Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата31.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#166969
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

 
кинематикалық тұтқырлық.
 
Стокс заңы.
Дене сұйық iшiнде қозғалғанда туындайтын құбылыстарды 
қарастырайық. Дене тұтқыр ортада қозғалғанда кедергi пайда болады, оның екi 
түрлi себебi бар. Дене аққыш пiшiндi және жылдамдығы аз болып, құйын пайда 
болмайтын жағдайда кедергi күшi тек сұйық тұтқыр болған себептен 
туындайды. Қатты денеге тiкелей жанасатын сұйық қабаты оның бетiне 
жабысады да, толығымен сол денеге iлеседi, ал одан кейiнгi қабат денеге iлесе 
шағын жылдамдықпен қозғалады. Сӛйтiп, сұйық қабаттарының арасында 
үйкелiс күшi пайда болады. Бұл жағдайда Стокс тұжырымдаған заң бойынша 
кедергi күшi жылдамдыққа, тұтқырлық коэффициентiне және дененiң 
сызықтық ӛлшемдерiне тура пропорционал болады. Егер тұтқыр сұйық iшiнде 
шар тәрiздес қатты дене қоғалады десек, онда Стокс заңы бойынша кедергi 
күшi мынаған тең болады: 


41 

мұндағы: - сұйықтың тұтқырлық коэффициентi, - шардың радиусы, - 
оны» қозғалыс жылдамдығы. 
Жоғарыдағы формула бойынша шардың тұтқыр сұйық iшiнде бiрқалыпты 
қозғалып тӛмен түсу жылдамдығын табуға болады. Ауыр шар тұтқыр сұйық 
iшiнде тек бастапқы мезетте ғана үдей қозғалып тӛмен түседi (сурет).
Оның түсу жылдамдығы ұлғайған сайын 
кедергi күшi де артып, шарға әсер 
етушi ауырлық күшiн теңгере бастайды. Күштер бiрiн-бiрi теңгерген кезде
шар тұрақты жылдамдықпен бiрқалыпты қозғалып тӛмен түседi, сонда
жылдамдығы жоғарыдағы формулаға сәйкес келесі теңдiктен табылады: 
немесе 

Сұйық iшiндегi шарға әсер ететiн 
күшi Архимед заңы бойынша 
айырымына тең, мұндағы 
- шардың салмағы, 
- Архимед күшi, 
ол шардың кӛлемiндегi сұйықтың салмағына тең, сонда

мұндағы - шар тығыздығы, - сұйық тығыздығы. Сонда



42 
Бұдан шардың жылдамдығы: 

Осы формулаға қарағанда тұтқыр сұйық iшiнде шардың тӛмен түсу 
жылдамдығы оның 
радиусының квадратына тура пропорционал. Шар 
неғұрлым кiшкене болса, берiлген сұйық iшiнде ол соғұрлым жай қозғалып 
тӛмендейдi. Сонымен қатар, Стокс формуласы тек шардың сұйық iшiнде тӛмен 
түсуiне ғана емес, кiшкене шардың газ iшiнде тӛмен түсуiне де қолданылады
бұл жағдайда газды тұтқыр сұйық тәрiздес деп қарастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет