Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет4/70
Дата31.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#166969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

1.1
 
Кинематика 
 
Кинематикадеп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу
себебін қарастырмайтын физиканың бӛлімі. Механикалық қозғалыс деп уақыт 
ӛзгерісінде кеңістікте дененің басқа денелерге қатысты орын ауыстыруын 
айтамыз. Механикалық қозғалыс-салыстырмалы. Бір дененің әр түрлі денелерге 
қатысты қозғалысы әр түрлі болады. Дененің қозғалысын сипаттау үшін, 
қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет. Бұл денені 
санақ денесі деп атайды. Санақ денесі және уақыт-санақ жүйесін құрап, ол 
қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік 
береді.Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ұзындықтың бірлігі ретінде 
метр, ал уақыттың бірлігі ретінде -секунд қабылданған. 
Дененiң таңдап алынған санақ жүйесiндегi жасайтын үздiксiз сызығын 
траектория
деп атайды. Траекториясына байланысты қозғалыс түзу сызықты 
және қисық сызықты болып екіге бӛлiнедi. 
Дененiң траектория бойымен жүрiп ӛткен ара қашықтығын
 жол
деп 
атайды. 



Дененiң бастапқы және соңғы орындарын қосатын векторды 
орын ауыстыру
деп атайды. 
Кеңiстiк - материямен байланысты және шексiз, шетсiз. 
Кеңiстiктiң 
негiзгi қасиеттерi:
объективтi бар болуы, материямен бiртұтастығы, шексiздiгi, 
ұзындығы, үш ӛлшемдiлiгi (барлық физикалық объектiлердiң ұзындығы, енi 
және биiктiгi болады). 
Дене қозғалады, яғни ӛз орнын тек кеңiстiкте ӛзгертiп қана қоймай, уақыт 
бойынша да ӛзгертедi. 
Уақыттың негiзгi қасиеттерi:
объективтi бар болуы, үздiксiздiгi, бiр 
қалыптылығы, бiр ырғақтылығы (уақыт тек алға ӛткеннен болашаққа қарай 
жылжиды). 
Уақыт материямен, қозғалыспен және кеңiстiкпен тығыз байланысты. 
Санақ жүйесi
деп - санақ денесiмен байланысқан координаттар жүйесiн 
және уақытты айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет