қоздырғыштың жетекші беріліс жолдары тұрмыстық, ауа-шаңдық болып табылады және жасанды беріліс жолдары да (демалыс аспаптары, катетерлер, эндоскоптар, т.б. құрал-саймандар арқылы) болуы мүмкін;
емдеу қиын, өйткені қоздырғыштар антибиотиктерге R-плазмидалармен негізделген төзімділікке ие болады.
Қауіп қатер факторлары:
жас балалар және қарттар;
қарқынды емдеу және реанимация бөлімінде болу және осы бөлімдерде жағдайы ауыр науқастардың көп болуы, оларға инвазивті тексеру әдістерін қолдану;
операциялық іс-әрекеттер;
пациенттің иммундық жағдайының өзгеруіне әкеліп соғатын химиялық препараттармен және антибиотиктермен, гормондармен белсенді емдеу.