол, КПСС тәрізді қысқарған сөздер, ботабай (путевой), гурзабай, легкобой, аптобоз, перме, шопыр тәрізді біріккен, дара сөздер де жер-жердегі қазақтар ертегідей «шеттен келген», «бұралқы қонақ» деп ұқпайды. Өзінің ежелден еншісіне тиген төл малындай көреді. Тілдің шеңбері кеңіп, бұлай баюы аударманың (әсіресе орыс тілінен аударудың) жеңілденуіне бірінші айғақ.

Аударманың сапасы сол елдегі төл әдебиеттің соңына еріп, аударма әдебиеті жедел жүреді. Кейде аударма әдебиет те төл әдебиеттің өсіп-өркендеуіне көмек беріп отырады.

Революцияға дейін қазақ әдебиетіне И.А. Крылов, И.И. Хемницер, И.А. Буниндердің ұсақ-ұсақ мысалдары, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтардың қысқа-қысқа үзінді өлеңдері аударылды. Аударушылардың бәрі де шет-пүшпақтап болмаса, түгел бір авторды сарқа аударған жоқ еді, тіпті бір автордың кесек бір шығармасын да бүтіндей аударып бере алмады. Өйткені, ол кезде қазаққа мұсылман дінін уағыздау үшін келген, шала-шарпы түсінілетін иарн, араб, шағатай тілі араласқан шұбар өлең-қиссалар:

«Сал-сал», «Заркұм», «Қараман-Қатырандар» болмаса, қарапайым халықтың өзіне етене түсінікті, өзіне тән бірде-бір күрделі шығарма болмады. Әлгі айтылған қиссалар әсерін тигізіп, өзіміздің тілге біртабан болса да бейімделіп жазылған «Балғұмбағыр», «Дариға қыз»,






1 «Вестник» АН КазССР», 1951, №4, с. 45.
«Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірәттер» шықты. Осылардан кейінірек келіп «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебектер» басылды.

Алғашқы ояну дәуірінде, ежелден орын тепкен шығыс әдебиетінің әсері арыла қоймады. Бұл әсер Ыбырай, Абайларда да болды. Бері келе прогресшіл өскелең орыс әдебиетінің үлгісін қолданғандар да осылар болды. Бері келе М. Сералиннің «Топ жарған» хикаясы (1900 ж.),

«Гүлкашимасы», Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы (44-ақ бет, 1912 ж.), Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы (90-бет, 1913 ж.), Сәкен Сейфуллиннің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың уақ өлеңдері қазақ тілінде жарық көреді.

Төл әдебиетіміздің осындай шағын көлеміне сай Спандияр Көбеевтің«Үлгілі тәржімесі» (аудармасы), Бекет Өтетілеуовтың аударған ұсақ мысалдары, қыска-қысқа өлеңдері жарияланды. Төл әдебиеттің шеңберінен аударма әдебиеті озып кете алмады. Төл әдебиеттің өрістеуі де сол халықтың саяси-экономикалық жағдайына байланысты еді. Қазақ елі ол заманда мал өсіруді күйттеп, шөбі шүйгін, суаты жайлы өңірді қуалап, бір жұртқа он күндей аялдай алмай көшіп-қонып жүрді, аттың жалында, түйенің қомында болды. Сондықтан салалы романдардың тууына бөгет жасаған екінші жағдай осы еді.

Мұндай жәйт орыс халқының әдебиетінде де болғаны мәлім. Мысалы, орыс әдебиеті тарихының атасы Антиох Кантемир «Ғылымды қорлаушыларға» («На хулящих ученье») деген өлеңін 1929 жылы жазды, Михайло Ломоносовтың «Хотинді алған күні» («На взятие Хотина») аты өлеңі 1739 жылы шықты1. Осылардың бәрі шағын тақырыпқа жазылған уақ өлеңдер болатын. Өнеге үлгісі жоқ, өз елінде кең тынысты, толыққанды күрделі романдар әлі жазыла коймаған орыс тіліне Гомер, Шекспир, Сервантес, Ф. Вольтер, Гете, Шиллер, Гейнелер осы айтылған Кантемир, Ломоносовтардан жүз жыл кейін келіп аударылды. Бұлардың аударылуына құнарлы жағдай туды, әдеби толғам, әдеби тіл пайда болды. А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь заманы басталды.

Алайда, сол кезде В.Г. Белинский мақтаған, сахнада Павел П.С. Мочаловтай артист ойнаған, Николай Алексеевич Полевой аударған Шекспирдің «Гамлетін» де орыс жүртшылығы қазір ұмытып кетті, өйткені «Гамлет» одан кейні 30 рет аударылды





1 В.Г.Белинский. Собр. Соч., т. ІІ. М., 1948, с. 738.»
ғой ХIX ғасырдың бірінші ширегінен бастап орыс әдебиеті қаулап өсті. Аудармаға көзқарас та, аударманың әдеби-тілдік нормалары да қалыптасып, әрі дәуірге сай кұбылып, төл әдебиет сатысына сай өсіп отырады. Сонау А.С. Пушкин заманынан осы күнге дейін «Гамлеттың» отыз қайтара аударылуы, «Фаустың» да сан рет аударылуы осы пікірімізді дәлелдей алады.

«Аудару мен ауыстыру» («перевод и переделка») арасында орыс елінін XVIII ғасырында айырма болтан жоқ. Сол кезде Гомерді Е.И. Костров (1750-1796), Шекспирдің «Гамлетін» А.П. Сумароков (1717-1777), «Юлий Цезарін» Н.М.Карамзин (1766-1826), Шахаризада («Мың бір түн») ертегілерін Филатов аударды. Сол аудармалар арқылы дүниежүзілік ұлы бейнелермен казір танысам деудің өзі қиын. Заман ауысты, аудармаға қойылатын шарт та өзгерді, тіл мен әдебиет те жаңғырды, оның үстіне «Ломоносов пен Державиннен бастап Горький мен Маяковскийге дейін қандай ұазақ уақыт өтті»1, - дейді П.М. Топер.

Сөйтіп XVIII ғасырда орыс тіліне аударғандар: Кантемир, Сумароков, Богданович, Херасков, Капнист, Карамзин, Радишев, т.б. Аударма XVIII ғасырдың екінші жартысында қауырт шыға бастады. Дәлін айтқанда 1768 жылдан бастап «Собрание, старающееся о переводе иностранных книг на Российский язык» атты жинақ ерекше шығып тұрды. Ол аудармалар XIX ғасырдың өзінде-ақ үмітсіз ұмытылды. Өйткені сахнаға енді Пушкин, Гоголь, Грибоедов, Лермонтов, Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Достоевский, Тургенев, Л.Н. Толстой, Писарев, Гончаров, Островский, Салтыков-Щедрин, Чехов, Короленколар шықты. Орыс әдебиеті шарықтап шыңға көтерілді. Бұл мезгілді орыс әдебиетінің «алтын ғасыры» деп атаса артық болмайды. Көркем аударма да бұрынғы

«долбардан» ауысып жаңа арнаға түсті. Көш басшы төл әдебиеті себін тигізді.

Міне, осы із, өз шама-шаркынша, біздің қазақ әдебиетінде де болды. Жоғарыда да көрсеттік, тағы да пысықталық, әдебиеттің көлемі шағын кезінде өз бойына шақтап келте мысал, уақ өлеңдер аударылса, бері келе совет дәуірінде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Қараш-Қараш», «Көксерек»





1 «Вопросы художественного перевода», М., 1955, с. 46-47.
әңгімелері, Сәбит Мұқановтың «Сұлушашы», «Адасқандары», Бейімбет Майлиннің «Шұғасы», «Раушан коммунисі», Ілия Жансүгіровтің «Күйі»,

«Жолдастары», Ғабит Мүсіреповтіі «Тулаған толқындасы», «Көк үйдегі көршілері», «Сабыр Шәріповтың «Қызылжары», «Алты басары», Мәжит Дәулетбаевтың «Қызылжары», Жақан Сыздыковтың «Әл қарттың әңгімесі», «Май көл тамы», Өтебай Тұрманжановтын Әбілда Тәжібаевтың, Асқар Тоқмағамбетовтың, Тайыр Жароковтың өзекті-ойлы өлең-поэмалары т.т. жарық көрді. Осылармен жалғаса көлемді аудармалар да елес берді. Қазақ тіліне 1928 жылы Гогольдің «Үйленуі»; 1931 жылы Шекспирдй «Гамлеті»; 1932 жылы Гогольдің «Өлі жандары»; 1935 жыль Горькийдің «Менің университеттерім»; Достоевскийді

«Бишаралары» 1 т.б. басылды. Осы аудармалардың бұрынғы

«долбармен» салыстырғанда түпнұсқаға таяулығы, ілкім тәуірлігі бола тұрса да ескі әдеттен, «түсінікті» ету үшіі шұбалаңдатудан, өзінше жорамалдаудан әлі арыла қойғаі жоқ еді. Бері келе, 40-50-ші жылдар карсанында өзіміздің төл әдебиетіміз адымдап алға басты. Мұхтар Әуезовтей, Сәбит Мұқановтай, Ғабит Мүсіреповтей, Ғабиден Мұстафиндей заманымыздың кесек жазушылары, совет дәуіріндегі қазаі классиктері кең тынысты, өткір ойлы, ірі-ірі шығармалар берді «Абай» эпопеясы, «Ботакөз», «Сырдария», «Оянған өлке» «Шығанақ» тәрізді көркем прозамыздың сүбелі туындыларь кесек-кесегімен жарияланды. Поэзия жанрында Ә.Тәжібаев Т.Жароков, Қ.Жұмағалиев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожиндердің көлемді поэмалары өлеңдері әдебиет сахнасына шықты. Бұрын болмаған көрнект үлгілер жасалды. Екінші буындағы М.Қаратаев, Е.Есенжанов Т.Ахтанов, Т.Әлімқүлов, Ә.Нүрпейісов, З.Шашкин сынды өнер иелері прозаиктер келіп, үлы додаға араласты. Әдебиет тану ғылымының зерттеушілері, талғампаз сыншылар Б.Кенжебаев М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, Б.Шалабаевтар шығып әдебиетке әділ биліктерін айтты. Сөйтіп төл әдебиетіміз өркендеп өсті де, аудармаға үлгі жасалды.

Әдеби үғым, әдеби талғам туды. Міне бұл жайт аударушыларға көп жеңілдік жасады. Көркем аударманың ержетуіне қолғабысын тигізген үшінші себеп осы.






1 «Үйлену» мен «Гамлетті» - М.Дәулетбаев, «Өлі жандарды» - Қ.Тайшықов, «Менің университеттерімді» - М.Қаратаев аударды. Біздің аударуымызбен «Бишаралар» т.б. жарық көрді.
Бірте-бірте қазак тілінің грамматикалык нормалары калыптасты. Тіл ғылымының білімпаздары: Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ыскақов, А.Қ.Хасенова, Ә.Нұрмақанова т.б. ат салысты. Аударушыларға туған ендігі бір үлкен жеңілдік осы болды.

Тұжыра айтсақ, аударма әдебиетінің маркайып өсуі үшін тиянақтырақ болған бірінші жеңілдік ауысу, аралсу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді. Екінші төл әдебиетіміз өсті де, аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік тіліміздің қалыптасуы - тіл ғалымдарының ат салысуы дер едік. Ал енді біздің ойымызша осы үшеуіне қосылатын тағы бір жеңілдік бар тәрізді, ол жеңілдік бөгде елдердің әдебиетіндегі, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ үғымына жат еместігі. Орыс жазушыларында, әсіресе, Гогольде кездесетін бейнелердің мінез-кұлқы да, мәдени мешеулігі де қазақ елінде болған шынлыққа жақын тұрады. Мысалы, бекіре балықты жалғыз жейтін жалмауыз, көрінгеннің аяғын басып кететін сәлекет, тірі жанды жақтырмайтын, барлық елді сыртынан ғайбаттап, ылғи өсек айтып отыратын Собакеевич - «Тай сойғанның Итбаевынан» аса алыс емес сияқты. Екі иығынан демін алып, еліріп, танаурап жүретін, төбелесті сатып алатын суайт Ноздрев біздің қазақ елінде кездеспейтін кейіпкер деуге болмас! Абай мысқылдаған ала аяқтардың бәрі де осылардың жақын туыстарындай. Гогольдің өзі айтпақшы: «Мүмкін, олар басқа шапан (кафтан) киіп жүрген болар...» - Сондай-ақ кешегі күні біздің елде Плюшкин, Манилов, Коробочкалар болса, бері келе Хлестаковтар да туды ғой. Өйткені, Бейімбет Майлиннің Талтаңбайы Хлестаковтан кем соға қоймас! Әрине, Анна Каренина образын бере қою қиын, одан біздің қазақ халқына Татьяна бейнесі түсінікті. Өйткені Анна Каренинадай әйелді, біздің ол кездегі окушыларымыз ұғына алмас еді. Сүттей ұйып, он жыл отасқан күйеуін, сегіз жасар баласын тастап, өзі жас, өзі суайт, желбуаз Вронскийдің соңына ерген Аннаны, ақырында, опык жеп, поездың астына түсіп өлген Аннаны, тойып секірген сорақы қылықты - елден шыққан Анна Аркадьевна Каренинаны түсіну оңай емес-ті, себебі, ол образ біздің әдеби өмірімізде қалыптаскан жоқ еді. Біздің Еңлік, Баян, Қамар сұлу, Шұға, Сұлушаштар - Анна мен Татьянаның


арасында тұрғандар. Бұлар Татьянадан ұзап кетпеген, Анна шеніне жетпеген бейнелер.

Онегин, Чацкий, Печорин, Рудиндер тәрізді көп оқыған, заманынан ойы да, бойы да озған «басы артық» (көзге шыққан сүйелдей) адамдар да әдебиетімізде болған жоқ. Олардан гөрі кешегі қазақ халқының шынайы өмірінде көп ұшырайтын кескіндер-Ноздрев, Фомусов, София, Собакевич, Плюшкиндер ғой. Міне, осы жағынан алғанда Гоголь адамдарының кейпі, олардың ой-өрісі бізге өте жақын келе береді. Түсінікті ойды, таныс кескінді суреттеп жеткізу, оны өз жұртшылығына ұғындыру, тұрмыста қалыптаспаған бейнені беруден жеңіл болады.

Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктер арқылы аударма әдебиеті жедел өсті. Ежелгі марғау аяңнан мардымды бағытқа ауысты. Бұл әсіресе орыс халқымен тығыз байланысып, коян-қолтық араласқан кезеңде өрге өрледі. Орысшадан қазақшаға бұрынды-соңды аудармаларды шолып өткенде, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада орын алған үш түрлі әдістің бар екенін байқаймыз.

Біріншісі - еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, оригиналдың өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Қысқасын айтқанда, еркін аударма әрбір елдің балаң кезінде, мәдени шеңбердің тараң кезінде пайда болады.

Мысалы, 1843 жылы орыс тіліне Фридрих Шиллердің «Вильгельм Телль» атты пьесасын ГФ.Мюллер (1818-1881) аударды 1 . Сол пьесасының рухын, өзіне ерекшелігін бере алмадың, - деп, И.С. Тургенев Мюллерге мынадай пікір айтты: «Жалпы алғанда Мюллер мырза жеңіл тілмен жатық жазады. Бірақ түпнұсқамен салыстырғанда катесінің ұшы-қиыры жоқ... Орта қолды оқырмандар Мюллерді мүдірмей оқып шығады, өйткені бұдан бұрынғы Молчанов, Куражковский, Славин тағы басқаларға қарағанда мұны мақтамауымызға да болмайды, өйткені бұл (Мюллер) грамматиканы, өлең ережесін біледі, бейшара орыс тілін сорлатпайды»,2 -дейді.

«Жуковскийдің өлеңі өте жеңіл, тап-таза, мөп-мөлдір, мүлде қарапайым, бүлдіршіндей әдемі келеді. Бірақ, ол




1 Г.Ф.Мюллер. Вильгельм Телль. М., 1843, с. 146.

2 И.С.Тургенев. Собр. Соч., т. ХІ. М., 1956, с. 11-13.
неміс пен ағылшын тілдеріндегі оригиналға тән ерекшелікті жылы жауып қояды да, өзінше соғады, өзіне ыңғайлысын ғана алады. Сондықтан оның аудармасы көңілдегідей болып шықпайды...»1 деген В.Г. Белинскийдің де пікірі бар.

Аудармадағы екінші әдіс - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл, көбінесе, оригиналдың тілін мол түсінгендерде болады, соның әуеніне еріп, құлдық ұрудан шығады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұзақ елдің уәкілдері жаза басудан қаймығады да, әрбір жеке сөздерін де, тіпті нүктелерін де дәл түсіруді күйттейді. Осының салдарынан барып, аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылык та түсінбейтін болады. Мысал келтірелік, 1936 жылы А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерекесіне арнап 3 томдық таңдамалы шығармалары қазақ тілінде жарық көрді. Аудармашылар да, редакциясын басқарғандар да өңшең сауатты адамдар еді. Сонда да болса ол аудармалар ешкімді де канағаттандырмады. Өйткені, біріншіден, бізде аударма тәжірибесі әлі нығайған жоқ еді. Екіншіден, Пушкинді сөзбе- сөз береміз деп «сірестіріп» алдық. Үшіншіден, асығыстык,

«науканшылдық» әсерін тигізді. Төртіншіден, әдеби тіліміздің, әдеби ұғым, талғамның кемтарлығы да себеп болса керек.

С.Я. Маршак В. Шекспирді аударды. Сол аудармаға В. Брестов жазған



«Судьба девяностого сонета» атты мақаласында: «... в текст перевода может войти то, что не будучи названным присутствует в оригинале. А то, что прямо названо в тексте подлинника может уйти в подтекст перевода»2 -дейді. Ендеше оригиналдың подтекстінде жасырын тұрған кейбір соз аудармада тура аталуы да мүмкін екен. Дәл беруге қызу кіріскен кезде асыға қимылдап, біздің аудармашылар мұндай жәтті ол мезгілде еске алмағандай.

Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекватный) аударма. Бұл - ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шетел оригиналының ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс ырғағын, тілі әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз, жете ұғынатындар жасайды. Осыған қосымша екі елдің «аударушы ел мен аударылатын елдің) мәдени сатысы бірдей болған мезгілде





1 В.Г.Белинский. Полн. Соб. Соч., т. УІІІ. СПБ. 1907, с. 425; т. 187; т. У, с. 107.

2 «Литературная газета», 1952, 12 сентября.
ығы-жығы білінбей, тегіс жаттығып кетеді. Төл әдебиеті мен аударма әдебиетінің арасында айырма болмай қалады. Бұған бүгінгі орыс әдебиеті айғақ. Өйткені батыс тілдерден аударылған Бальзак пен Л.Н. Толстой бірдей оқылады. Ендеше бұл ерте араласқан екі елдің мәдениет басқышы қаба-қатарлығын дәлелдейді. Баяғыда, осыдан 123 жыл бұрын (1847) жылы Г.В. Белинский: «По мере наших успехов в сближении с Европою запасы чуждых нам понятий будут все более и более истощаться и новым для нас будет только то, что ново и для самой Европы. Тогда... мы будем уже о том, что и язык русский с течением времени будет все более и более вырабатываться, становитьсы гибче и определеннее»1, - деген екен.

Ұлы сыншының осы пікірін орыс әдебиеті мүлтіксіз орындап шықты. Біздің ойымызша, тарихи тағдыры бір, өнеге- үлгісі ортақ, саяси-экономикалық жағдайы да бір біркелкі совет дәуіріндегі орыс елі мен қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті теңдесу мезгілі алыс емес тәрізді. Дәл осы арада біз совет дәуіріндегі өсу-өркендеудің жедел жүретінін де ескеріп отырмыз.

Бүгінгі ғалым дүниесінде талас туып жүр. Ол аударма тіл ғылымына жата ма немесе әдебиет зерттеу ғылымына жата ма дегенге саяды. Біздің айтарымыз, аударма екеуіне де жатады, екеуіне де молынан жетеді. Тек қана көркем шығармалардың аудармасына келгенде, мұның әдебиет ауқымына кіретінін ұмытпай керек.

Бөгде елдерден қазақ халқының ауызша аударып алуы, ауысуы әріден келе жатқандай. Иран-араб, монғол, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан ұсақ мысал-нақылдардың бар екенін ілгеріде толық айтып өтті. Орыс халқының кейбір көрнекті ғалымдары И.Ю.Крачковский, Э.Бертельс тәрізді шағыс тану ғылымын зерттеушілері иран, араб ертегілерінің түп негізі Үндіден (Индиядан) келген деседі. Осы пікірін тиянақтау үшін, олар Кашмир (Индияда) өлкесінде «Панчатантра» III ғасырда жазылды, иран тіліне VI ғасырда, араб тіліне VIII ғасырда аударылды, ал «Мың бір түн» араб елінің XI ғасырдағы ертегісі. Осы ертедегі «Панчатантрада» айтылатын накылдардың бірталайы ұшырасады, - деп түйіндейді.

Қазақ тіліне орыс елінің көркем әдебиетінен аудару тәжірибесі ХІХ ғасырдың екінші жарымынан басталды. Дәлелін





1 В.Г.Белинский. Собр. Соч., т. ІІІ, с. 768-770.
айтсақ, 1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясында» көрінді. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылы орыс классиктерін Абай аударуға кірісті. 1892 жылы Алтынсарин аударған И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі»1 атты мысалы шықты. 1900 жылы «Інжіл» де («Евангелие» де) аударылыпты. 1903 жылы «Капитан қызын» Молда Нияз Бекимов аударды. 1888 жылдан 1902 жылға дейін

«Дала уәлаяты» атты газетінде (орыс, казақ тілінде) басылып тұрады. 1895 жылы 24 декабрьде (№49) И.А.Крыловтың «Аю мен жапан дүзді мекен қылған жалғыз адамның мәжілісі» деген мысал шықты. Сол 1895 жылы (№22) Г. Ив. Успенскийдің(1843- 1902) «Кім бақытты?» деген әңгімесі шықты. 1898 жылы (№№ 27, 28, 29, 30) Мамин-Сибиряктың



«Ақбоз аты» жарық көрді. 1900 жылы Л.Н.Толстойдың «Сурят Кофейнясы» басылды. 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» («Образцовый перевод») белек кітап болып жарияланды, аударған Спандияр Көбеев еді. 1914 жылы Бекет Өтетілеуовтың аударған мысалдары шықты.

1905 жылы «Айқап» («Әй, қап!»( - «Увы») журналына А.П. Чеховтың

«Қара қарғасы» («Грач»), «Қазақ» газетіне «Хамелеон» басылды. Крылов, Короленко, Успенский, Л.Н. Толстойлар да сол кезде көрінді.

Аударма әдебиетінің қауырт өскені Ұлы Октябрь революциясынан кейін болды. Революцияның алғашкы жылдарында (1923 жылы) А.С. Пушкиннің «Дубровский» деген повесі өлеңмен аударылды. 1924-1926 жылдарда Л.Н. Толстойдьщ «Хаджи-Мураты», Горькийдің «Сұңкар жыры», Мамин-Сибиряктың «Ақбоз аты» басылды.

1923 жылы Гогольдің «Үйленуі» («Женитьба») атты пьесасы (аударған - Мәжит Дәулетбаев), Г.В. Плехановтың «Көркем өнер мен әлеумет өмірі» атты еңбегі (аударған - Әшім Омаров) шықты. («Жаңа әдебиет» журналында үнемі басылып тұрды), 1931 жылы Шекспирдің

«Гамлеті» (аударган -Мәжит Дәулетбаев) басылды. 1932 жылы Гогольдің

«Өлі жандары» (аударган-ҚадырТайшықов) жарық көрді. 1935 жылы

«Менің университеттерім» (аударған - Мұхамеджан Қаратаев) шықты. Ф.М. Достоевскийдің «Бишаралары» басылды. 1936 жылы «Әдебиет майданы» (қазіргі - «Жұлдыз») журналында И.С. Тургеневтің «Әкелері мен балалары» (аударған - «Ноян». Бұл жазушы Әуелбек Қоңыратбаев еді) басылды. Сол 1936 жылы





1 «Дала уәлаяты» газеті, 1982, 19 декабрь.

«Өлі жандар» түзетіліп, қайта басылды. А.С. Пушкиннің 3 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарияланды.

Қазақ әдебитінің даму жолдары көбінесе орыс әдебиетінде болып өткен жәйттерге үйлесе беретіндей. Мысалы, Шекспир, Сервантес, Гете, Шиллер, Байрондар орыс әдебиетінде баяғыда-ақ келіп кірген-ді. Шекспирді сол кезде Сатин, Вельтман, Кетчер, Кронеберг, Катков, Бородиндер аударған екен. Шиллерді Мюллер, Гетені Струговщиков, Воронченко1 т.б. аударған.

Сол қарсаңда В.Г.Белинский: «Осыдан жүз-ақ жыл бұрын біз хат танымаушы едік, ал қазір Ломоносов, Державин, Фонвизин, Карамзин, Крылов, Батюшков, Жуковский, Пушкин, Грибоедов тәрізді орыс халқының рухани мұңын, келелі арманын жоқтатйтын азаматтарымыз туды. Осыдардың атын атап, аузымызды толтырып мақтана алатын болдық... тағы айтайыншы: халық өміріне, оның рухани мүддесіне сай бізде әлі әдебиет жоқ, бірақ осынша қысқа мерзімнің ішінде әдебиетіміз басталып отыр – міне, табысымыз осы, бұл үлкен жетіскендік, келешектегі ұлы үмітіміздің кепілі бола алады, бірақ осының өзі де қазір бізді дәсерсітіп, мастандырмауы керек»2, -депті.

Осы жағдай біздің әдебиетке де жат емес. Мысалы, «бұдан қырық жыл бұрын, дүниежүзілік әдебиет туындыларын былай қойғанда, орыс әдебиетінің бірде-бір тұтас шығармасы қазақ тіліне аударылған жоқ-ты, ал қазірде жүздеген кітап аударылды. Осы фактінің өзі-ақ орыстың және жер жүзінің мәдениетіне қазақ халқының қолы жеткендігін сипаттайды»3, - деді белді сыншымыз М.Қаратаев.

Осы екі сыншымыздың екеуіне де қосыла отырып, айтарымыз: тарих үшін «жүз жылдық» аз екені рас, «қырық жыл» одан да аз ғой! Алайда осы қырық, елу жылдық ішінде біздің әдебиетіміз қарыштап өсті. Бұған социалистік заман, революциялық жаңғыру кезеңі үлкен себебін тигізді. Оның үстіне ертеде дұрыс тани алмай келген Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар қатарға кіріп, бүгінгі үрім-бұтақтың сүйіп оқитын авторлары болды. Совет дәуірінде






1 Қазақ тіліне «Гамлетті» ең алғаш Мәжит Дәулетбаев осы Воронченкодан аударған. 1931 жылдары қазақта «в, ч» дыбыстары жоқ еді.

2 В.Г.Белинский. Полн. Собр. Соч., т. І, с. 735-736.

3 М.Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958, 227-бет.
138

Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Ғаббас Тоғжанов, Жақан Сыздықов, Ғабиден Мұстафин, Сапарғали Бегалин, Әбділда Тәжжібаев, Өтебай Тұрманжанов, Асқар Тоқмағамбетов, Қалмақан Әбдіқадыров, Ғалым Малдыбаев, Шахмет Құсайынов, Жұмабай Орманбаев, Қажым Жұмалиев, Әбу Сәрсенбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қасым Аманжолов, Диқан Әбілов, Мұхамеджан Қаратаев, Зейін Шашкин, Хамза Есенжанов, Есмағамбет Ысмайлов, Хамит Ерғалиев, Қалижан Бекхожин, Тахауи Ахтанов, Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шаймерденов, Қуандық Шаңғытбаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Ілияс Есенберлин т.б. келіп жедел шықты да, өрге басты. Бұлар төл әдебиетіміздің де, аударма әдебиетіміздің де бетке ұстары болды.

Осыған қосылатын аударма әдебиетінің де көрнекті азаматтары бар. Қадыр Тайшықов, Бейсембай Кенжебаев, Қасен Өзденбаев, Ғазиз Оспанов, Қасым Тоғызақов, Ахмет Елшібеков, Ғалым Ахметов, Белгібай Шалабаев, Ысқақ Дүйсембаев, Мұхтар Жанғалин, Әнуар Ипмағамбетов, Ісләм Жарылғапов, Мүсілім Базарбаев, Әбен Сатыбалдиев т.б. Аударушылардың ішінен біз аты-шулы классиктерін қазақша сөйлеткендерді сұрыптап алдық.

Осылардың еңбегі жанды. Дүние жүзілік әдебиеттің классиктері



«Мың бір түн», «Шах-наме», Омар Хаям, Сағди, Шекспир, Сервантес, Бальзак, Гюго, Гейне, Тагор, Дефо, мериме, Свифт т.б. қазақша тілге келді. Орыс классиктерінен И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.С.Грибоедов, Н.В.Гоголь, В.Г.Белинский, А.Н.Островский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Г.И.Успенский, МаминСибиряк қазақша жатық сөйледі. Орыс халқның совет жазушыларының А.М.Горький, В.ВМаяковский, А.Фадеев, А.Толстой, М.Шолохов, Н.Островский, А.Твардовский, В.Ажаев, Д.Фурманов, Тренев, Седых, Шторм, Мате-Залка, Соколов, Макаренко, Гайдар, Павленко, Н.Прибой, К.Федин т.б. аударылды. Советтер Одағындағы туысқан ұлттар жазушыларынан (татрдан Ғабдолла Тоқай, Ғалымжан Ибрагимов, Баширов, өзбек жазушыларынан: М.Айбек, Г.Гулям, А.Қаһһар; тәжік жазушысы Садридден Айни; түрікмен жазушысы Б.Кербабаев; қырғыз жазушылары Ш.Айтматов,

Т. Сыдықбеков; латыш жазушысы В. Лацис, Чехославакия, Болгария, Индия, Бирма жазушылары т.б. аударылды. Осынша қысқа мерзімнің ішінде ұшан-теңіз табысқа жеткенімізге біз де мардымси алмаймыз, өйткені осының бәрі революциялык өршіл қарқынның жемісі деп білеміз. Ілгерілі, кейінді аудармаларда болған ұлан-асыр табыстарымыз бен кем-кетігімізді біз бұдан бұрын да айтқан едік. Оны оқып, танысқысы келетін адамдар 1962 жылы шыққан «Көркем аударма туралы» (С. Талжанов) атты еңбекті оқып шыгар деп сенеміз. Сонымен қатар Ә.

Сатыбалдиевтің «Рухани қазына» деген кітабында да көп нәрсе қамтылған болатын.

Аударма жөнінде сайып келгенде, тағы бір тілегіміз бар. Бір елдің түп нұсқаларын өз тіліне аударғанда, аударушы өз әдебиетінің, өз тілінің қамын ойлауы - заңды құбылыс. Оларды ұшырайтын ерекшеліктерді бұлжытпай беру аркылы аударма тәлі, әдебиеті байымақ. Осы пікірді 1966 жылы Бүкілодақтық симпозиумда айтып едік. Сол пікірімізді келтіре кетелік: «Сегодня я выступаю в роли защитника русского языка. Нам следует заботиться и о чистоте и об обогащении великого русского языка - языка межнационального общения - своеобразными сравнениями, уподоблениями, до сих пор не существующими в русском обиходе»,1- деп едік.

Осыдан кейін бұл пікірді ГДР жазушысы Альфред Курелла қолдады, ол: «... в XVII веке Россия отставала в культурном отношении от Западной Европы, на сегоднящний же день Советская Россия опередила Запад на целую эпоху. Вот эти меняющиеся отношения между различными культурами сильнейшим образом влияют на характер перевода... С. Талжанов ратует прежде всего за второй вид перевода, охарактеризованный Гете в этой связи. Он прав. Поскольку отношения между Россией и Казахстаном достигли такого состояния, что правильнее всего представлять русскому читателю своеобычные элементы казахской литературы во всей их своеобычности и новизне, и это непременно поведет к обогащению русской клуьтуры, к расширению круга ее




1 «Актуальные проблемы теории художественного перевода», т. I. М., 1967, с. 111.
представлений и преобразительных средств литературы»1 - деп ойын бітірді.

Демек, шет ел тілінен аударғанда оның өз ерекшелігін сақтау арқылы қазақ ұғымын кеңейтетініміз сүттен ақ, айдан анық болады. Сондықтан,



«Мен өзімнен гөрі Гомердің пайдасын көбірек ойладым да, әлім келгенше оның өз ойын дәл беруге тырыстым», - деп Н.И.Гнедич (1784-1833)

«Илиаданы» аударғанда 1829 жылы соның бет ашарында айтқан екен. Осы әдісті Гнедичтен бұрын, 1786 жылы Шекспирдің «Юлий Цезар» атты пьесасын аударғанда (Н.М. Карамзин (1766-1826) қолданған болатын, сонда: «Мен автордың ойын ешбір жерде өзгертпедім, өйткені бұлай істеуге аударушының еркі жоқ деп білдім»,2-дейді.



Осы пікірлердің бірімен бірі ұштасып, бірінен бірі туып жатканын айтпасақ та түсінікті екені даусыз. Оның үстіне орыс әдебиетінде тұңғыш рет Н.М. Карамзиннің айтуы - тегін емес, өйткені ол: «Карамзин создал на Руси образованный литературный язык, и создал потому, что Карамзин был первый на Руси образованный литератор...»3 - деді В.Г. Белинский.




1 Там же. См. Ст. Альфреда Кутелла (ГДР) – Meine Damen und Heggen. Lie be freunde und genossen. М., 1967, стр. 126-127.

2 В.Г. Белинский. Поли. Собр. Сои., т. Ill Спб., 1903, с. 28, 2006-2007.

3 Сонда, 206-2007-беттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет