мен ДИМНӘ АЛҒЫ СӨЗ Үстіміздегі заманның алтыншы ғасырында сасани тұқымы билеген Иранның патшалығы тағына Анушерван (531-579ж.ж.) отырды. Сол мезгілдегі ресми деректерге қараганда, оған «Әділ патша» дегентқұрметті атақ таңылыпты. Бұлай ардақталуы оның басқа патшалардан гөрі елге жаны ашитын мейірімділігінен, ел немесе езілген жұрттың мұң-мұқтажына көңілін көбірек бөлгендігінен емес еді. Бұл жағынан қарағанда өзінен бұрынғы патшалардан мұның ешбір айырмашылығы да болған жоқ, қайта ол Маздак басқарган көтерілісті қанга бояп, топалаң тиеген қойдай қырды. Міне, осы қанды уақиғаға себебін тигізгендіктен Иранда үстемдігін жүргізіп тұрған зороастра дінінің ғұламалары бұған әбден риза болып, қатты сүйсінді, сөйтіп осы беделді атаққа ие қылды.
Дегенмен Анушерван заманына сай игілі іс қалдырган адам; ол ғылым-білімге жол ашты, оның жарлығы бойынша, сол дәуірдің әдеби тілі-пехлевитіліне,былайайтқандаорталықпарсытіліне,батыстағы көршісі - грек (юнан), шығыстағы шектесі - үнді тілдерінен көп кітаптар аударылды. Грек философтарының кейбір кітаптары, сонымен бірге Үндістан ғалымдарының медицина, математика жөнінде жазған көптеген, еңбектері пехлеви тіліне сол жылдары аударылса керек. Кейінде тараған аңыздарға қарағанда, Үндістанға Бурзое1 деген жас дәрігер жіберіліпті. Үндістан патшасының қазнасында бөгде адамның көзі түспейтін қаға беріс жерде, ұқыпты сақталған, көптеген нақыл, өсиеттер жазылған кітаптың қолжазбасын алып келу осы Бурзоеге тапсырылсакерек.
Түрлі әдіс-айла қолданып, Бурзоенің әлгі кітапқа қолы жетіпті, тіпті оны көшіріп әкеліпті, сөйтіп Иранға келген соң, пехлеви тіліне өзі аударыпты деседі.
Бір кезде араб шапқыншыларының Иран мен Орта Азияда сақталған кітап қорына зор зиянын тигізгені мәлім. Көптеген құнды кітаптар сол қарсаңда отқа өртелді, ал фанатизм шабуылынан аман сақталып қалғандары да талай қырсыққаұүшырады, көзі жойылып құрып кетті.
Ғылым саласынан пехлеви тілін араб тілі ығыстырды. Көркем әдебиетте дари тілі өріс алды, бұл жаңа парсы тілінің бастапқы
1 Бұл ат парсы тілінде осылай айтылады екен, ал аударғанда араб дыбысы сақталып Барзуя болып кеткен. түрі еді. Өте ауыр оқылатын пехлеви жазуы Иран халифатының шеткері аймақтарында, әсіресе ескі дінді берік тұтынушылар арасында біраз уақыт қолданылып жүрді, бірақ ислам дінінің тез тарауына байланысты өрісі барған сайын тарыла берді. Пехлеви тіліндегі қолжазбаларды көшіретін жан табылмады, оның тіпті керегі де болмады. Мұсылмандардың қолына түспей аман қалган, иесіз жатқан қолжазбалар енді мезгілдің тегеурініне түсіп жоқ болды. Сасанилар дәуірінде ұшан-теңіз көп жазылган дүниенің болмашы бір жұқанасы ғана, бізге жеткен сияқты, мұның өзін де, көбінесе, Үндістанға қашып барып паналаған зороастра діндарлары сақтап қалыпты, өйткені діни кітаптар болса керек, ал зороастра діндарлары қазіргі күнде парсылар болып аталып кетті.
Бурзоенің пехлеви тіліне аударғаны да біздің заманымызға жеткен жоқ. Алайда біздің бақ-талайымызға қарай арабтар үстемдік еткен дәуірде өз халқының әдеби мұрасын ардақтаушы адам табылған екен. Ол - осы совет оқырмандарына ұсынылып отырған аударманың түп-нұсқасын жазып қалдырған Иран халқының ескі әдеби мұрасын сүюші Әл-Мүкафтың ұлы Абдулла болатын. Үммия әулеті жіберген, өзінің қаталдығы мен әділетсіз жауыздығы арқылы әйгілі болған Жүсіп ұлы Хожа деген ұлықтық (75-95/695-714) ж. парсы облысындағы салық (харадж) жинаушысы осы Абдулланың әкесі еді. Әлгі ұлығына есеп өткізгенде ол қателесіп кетіп, ауыр жазаға тартылыпты, сонда қолы сыныпты да, шор болып қисық бітіпті, сондықтан оған Әл-Мүкаф (арабша мүгедек) деген атақ, таңылыпты.
Абдулла ер жеткен соң барып мұсылман болған, ал зороастра дінін тұтқан кезде ол Рузбех Дадое баласы болып атанған. Тарихшы Балазури деген кісінің айтуынша Сүлеймен Абдулмәлік ұлының халифалық құрған дәуірінде (96-99/714-718) Абдулла Тигр жағалауындағы Вах Ковад өлкесінде салық жинаушы болып қызмет атқарған. Жас кезінде әкесінің көмегі тиіп ол пехлеви тілін үйренген, ескі қолжазбаларды оқуға қабілеті мол жеткен. Кейінірек заманның талабына сай, араб тілін де жетік білген, тіпті ерекше әдемі жазатын керемет сауатты кісі атанған. Оның қолына Бурзое кітабының қалай түскені бізге мәлім екен, мүмкін, сол кезде пехлевише жазылған кітаптар да аз болмаған шығар, оларды ескілікке әуестенушілер жинап та жүрген болар. Тіпті ислам дінін қабылдағаннан кейін де Абдулланың ұзақ уақытқа дейін бұрынғы зороастралық ежелгі дағдысынанада- күде арыла алмауы да анық. Аббас әулетінен екінші рет халифа болған Мансұрдың туыс ағайы Әли ұлы Иса бір күні мұны қонаққа шақырады, өзі сол Исаның басқаруымен кәлима айтып, бір кезде мұсылман дініне енген болатын. Аббас тұқымының талай шонжарлары бас қосқан осы топқа кіріп,асішугеотырғанкездеАбдуллакүбірлепзороастрадінініңсалтымен дастарқанға дұға оқи бастапты. Сонда Иса отырып: «Ислам дініне көшсең де, әлі күнге сенің парсыша міңгірлеп отыруың қалай?» - деп сұрағанда, Абдулла оған: «Бата қылмаған асты мен жей алмаймын», - деп жауап қайырыпты. Осыған қарамастан Иса оны өзіне хатшы етіп алып, қасынан шығармағанекен.
137/754-55 жылдары Мансұрдың жамағайыны Әли ұлы Абдулла (Исаның туған бауыры) Халифаға қарсы көтеріліс ашты. Хорасанның аты шулы қолбасшысы Әбу Мүсілімді қалың әскермен Мансұр оған қарсы аттандырды. Абдулла (754 жылы декабрь айының орта шенінде) хиджрадан 1 (737 жылы) Насибин маңайында титықтап жеңілді де, қашып құтылуға мәжбүр болды. Ол Басрадағы өзінің туған бауыры Исаға барып паналады. Халифаның атынан сол кезде Басраны өзінің үшінші атасы Сүлеймен билеуші еді, оны Мансұр дос көретін, сондықтан бауыры Абдулланы ол қорғап қалуға кірісті. Атайларының өтінішін Мансұр қабыл алды да, Абдулланың жазығын кешірді. Бірақ оның қолынан сенім хат алмақ болды. Осы сенім хатты жазу Әл-Мүкафұлына тапсырылды. Хат барынша әсерлі де әсем жазылсын деген жарлық түсті. Әл-Мүкафұлы осы жарлықты бұлжытпай орындады, сенім хатқа мынадай шарттарды енгізді: «Егер Мансұр өз атасын алдап, оны аңдаусызда сатып кетсе, онда әйелдері өзінен ажыратылсын, барлық мал-мүлкі құрбандыққа шалынсын, құлдарына бостандық берілсін», - делінді. Бұл сөздер Мансұрдың қытығына тиді, ол енді осыны жазған хатшыға өшікті, бірақсыр бермей, ішінен тынды. Хиджрадан 139 жылдан кейінірек рамазан айында (737 ж. ақпанда) Сүлейменді орнынан алып, Мансұр Басраға ұлық етіп, Муавияұлы Михаллабаса баласы Суфьянды тағайындады. Осы Суфъянға бір кезде Әл-Мүкафұлы зәбірін тигізген еді, сондықтан реті келген мезгілде кегін қайтаруға ол ынтық болатын. 142 (730-60) жылышамасында
1 Хиджра – Мұхаммед пайғамбардың Мекеден Мединеге көшкен күні, мұсылмандардың жыл санауы осыдан басталады, бұл христиан заманасынан 617-622 жылдай кейін. (Ауд.). Әл-Мүкафұлын ол ислам дінінен ауа жайылған дінсіз (манихейшіл) деп айыптады. Халифа бұған елігіп Әл-Мүкафұлын ауыр азапқа салды, өлім жазасына бұйырды. Ең алдымеп қол-аяғын шорт кесіп алып, өзінің көз алдында отқа өртеді, сонсын күл-паршасы шығып сиқы кеткен денесін де өртеп жіберді. Сүлеймен мен Иса аты шулы үлкен ғалымның мынадай жауыздықпен қаза табуына ызаланып, Мансұрға қарсы көтеріліс ашпақ болды, бірақ көп ұзамай Сүлеймен дүние салды да, көтеріліс ұйымдаспай қалды.
Бірақ «Кәлилә мен Димнә» атанып дүние жузіне мәшһүр болған Бурзоенің кітабын араб тіліне аударудың арқсында Әл- Мүкафұлының даңқы да ұзақ ғасырлар бойы адамзат есінде сақталып келеді. Бурзое аудармасына Үндістандағы қандай қолжазбаның негіз болғанын Хорезмнің атақты ғалымы Әл- Бируни білетін еді. Ол өзінің «Үндістан» атты шығармасында: «Ғылымның неше алуан саласы Үндістанда екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамтуга менің әрине, мұршам келмес, бірақ «Панчатантраны» («Бес бәйітті») аударуға өте құмармын, оны бізде «Кәлилә мен Димнә» дen атайды. Бұл кітап үнді тілінен парсы тіліне, ал парсы тілінен араб тіліне, көптеген басқа тілдерге де аударылды, алайда толып жатқан өзгерістер енген екен, сол себепті бұл аудармалар да айтарлықтай сенімді емес. Мысалы, Әл-Мүкафұлы Абдулла осы еңбекті орындағанда оған Бурзое туралы бір тарау қосты. Дін жолына әлі де тиянақтай алмаған солқылдақ жандарды адастырып, манихеизмге бейімдеу үшін ол әдейі осылай істеп еді.Алендібұлтараудысолөзжанынанқосса,ондабасқатарауларында да өзгеріс енгізуі мүмкін ғой!1 - деп жазыпты.
Әл-Бирунидің осы айтқан уайымын біздің тексеруімізге мүмкіндік бар. Бақытымызға қарай Бурзое кітабының тағы бір аудармасы сақталған. Бір кезде Марбин қаласындағы монастырьда ескерусіз жатқан Сирия қолжазбасы Мосуль патриархының кітапханасынан табылды, бұл Бурзое кітабының сириялық аудармасы екен, оны Буд деген молда үстіміздегі заманның 5 70 жылы жазып шығыпты. Бұл қолжазба бұрын екі рет басылып жарық көрді, (1876 және 1911 ж.ж.) оған қарағанда Әл-Мүкафұлының Бурзое кітабына кіріспені өз қолынан жазғаны анық және Бурзоенің кіріспесіне де діннің дүдамалдығы жайында бір тарау қосып, Димнәнің сотталуы жөніндегі әңгімені кіргізуі мәлім. «Сопы мен қонақ» атты тарауды да соның қосуығажап
1 Alberunis India, Editedeby E Sachau London,1887. Р. 76. емес. Әл-Мүкафұлы осы аудармасын араб тілінде жазылған кітаптардың стиль жағынан ең аяулысы етіп шығаруға тырысты. Сондықтан бұл текст көшіріп жазушыларға, әрине, өте ауыр соқты да, негізгі нұсқа үнемі ауытқып түсе берді. Бір кезде араб әдебиетін өте сүйген Әбу-Фарадж Мүхамет Әби Якуб ұлы әл-Варака деген кісі болыпты. Оның лақап аты ан-Надим екен. Міне, сол адамның бір қызгылықты еңбегі біздің заманымызға келіп жетті. 987-88 жылы ол өзіне мәлім кітаптардың тізімін жасапты, оны «Алъфихрист» (каталог, тізім) деп атапты. Осы тізімде «Кәлилә мен Димнә» туралы былай деп жазыпты. «Кәлиләнің он жеті тарауы бар, кейбіреулер он сегіз тарауы бар деседі, ал мен басы артык, екі тарауы бар қолжазбаны да көрдім», - депті. Бұған қарағанда үстіміздегі заманның X ғасырында да «Кәлилә мен Димнә» тарауларының саны түрліше болған тәрізді.
Шығыс әдебиетін зерттеушілер бұл кітаптың негізі Үндістаннан шыққанын анықтайды. «Панчатантраны» («Бес бәйітті - Бас кітапты») осы замананың 300 жылдарында Кашмирде бір брахман жазды деп жобалайды. Онда ши бөрілер: «Каратака мен Даманака болып атаныпты». Пехлеви әлігтесінде «Р» мен «Л» дыбыстарының белгілері біреу болғандықтан, Әл- Мүкафұлы бұл есімдерді пехлеви жазбасынан (онда дауысты дыбыстар таңбаланбайды екен) «Қалилаг пен Дамнаг» деп оқуы да ғажап емес. Үндістандық түпнұсқада бес-ақ тарау бар. Бурзое үш тарауды әйгілі «Махабхарата» дастанының он екінші кітабынан алып енгізген. Соңгы төрт тарау, осы кезге дейін ескі Үнді әдебиетінен кездеспейді, бірақ мазмұнына қарағанда олардың Үндістаннан шыққаны айқын.
Кітаптың арабша нұсқасындағы өсиет, нақыл арқылы берілген арнауы түрліше мысалдармен безеніп, ете әдемі шықты, сондықтан ол өзіне оқушының көңілін жылдам-ақ аударды. XII ғасырдың бас кезінде-ақрабби Иоэль деген біреу бұл кітапты араб тілінен көне еврей тіліне аударады. Ол кісі бір жақсы қолжазбаға man болған сияқты, дегенмен мұның мазмұнында да қосымша әңгімелер кездесіп отырады. Осы көне еврей тілінен 1263 және 1278 жылдар арасында Иоан Капуанский «Direktorum vilde һи mande» («Адам өміріне өсиет») деген атпен оны латын тіліне аударады. Осы латын тіліндегі нұсқасы бірнеше батыс Европа тілдеріндегі аудармаларға негіз болады.
XI ғасырдың аяқ кезінде Симеон Сифұлы «Кәлилә мен Димнәні» араб тілінен грек тіліне еркін аударып, оны «Стефанит пен Ихнилат» деп атайды. Ол қателескен екен, өйткені «Кәлилә» деген сөздің «Иклилъ» («сәукеле») деген сөзбен байланысы бар деп ұққан, ал
«Димнәні» арабтың «диман» («көштің ізі») деген сөзімен шатастырған. Сөйтіп грек аудармасында «Жетіскен жан мен із кескіш» болып аталып кеткен. Грек аудармасы көне славян тіліне аударуға негіз болды. 1762 жылы «Ғылым Академиясының аударушысы» Борис Волков: «Үндістан философыПилъпайдыңсаясижәнеөсиетмысалдары»,-депмұнылатын тілінен аударған еді, бірақ осы кітаптың мазмұнымен Москва Русінің өзінен бұрынырақ таныс екенін олбайқамапты.
«Кәлилә мен Димнәнің» парсы тіліндегі аудармасын 1144 жылы Низамидин Әбу-л-Меали Насураллах жазып шықты, ол мұны Газнави әулетінің ең соңгы патшасы Банрам шахқа арнады, ал бірнеше басқа аудармаларға негіз болған осы аударма еді. Прозамен жазылған шығарманы асқақ әдемі сөздермен безендіру талабы XII ғасырда етек алып жайылды, сондықтан Әбу-л- Меалидің аудармасы ұғымға өте ауыр болды. Ал XVI ғасырда әлгідей асқақ әдемі жазылған мысалдардың өзі де қарапайым күйкі саналды, сөйтіп Ақсақ Темір нәсілінен шыққан сұлтан Хүсейін Байқараның пірі болған Хүсейін Вәиз Кашифи парсы тіліндегі аударманы қайта қарап, оған түрлі поэзиялық мысалдар қосып, бұрынғысынан бетер әдемілеп, әрлендіріп, ауырлата түсті. Бұл өңдеу
«Әнуар-и-Сухейли» («Каноп жұлдызы») 1 атанып, ұлы моғол Әкбәр
(1556-1605ж.ж.)тұсындаөзініңалғашқышыққанмекеніне-Үндістанға қайта оралды, бірақ оны өңдеуші Әкбәрдің, уәзірі Әбу-л-Фазыл әлгі Хүсейн Вәйздің өте асқақтата әдемілеп жіберген жерлерін біраз жонып жөнге келтірді, сонымен оның «Ийари Даниш» («Даналықтың алғашқы тетігі») деген кітабы оқуга біраз жеңілдей түсті. Парсы тілінен бірнеше рет түрікшеге аударылды, олардың ішінен көбірек таралғаны әрі ең тәуір жазылғаны «Хумаюн-нама» («Патша кітабы») болды, бұл XVI ғасырда шықты. Түрікшесінен өзбек тіліне аударған ташкенттік Иса ұлы, Фазылулла еді (бұл 1888 жылы литографпен Ташкентте басылды). Татар тіліне арабша нұсқасынан аударған қазандық Ғабдулғаллам Файзханұлы болды, бұл Қазан баспасында 1889 жылы жарық көрді. Монғол, малай тілдерінде де аудармасыбар.
Бұл кітап бүкіл дүние жүзіндегі мәдениетті халықтарды аралап кетті, Алайда «көшпелі» мағынасы бар кітаптардан
1 Каноп немесе Конопус – Киль деген үркердей бір шоқ жұлдыздың ішіндегі «а» жұлдызы, ол Сүмбіледен кейінгі, ең жарық-жұлдыздың бірі. Шығыста оны бақыт жұлдызы деп есептейді. 148
мұны ажыратуға болады, өйткені қай кезде, ңай жерде қалай жылжығанын толық аңғара аламыз.
«Кәлилә мен Димнәні» араб нұсқасынан Европа тіліне 1816 жылы тұңгыш рет аударған атақты арабист, француз ғалымы Сильвестр де Саси еді. Де Саси бастырған аударма алты түрлі қолжазбаға сүйенді, сонда да толық сарапқа салынып, мінсіз шықты деуге болмайды. Бейрутта сын көтерерліктей нұсқасын А.Н. Таббара бастырып шығарганға дейін, де Саси аудармасы әлденеше рет шығыс елдерінде басылып жүрді. Бірақ ол аудармаға негіз болған қолжазбалар да соңғы кезде дүние көрген (1086-1675) жаңа шығармалар еді, сондықтан бұл да тиянақты аударма бола алмады. Ақырында көрнекті арабист Л. Шейхо 749- 1339 жылдары жазылған ерекше құны бар қолжазбаны Ливан монастырынан тауып алып, осыған сүйене отырып (1905 жылы Бейрутта), әдемілеп жазып шығарды. Бұл 1923 жылы қайта қаралып өңделді.
Осы «Кәлилэ мен Димнәні» араб нұсқасынан аударған, шығыс мәдениетін зерттеуші, дарынды жас жігіт И.П. Кузьмин болды, атақты арабист академик И.Ю.Крачковскийдің, кеңесі бойынша ол өз аудармасына негіз етіп профессор Л.Шейхоның бастырған нұсқасын пайдаланды1. Төтенше кезіккен сәтсіз жагдайға ұшырап, жас ғалым өз аудармасын бітіре алмай ажал қармағына (1922 жылы 8 майда) ілінді. Осы кітаптыц бірінші басылуындағы алғы сөзде И.Ю.Крачковскийдің айтқаны рас еді, И.П.Кузъминнің аудармасы, тіпті бітуге таяп қалған болатын.Аудармашыныңөзінеқиынсоққансөйлемдерғана:түпнұсқаны көшірушінің алғы сөзі, Бахнуд кіріспесінің бас жағы, Әл-Мүкафұлы жазған алты сөз, бірінші тараудың біраз жері және кітаптың соңғы қортындысы ғана аударылып біткен жоқ еді. Аударылмай қалғандарын біздің еліміздегі араб тілі мен әдебиетін барынша терең білетін И.Ю. Крачковскийдің өзі аударды, сөйтіп Шейхоның екінші басылуымен (1923 жылы) сәйкестей отырып, аударманың тарауларын қайта өідеп шықты.
1 «Кәлилә мен Димнәнің» бірінші басылуындағы алғы сөзде И.Ю.Крачковский:
«Арабша нұсқасының мәнін толық беру мақсатымен, аудармашылар тек қана Шейхоның қолжазбасына тұрақтамай, басқа да түрлерінен алып, бірсыпыра бөлімдерін толықтырды. Бұған жататындары Бахнудтың кіріспесі, тағы қосымшадағы екі тарау, мысалы: 1) Көгершін мен түлкі және көкқұтан туралы. 2) Тышқан патшасы мен оның уәзірі туралы еді»
- деп жазды. «Кәлилә мен Димнә» Таяу Шығыстың Орта ғасыр әдебиетінде жиі кездесетін күрделі тақырып, бұл әкімдердің шағым арызға орынсыз сенбеуін, айыптыларды жазалауға олардың тұтқиыл асықпауын ескертеді.
И.Ю. Крачковский айтқандай «Кәлилә мен Димнәдағы» аңдар осы күнгі біздің мысалдарымызда кездесетін белгілі кейіпкерлердің толық бейнесі емес. Бұлардың аттары адамды нұсқап-ақ тұрады, дегенмен, негізінде олар іс атқармайды, - ойланып, толғана береді, онысы өте ұзақ байсалды және барынша өнегелі келеді, ал кітаптың негізгі мақсаты да өнегелі сөздерге тіреледі. Бұл кітап көне заманда «Өмір айнасы» атанған, ал орта ғасырда Германияда «князъ айнасы» («Furstenspiegel») болған кітаптардың қатарына кіреді. Осы кітаптың негізгі сарыны феодалдың қоғамнан нәр алды, сондықтан XVIII ғасырға дейін түрлі халықтар арасында кең өрістеп орын теуіп келді. Ұлы Гете де өзінің даңқты «Рейнек түлкіге» деп аталатын шығармасын «Кәлилә мен Димнәға» еліктеп жазған еді, бірақ сүңқылдатып, өнеге айтып, тақпақтай сөйлеуді оның негізгі арқауы етпеген болатын.
«КәлиләменДимнә», шынында, бүкіл әлемдік әдебиеттің байырғы ескерткіші болып қалады. Орыс оқушыларына мұның көне славян аудармасымен және XVIII ғасырда латын тілінен едәуір өңделіп жасалған орысша аудармасымен де танысуға болады. Алайда пехлевилік нұсқасына жақын араб нұсқасының осы дәлме-дәл аудармасы совет оқырмандарының жеке кітапханасынан өз орнын алуга тиісті.