Сайыстың міндеті



Дата12.03.2018
өлшемі127,07 Kb.
#38631
«Тәуелсіз елдің алғыр өрені» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Білімді оқушы бейнесін қалыптастыру, оқушылар арасынан ерекше ойлайтын, интеллектуалды және рухани – танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. 
Сайыстың міндеті: 
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан қолдау көрсету, көшбасшылық қабілетін дамыту 
Сайысқа қатысушылар: 7-8-9-10-11 сынып оқушылары

 Көрнекіліктері: слайдтар



Жоспары:

I – Ұшқыр ой

II - Бұл кім? Ол не?

III – Тапқыр болсаң, талас жоқ

IV –Ескірмейтін есті сөз

V – Сыр сандық

VI – Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

VII – Қорытынды


Бүгін мектебімізде математика – жаратылыстану пәндер бірлестігінде өтіп жатқан апталықтың екінші күнгі жұмысы «Тәуелсіз елдің алғыр өрені» тақырыбындағы зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Білім сайысында 7-8-9-10-11 сынып оқушыларының білімі мен біліктері сыналады. Сайыстың мақсаты: Білімді оқушы бейнесін қалыптастыру, оқушылар арасынан ерекше ойлайтын, интеллектуалды және рухани – танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. 


Сайыстың міндеті: 
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан қолдау көрсету, көшбасшылық қабілетін дамыту 

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі- демекші алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған тәуелсіздігімізге 24 жыл толмақ.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, егемен еліміздің ғұмыры ұзақ болсын! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» деген Ш.Уәлиханов.

Тәуелсіздік құтты болсын еңселі елім,

Алдыңызға дәл қазір шыққалы тұр.

Мектептегі ең алғыр өрендерің- дей отырып, біліктілік, тапқырлық, ақыл-парасат, өнер, ұшқыр - ой сайысында күш сынасуға келген сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! 

Достық пен бірлікті етіп тұлға


Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып әділқазы
Еңбегін Тапқырлардың әділ сына
Әділ қазы, ақ қағазға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
Жарысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін т.б қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Математика – жаратылыстану әдіс бірлестігінің жетекшісі: Шошанова Алмагүл

Математика пәнінің мұғалімі: Алшағырова Тұрсынгүл

Физика пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова Ботакөз

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға сол алда -деп келесі кезекті «Ұшқыр ой» кезеңіне берейік. 



Бұл кезеңде барлық сайыскерге 30 сұрақ қойылады. Мұнда сіздердің 
ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез жауап бергендеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Ендеше сіздерге сәттілік!

«Ұшқыр ой» бөлімі:

1. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3)

2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

3. дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)

4. бағытталған кесінді (вектор)

5. ¶- дің жуық сан мәні (3,14)

6. Адам тұрақты мекендемейтін құрлық (Антарктида)

7. Су қабығының латынша атауы (гидросфера)

8. Ұлыбританияның астанасы (Лондон)

9. Сырдария өзені қандай шөл даламен ағып өтеді. (Қызылқұм)

10. Демография деген не? (халықтың санын, өсуін, дамуын зертейтін ғылым)

11. Ертіс өзенінің сол жақ саласы (Тобыл)

12. Ішек қуыстылар типінің 1-түрі (гидратәріздестер)

13. Диқаншылық туралы ғылым (агрономия)

14. Дененің қалдырған ізі (траектория)

15. Арақашықтыққа байланысты пайда болатын энергия (потенциялдық)

16. Сүйектерді бұлшық еттерге жалғайды (Сіңірлер)

17.саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (Микология)

18. «Жарық әкелуші» элемент (фосфор)

19. Күн элементі ( Гелий)

20. Құрамы бойынша заттар нешеге бөлінеді ( 2- ге , жай және құрама)

21. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программа: (WinRar)

22. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

23. Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (принтер)

24. белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)

25.Жүгірудің басталатын жерін не деп атайды? (сөре)

26.Волейбол алаңында неше ойыншы орналасады? (12)

27.Кері итеруші күш қалай аталады? (Архимед)

28.Ток күшінің өлшем бірлігі не? (Ампер)

29.Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)

30.Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвенция)



Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізер сіздей өрендер ғылымның биік шыңына – деп келесі бөліміміз «Бұл кім? Ол не?» деп аталады.

Осы бөлімнен кейін ұпай саны аз 5 оқушымен қоштасамыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Тапқыр болсаң талас жоқ» бөліміне көшейік. Бұл бөлімде логикалық сұрақтар, жұмбақтар жасырылады. Барлығы 20 сұрақ, жылдам, нақты жауап берулеріңіз сұралады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала-шаға ұсағын

Бауырына қысады (магнит)


  1. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (Температура)


  1. Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар? (Киіз үй)

  1. Шеке жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды (Циркуль)

5. Жүз төрт түйме

Он бір ине (Есеп шот)


  1. Құстан ұшқыр, тездігі оқтан бетер

Бес жүз жылқы аспанға оқтай жетер

Ақылменен ойланып қарасаңыз

Жылдамдыққа нәрсе жоқ одан өтер (Көз)


  1. Атадан он баламыз

Бір бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз, азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз, көбейіпте аламыз (Цифр)

8. Тай қазаным күні бойы қайнайды

Ортаймайды сарқылып та қалмайды (Көл)

9. Қара таудың басында киік кетіп барады

Қол-аяғы бауырына тиіп кетіп барады (Тұман)

10. Қандай өзен А-дан Я-ға дейін ағады? (Амудария)

11. Жаңа шәйнекпен қақ тұрып қалған шәйнектің қайсысында су тез қайнайды? Неге?

12. Екі қайыңда он бұтақ бар? Әр бұтақта 4 алмадан барлығы қанша алма бар? (қайыңда алма болмайды)

13. Әр сабақтың ортасында не бар? (Үзіліс)

14. Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер ол қандай сан (8)

15. Үстелде 3 стақан сүт тұр. Болат 1 стақан сүтті ішіп қойды үстелде неше стақан қалды? (3 стақан)

16. Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр олардың әрқайсысына қарсы үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

17. 11 минутта неше секунд бар? (660)

18. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама)

19. Қандай фронтта шайқасуға болмайды? (Атмосфералық фронд)

20. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)

Тарихқа көз жіберсең білер едің,

Білген сайын келеді біле бергің.

Пейілі кең даладай бұл қазағым
әрдайым құрмет тұтқан тіл өнерін - деп келесі бөліміміз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады


  1. Бас бармақ пен сұқ саусақ  аралығындағы өлшем (қарыс)

  2. Ортан саусақтың ұшы қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық. (сүйем)

  3. «Жұр» деген не?

Жұрға ауды ма көңілің,

Жұр қай жаққа апарар?

Тартылған көлдің орынын

Жұр-дейді екен бабалар?



  1. «Шарқы»_ дегеніміз не? ( Бір заттың мөлшері, көлемі шамасы)

  2. «Шаңқай» деген не?

Пысынатар келгенде

Шаңқайда ернің кезерген


күн көп түсер жерлерді
Шаңқай депті ежелден

  1. «Рабат» деген не?

Рабат гүлге мекен бай

Рабатты білген ел көптен

Абатты сәнді мекен жай,

Гүлдеткен бағбан еңбекпен



  1. Саратан, зауза, дәндіқұс

Үркелі айдың бәрі қыс

Сұрақ: Саратан, зауза, қай айлар? (мамыр, маусым)



  1. хауыс, кәрі құртаңды тауыс

( ертеден күзеуден қыстаққа көшкенше қысқа жарамайтын кәрі малдарды азайтқан) Хауыс қай ай? (қараша)

  1. Үт жақсы болса құт, жаман болса жұт қай ай? (Ақпан)

  2. Құмыра деген не?

Бұл сөзді ұғып ал

Сұрап біл де атадан

Құсты көгершін тұқымдас

Құмыра ДЕП АТАҒАН

Жарайсыздар, міне әрбір қазақ сөзі қасиетті, қадірлі, мағыналы екен. Ендеше осындай ескірмейтін есті сөздері бар, таусылмайтын бұлағы бар, егеменді елі бар қазақ халқы қашанда бақытты емес пе?!

Осы бөлімнің ұпай санын есептей отырып ұпай саны аз 5 оқушымен қоштасамыз.

Түсеміз біз білімнің жарысына

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа

Сайыскердің талабы таудай болар

Аямас тиіп кетсең намысына. Келесі бөліміміз «Сыр сандық» бөлімінде білім сынауға шақырамыз. Бұл бөлімде ұяшықтарда сұрақтар беріледі.

Математика: 10 Екі теріс санның көбейтіндісі (теріс сан)

20. модуль латын тілінен аударғанда қазақша қандай мағынаны береді (мөлшер)



30. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см ауданы мен периметрін есепте? (24 см2 және 20 см)

Физика: 10 Жарық жылдамдығы неге тең? (3*108 м/с)

20. Суға көлемдері бірдей конус пен цилиндр батырылған. Конус тқбесі мен цилиндрдің жоғары бетінің бірдей деңгейде екендігі экранда кодоскоп көмегімен көрсетіледі. Осыларға әсер етуші кері итеруші күштер қандай? ()

30. Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде Шығайбайдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдаркөсе әңгіме айтып көп отырып қалады. Бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді: «Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін, мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. »

Сонда көп білетін Алдар көсе былай дейді: Жоқ қателесесіз одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс

Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?

География: 10. Еуропадағы қай мемлекеттің екі аты бар? (Голландия- Нидерланды)

20. «Қызыл кітапқа» енген Грейг қызғалдағы қай қорықтың эмблемасы болып табылады? ( Ақсу жабағылы)

30. Ел аузындағы елеулі аңызға қарағанда ерте кезде көлдің орнында кең жазық болыпты. Бұл жерде алуан түрлі жасыл шөптер өскен екен. Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты байланған қазық суырылған орнынан су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау бауырайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген «марқа» қозылары су астында қалыпты. Осы оқиғадан кейін көл пайда болыпты. Пайда болған көлдің атауын атаңыз: (Марқакөл)

Дене шынықтыру және спорт: 10. «Футбол» сөзінің қазақша мағынасы

(аяқ доп)

20. Тоғызқұмалақ ойынында тұздық қай отаулардан алынбайды

(9- отау және аттас отаулар)

30. Қазақ күресінен 2015 жылы «Қазақ барысы» атағын жеңіп алған палуан кім? (Бейбіт Ыстыбаев)

Информатика: 10. Пернетақтада F1 – ден F12 – ге дейінгі пернелер қалай аталады (функциялық )

20. Модельдедуің негізгі кезеңдері: (есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау)

30. Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерді атаңдар ( Ms Dos, Windows )

Биология: 10. Жұқпалы аурулардан химиялық заттардың әсерінен, оттектің жетіспеушілігінен тез зақымдалатын өте нәзік жасушалар (нейрондар)

20. Қол сүйектерін атап бер (тоқпан жілік, кәрі жілік, қолбасы сүйектер, білек, саусақ, алақан)

30. Бұлшық еттің қажуын және жұмыс істеу дәрежесіне жиырылу ырғағы мен түсетін күш әсерін кім зерттеді? (И.М.Сеченов)

Химия: 10. Кір содасы (NA2CO3- көмір қышқыл натрий сульфаты, немесе натрий карбонаты)

20. Таңбасы Аурум (Au) таң шапағы деген сөздерден алынған бұл қай элемент (Алтын)

30. Химиялық реакцилардың неше түрі бар? (4 айырылу, қосылу, орынбасу,алмасу)

Осы бөлім бойынша ұпай саны аз 3 ойыншымызбен қоштасамыз.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі. бұл бөлімде әр оқушыға 10сұрақтан қойылады жедел жауап берулеріңіз қажет.

1- сайыскерге.


1. Астана қаласының символы (бәйтерек)

2. ҚР туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

3. Төрешінің құралдары. (секундомер, ысқырғыш)

4. Оттегінің үш атомынан құралған молекула (озон газы)

5. Ядроның құрамы (протон нейтрон)

6. Температураны өлшейтін құрал (термометр)

7. Қайсы аралдың атына Ұлы сөзі қосылып айтылады? (Ұлыбритания)

8. 141 көпір қамалмен жасалған қала (Венеция)

9. Пифагор теромасын Тұжырымда (Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)

10. Азиядағы ең таза мемлекет (Сингапур)

11. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

12. Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталған, циклдік)

13. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера) 

14. Дененің кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)

15. екі немесе одан да көп бөлгіші бар сан (құрама сан)
2- сайыскерге:

1.Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)

2. Елтаңбаның авторлары (Шот-Аман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков)

3. Азиядағы өз ұлтымен аталатын елдер? (Қазақстан, Үндістан)

4. Ток күші қандай шама векторлық па, әлде скаляр ма? (скаляр)

5. Санау жүйелері нешеге бөлінеді (позициялық позициялық емес)

6. Әрі теңіз, әрі түбек, әрі мемлекет, әрі шөлдің аты (Сауд - Арабиясы)

7. Химия өнеркәсібі жақсы дамыған ел (германия)

8. Әртүрлы заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы (диффузия)

9. Батыс Еуропа қаржы орталықтары (Лондон, Цюрих)

10 Воейков белдеуі қай ендік бойынша өтеді (50гр солтүстік ендік)

11.Азиядағы өз ұлтымен аталатын елдер? (Қазақстан, Үндістан)

12. Планиметрия нені зерттейді? (жазықтықта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зертейді)

13. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны (Квадрат түбір)

14.Сілті дегеніміз (суда еритін негіздерді сілті деп атайды)

15. алманың жартысы неге ұқсайды (өзіне)

Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

Қорытындылау. Сайыс нәтижесінде 11 –сынып оқушысы Жайлықанұлы Жандәулет «Тәуелсіз елдің алғыр өрені» атағын жеңіп алды. 7-сынып оқушысы Шабай Әділет сайыста білімділігімен, тапқырлығымен белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын !







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет