Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні



бет341/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   626
401-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:

      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні;

      2) осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күні.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін түзетілген болып табылмайтын шот-фактуралар есепке алынады.

      Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып беру күні көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактураны жазып беру күні болып танылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 – 6-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

      2. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:

      1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.

      3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:

      1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;

      2) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.

      4. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.

      5. Қосымша шот-фактура бойынша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.

      6. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясын, жүйелік көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет