Салауатты өмір салтының негіздері
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Бала тәрбиесі алдымен отбасынан басталады деп есептеймін, оған қоса біз балаға рухани тәрбие және стихиялық тәрбие береміз. Отбасы тәрбиесі ол ата-анасы. туыстары, отбасындағы дәстүрлер. Рухани тәрбие – ол балабақшадан басталады, мектеп, ақпараттық құралдар. Стихиялық тәрбие - адамдармен қарым-қатынасы, қоршаған орта, жұ мыс орны.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Салауатты өмір салтының негіздері қандай?
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу,т.б
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды.Осы денсаулығымызды сақтап,салауатты өмір салтын ұстану үшін мына шараларды қолдану қажет:
Қимыл белсенділігі: Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Дұрыс тамақтану: Тұзды,майлы,тәтті тағамдарды қабылдауды шектеу қажет,ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс. Зиянды әдеттерден алшақ болу: Ішімдіктен,темекі шегуден, есірткі және улы заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Организмді шынықтыру: Организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Аурулардың алдын алу: Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау керек Мектеп жасындағы баланың салауатты өмір салтын ұстануында ата-ананың рөлі басым. Әр ата-ана өз баласының уақытын зая өткізбеуін жіті қадағалап, күнделікті күн тәртібін дұрыс ұйымдастырғаны жөн. Ендеше салауатты өмір салтын ұстанудағы ең бірінші алдыға қойылатын іс – күн тәртібі. Күн тәртібі дұрыс жолға қойылған оқушы кішкентай күнінен бастап, уақытын тиімді қолдануға, өз өмірі үшін пайдалы істермен ғана айналысуды әдетке айналдырады. Жоғарыдағы аталған ақпараттарды әр адам зейін қойып , барынша сол шараларды орындаса ғана дені сау болмақ. Әрбір салауатты адам – қоғамның маңызды бір бөлшегі. Салауатты өмір салтын ұстанайық !!!
Достарыңызбен бөлісу: |