Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет107/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   626
134-бап. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті органның жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салықтық міндеттеменің туындауы жөніндегі түсіндірмесі алдын ала түсіндірме болып табылады.

      Уәкілетті орган:

      деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің;

      инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша алдын ала түсіндірме береді.

      2. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті органға жазбаша нысанда береді және онда мынадай мәліметтер:

      1) салық төлеушiнің (салық агентінің) сұрау салуға қол қойған күнi;

      2) салық төлеушiнің деректемелері;

      3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      4) мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде жоспарланып отырған мәміле (операция) бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;

      5) салық төлеушінің (салық агентінің) жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша ұстанымы;

      6) қоса берілетін құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс.

      3. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуда осындай түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

      4. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға заңды тұлғаның басшысы немесе осындай заңды тұлға басшысының міндеттері жүктелген адам (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қояды.

      5. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды уәкілетті органға жіберген күннен бастап уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені берген күнге дейінгі кезеңде осындай сұрау салуды кері қайтаруды жүргізуге құқылы.

      7. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қараудан, осындай сұрау салу осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бас тартуға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет