Диэлектриктің поляризациясы Сыртқы электр ӛрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың қайта
таралып орналасуы диэлектриктің поляризациясы деп аталады.
Диэлектриктің поляризациясын сандық сипаттау үшін поляризация
векторы енгізілген. Бірлік кӛлемдегі дипольдік моменттердің қосындысын
поляризация векторы деп атайды. Ӛлшем бірлігі
,
106
Изотропты полярсыз диэлектриктер үшін поляризация векторы сыртқы
электр ӛрісінің кернеулігіне тура пропорционал.
,
мұндағы:
- диэлектриктің алғырлығы.
Диэлектриктің алғырлығы диэлектриктің тегіне және температурасына
тәуелді болады.
Диэлектриктің молекуласының құрылысына байланысты поляризация
үшке бӛлінеді:
1. Бағыттық поляризация
2. Иондық поляризация
3. Электрондық поляризация
Бағыттық поляризация полярлы диэлектриктерде байқалады. Полярлы
диэлектриктің молекулалары сыртқы электр ӛрісіне енгізілгенде электрлік
моменттері сыртқы электр ӛрісімен бағыттас болатындай түрде орналасады.
Электрондық поляризация – полярсыз диэлектриктерде байқалады, яғни
сыртқы электр ӛрісіне енгізгенде полярсыз диэлектриктердегі оң және теріс
зарядтар бір-біріне қатысты ығысады.
Иондық поляризация – иондық кристалдарда байқалады.
Полярлы диэлектриктің поляризациясы абсолют температураға тәуелді:
мұндағы:
-диэлектриктің кішкене
кӛлеміндегі барлық
молекулалардың дипольдік моменттерінің орташа мәні.
Әлсіздеу ӛрістерде диэлектриктердің алғырлығының температураға
тәуелділігі:
.
107
Бұл формула Дебай-Ланжевен формуласы деп аталады.
Полярлы диэлектриктің поляризация векторы байланысқан зарядтардың
беттік тығыздығына тең болады.
Диэлектриктердегі электр ӛрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы Сыртқы электр ӛрісіне орналасқан ӛткізгіш бетінде теңеспеген оң және
теріс зарядтар болады. Бұл зарядтарды байланысқан зарядтар деп атайды.
Диэлектриктің ішіндегі электр ӛрісі үшін суперпозиция принципі бойынша
қорытқы электр ӛрісі сыртқы электр ӛрісі мен байланысқан зарядтар тудыратын
электр ӛрісінің векторлық қосындысына тең болады.
,
мұндағы:
- сыртқы электр ӛрісі,
-байланысқан зарядтар тудыратын
электр ӛрісі.
Жоғарыдағы айтылғанды ескерсек диэлектриктегі электр ӛрісі үшін
Остроградский-Гаусс теоремасы келесі түрде жазылады:
108
.
Байланысқан зарядтардың шамасы
.
Сонда
немесе
мұндағы:
- электрлік ығысу және индукция векторы деп
аталады, ӛлшем бірлігі
.
Электрлік ығысу векторы – заттардағы электр ӛрісін сипаттайды.
Диэлектриктердегі электр ӛрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы
.
Диэлектриктегі тұйық бет арқылы ӛтетін ығысу векторының ағыны осы
бет қамтитын еркін зарядқа тең болады.
Поляризация векторы
тең екенін ескерсек
мұндағы: - ӛлшем бірліксіз шама ортаның диэлектрлік ӛтімділігі деп
аталады.
Ортаның диэлектриктік ӛтімділігі электр ӛрісі вакуумнен диэлектрикке
ӛткенде қанша есе кемитінін кӛрсетеді.
мұндағы:
- вакуумдегі электр ӛрісі, - заттың ішіндегі электр ӛрісі.
Электр ӛрісі вакуумнан диэлектрикке ӛткенде есе азаяды.
Сол себепті ортадағы электр ӛрісін сипаттайтын шамалар вакуумдегіге
қарағанда есе кіші болады. Мысалы: Кулондық күш және нүктелік зарядтың
109
тудыратын электр ӛрісінің кернеулігі мен потенциалы келесі формулалармен
анықталады: